Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ студенттері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті
ҚазАТЗУ студенттері Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Просмотров: 1088

Бүгін C.Cейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Назаров Ардақ Құттықожаұлы мен Амантайұлы Жарқынбек, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік Ұлттық жаттықтырушысы Қонысбаев Жандос Абумуталифұлы студенттермен «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында  кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастардың білім алу құштарлығын ояту, отбасылық құндылықтары және ұлттық тәрбие, ата-ананың қадірін бағалай білу, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілік көрсету, қазіргі қоғамдағы алаяқтық, ойынқұмарлық пен ішімдік, электронды темекі сияқты жат қылықтардан бойды аулақ ұстау, парасаттылық пен адалдыққа жету, бос уақытты тиімді пайдалану туралы жан-жақты кеңес берілді. Студенттер үлкен әсер алып, тағы да мұндай тәлімгерлігі мол кездесуді ұйымдастыруды сұрады. 

Кездесу соңында келген қонақтарымыз бен іс-шара ұйымдастырушысы «ЖАС ЛИДЕР» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қожабек Ернар Қайсарұлына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі - студенттік істер жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы Құсайынова Жайнагүл Айтмағанбетқызы басшылық атынан алғысын білдірді.