Басты бет / Жаңалықтар / Университетте ұлы Абайдың идеялары негізіндегі «Толық адам» орталығы ашылды
Университетте ұлы Абайдың идеялары негізіндегі «Толық адам» орталығы ашылды

Просмотров: 1770

30 қаңтарда белгілі қазақ жазушысы, драматург, «Абай және XXI ғасыр» халықаралық клубының президенті Роллан Сейсенбаевтың университетке сапары аясында гуманитарлық факультеттің философия кафедрасы базасында «Толық адам» кабинеті ашылды. Негізгі мақсаты – Абай Құнанбаевтың «Толық адам» концепциясын насихаттау. Бұл тұжырымдама адамзат болмысына арналған философиялық көзқарасты білдіреді және әділеттілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты жоғары адами қасиеттерді дамытуға бағытталған.

Жаңа орталық қызметкерлер мен студенттердің жеке тұлғалық дамуына, олардың танымдық және адами қасиеттерін арттыруға арналған іс-шараларды ұйымдастыратын болады.

«Біздің мақсатымыз – «Толық адам» ілімінің қазіргі ғылым мен білімдегі рөлін зерттеу, философиялық, этикалық және педагогикалық идеяларды меңгеруге жағдай жасау, студенттерімізге жақсы, адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасуға көмектесу," – деп бөлісті орталық өкілдері.

Роллан Сейсенбаев жаңа құрылымның маңыздылығын жоғары бағалап, Абай идеяларының жаһандану дәуірінде бұрынғыдан да өзекті екенін атап өтті.

Кабинетте ұлы қазақ философының еңбектері, мультимедиалық құралдар, көрнекі және интерактивті материалдар қойылған. Мұнда Абай шығармашылығы мен оның «Толық адам» концепциясына арналған дәрістер, пікірталастар, поэтикалық оқулар, абайтанушы ғалымдармен кездесулер өтетін болады.