Басты бет / Жаңалықтар / ҚазАТЗУ-да Студенттер күні аясында брейн-ринг өтті
ҚазАТЗУ-да Студенттер күні аясында брейн-ринг өтті

Просмотров: 2007

Жуырда Сейфуллин университетінде Студенттер күні аясында «Парасаттылық пен адалдық – адам мәдениетінің көрсеткіші» тақырыбында факультетаралық интеллектуалдық брейн-ринг ойыны өтті.

Топтардың құрамында 1 курс студенттері мен "Саналы ұрпақ" ұйымының мүшелері болды.

Қазылар алқасының құрамында Басқарма мүшесі - Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова, гуманитарлық факультеті «Философия» кафедрасының доценті С.Б. Құрманова болды.

Қатысушылар "Алтын белгі" иегерлер қауымдастығы мен Мәдени-бұқаралық жұмыстар департаменті дайындаған Қазақстан тарихы, құқық және философия саласындағы сұрақтарға жауап берді. 

Ойынның жүргізушісі ЖРБСД факультетінің студенті Альман Диляра және техникалық бөлімге жауапты Сұлтанова Амина болды. 

Жиналған ұпайлар бойынша "Унесенные ветром" ОШЖТжҚО факультетінің 1 курс құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды "New VET" ВжМШТ факультетінің 1 курс командасы иеленсе, ал үшінші орын "Муза Конфуза" агрономия факультетінің 1 курс командасына бұйырды. 

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!