Басты бет / Жаңалықтар / Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді
Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің 1-курс студенттеріне «Ар-намыс» кодексін түсіндіру жұмысы жүргізілді

Просмотров: 1512

   1-7 қазаның аралығында университеттің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің мамандары Ветеринария және мал шаруашылығы факультеттің 1-курс студенттеріне «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» студентінің Ар-намыс кодексін түсіндіру жұмысын жүргізді. Түсіндіру жұмыстарына факультеттің 1-курсының 13 қазақ тобы-284 студент,  5 орыс тобы- 113 студент тартылды.

     Білім алушылары Ар-намыс кодексінің университет аумағында және басқа да қоғамдық орындарда күші бар екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен міндеттері және ішкі нормативтік-құқықтық ережелері туралы ақпараттар берілді.

    Түсіндіру жұмыстарын Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, Мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Г.Е.Байдалина мен департаменттің аға менеджері Т.З.Канафин өткізді.  Кездесулерде факультет деканы Ө.С.Акибеков, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары С.П. Сейденова, факультет оқытушылары: Б.Ж. Айткожина, Г.А. Абулгазимова, А.Ж. Абенова, А.А. Бакбергенова, С.М. Імбай, С.М. Жумагазиева, К.Ж. Омаров қатысты.