Басты бет / Жаңалықтар / Университеттегі кезекті түсіндіру жұмыстары
Университеттегі кезекті түсіндіру жұмыстары

Просмотров: 1576

      Мәдени-бұқаралық  жұмыс  жөніндегі  департаменттің  "Құқықбұзушылықтың  алдын  алу" бойынша  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізгендігі  туралы  ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.  

       С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің  студенттері үшін 2023 жылдың 16 қазаны мен 12 желтоқсаны аралығында құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарын Басқарма мүшесі - Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент қызметкерлері және тәрбие ісі жөніндегі декандардың орынбасарлары өткізіді.

        Бүгінгі таңда, қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа жол бермеу болып отыр. Құқық бұзушылықтың алдын алудың бірден-бір жолы-студенттердің сабақтан тыс бос уақытында қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру болып табылады.  Түсіндіру жұмыстарына жалпы 8 факультет бойынша 9946 студент қамтылды.  Оның 6813 қазақ бөлімі, 3133 орыс бөлімі  студенттері.