Басты бет / Жаңалықтар / Университетте «Әуелеген әнім, күмбірлеген күйім, мың бұралған биім» шығармашылық байқауы өтті
Университетте «Әуелеген әнім, күмбірлеген күйім, мың бұралған биім» шығармашылық байқауы өтті

Просмотров: 1352

18 қараша күні сағат 18.00-де университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында «Әуелеген әнім, күмбірлеген күйім, мың бұралған биім» атты ерекше шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, студенттердің талантын таныту және мәдени мұраға құрмет көрсету.

Байқау төрт номинация бойынша өтті:

  • Ұлттық би
  • Ұлттық аспапта ойнау
  • Вокал
  • Дәстүрлі ән

Әділ қазылар алқасының шешімімен 1-орынға №5 жатақхана студенттері лайық деп танылды. Ал 2-орынды №7 жатақхана, 3-орынды №8 жатақхана студенттері иеленді. Барлық жеңімпаздар демеушілер атынан қаржылай сыйақы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл байқау жастардың ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттырып, өнерге деген құлшыныстарын жаңа деңгейге көтерді.