Басты бет / Жаңалықтар / Тереңге тартар корей толқынында
Тереңге тартар корей толқынында

Просмотров: 493

 Жақында университетімізде толеранттық тәрбие бағытында Корея орталығымен бірлесе "Korean day" іс-шарасы  өтті.  Осы іс-шара екі бөлімнен құрылды. Бірінші бөлімде кореялық және қазақ тілінде ән шырқалып,  би биленді. Мотивациялық дәріс оқылып,  Оңтүстік Корея мемлекеті туралы бейнероликтер көрсетілді. Ал екінші бөлімінде  халық кореялық ойындар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға  тәттілер мен  сыйлықтар берілді. Студенттер екі бөлімге де белсенді қатысып,  келген қонақтарымызға алғысын білдірді.

Кореяның әуені, бейнелеу өнері, әдебиет, би, сәулет, киім және тағамдарды қоса алғанда, жанданған мәдени мұрасы дәстүр мен заманауилықтың керемет үйлесімін білдіреді. Оңтүстік Корея өзінің баға жетпес мәдени мұрасын мұқият сақтайды, олардың көпшілігі болашақ ұрпақ үшін сақтау үшін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.