Просмотров: 1213
Өткен жұмада С.Сейфулин атындағы ҚазАТЗУ-да «Қыз сыны-2025» байқауы өтті. Қазақ халқы қашанда ұлын нарға, қызын арға балап, ізеттілігін келіннен тауып, көңілінің дархандығын қазақтың кең даласымен өлшеген. «Қызың өссе – елді көркі» деп қызға ерекше құрмет көрсеткен.
Бұл байқаудың мақсаты қыз балаға тәрбие берер салт-дәстүрімізді жаңғырту, биязы қылық, өрелі өнер, инабаттылығын дәріптеу. Тал бойында міні жоқ, ашылмаған сыры көп, алма мойын, қиғаш қас әсем де сұлу аруларымыз сахна төріне шығып, байқаудың шарттарымен танысқан соң, «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» - ұлттық киім үлгісін көрсету, сахнада өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне және берілген уақытта өзін-өзі таныстыруына мән беретін, «Өнерге әркімнің бар таласы» - өнерпаздық деңгейін бағалау, ән айту, би билеу, мәнерлеп өлең оқи білетіндіктерін көрсетті. «Бұрымды қыз» - шаш өру сайысында бұрымды қыздардың шашын уақытпен өрумен сыналды.
Әрине, қай қайсысы болмасын, өзіндік өрнегі жарасқан, ана сүтімен, әке қанымен дарыны бойға тарап, өнерлерін жарқ еткізген жарық жұлдыз секілді танылған аруларымыздың барлығы да бас бәйгеге лайық.
Алайда, жүзден жүйрік шығады демекші, жеңімпазды анықтау барысында, қазылар алқасының шешімімен 1 орынды – жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті, 2 орынды – экономикалық факультеті, 3-ші орынды – техникалық факультеттің арулары иеленді.
Осылайша, «Қыз сыны 2025» сайысы өз мәресіне жетті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.