Басты бет / Жаңалықтар / Университетімізде студент-жастар арасында Белбеу күресінен ҚР чемпионаты өтті
Университетімізде студент-жастар арасында Белбеу күресінен ҚР чемпионаты өтті

Просмотров: 1226

2024 жылдың 19 қазаны күні  университетімізде студент- жастар арасында Белбеу күресінен ҚР чемпионаты өтті. Чемпионатқа 14 облыстан  120 қатысушы сынға түсті.

Ашылу салтанатында Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент директоры Б.Т.Байсағатов, белбеу күресінен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысыС.О. Қалиев және әр өңірдің  жатттықтырушылары  қатысты.

“Осынау белбеу күресінің қазіргі қарқыны бізді қуантып жатыр. Қазіргі уақытта бұл спорт түріне көптеген жастар қызығып, ақырындап қатысуда. Белбеу күресі алдағы уақытта да өзін көрсетіп, әлемдік деңгейде кең қанат жайуына кемел сенеміз. Барша спорт сүйер қауым жұдырықтай жұмылып осы спорттың дамуына барынша қолдау көрсетеді. Белбеу күресі ежелгі спорт түрінің бірі болып есептеледі”,- дейді жарысқа қатысушы спортшы.

Чемпионатты қорытындылай келе, командалық есепте 1орынды-Түркістан облысы, 2 орынды- Шымкент қаласы, 3 орынды- Қызылорда облысы иеленді.