Басты бет / Жаңалықтар / Парасаттылық сағаты: Түсіндірме жұмыстары жалғасуда
Парасаттылық сағаты: Түсіндірме жұмыстары жалғасуда

Просмотров: 1990

Жаңа оқу жылының басталуына орай 2024 жылдың 19 қыркүйегінде университеттің үлкен залында «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің 1-курс студенттерімен кезекті кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – студенттердің универистет қабырғасында өткізіп отырған алғашқы апталарының өту барысы мен онда туындаған мәселелерді қарастыру және сұрақ-жауап алмасу.

Кездесуге Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Ж.С.Жүргенов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы Қ.А.Токушев, ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы О.С.Акибеков, университеттің теолог маманы Е.Зайтхан, тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры А.О.Ағымбай, спорт клубының төрағасы Д.К.Сәтбаев, мәдени бұқаралық жұмыстар бойынша департамент директорының орынбасары Г.Е.Байдалина және «Astana Clinic» емханасының мамандары қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы қатысушыларды осы қызметтің міндеттерімен таныстыра отырып, жастарды парасаттылық, әділдік, адалдық қағидаларын сақтауға және Университеттегі әр-түрлі қоғамдық үйірмелерге, спорттық секцияларға белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар аталған шарада студенттерге оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу, цифрлық білім беру бейне контентін құру, контингентті қалыптастыру және білім алушыларды қабылдау, оқу білім процесі бойынша консультациялық сипаттағы қызметтерді ұсыну жөніндегі мәліметтер берілді. Білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету, медициналық пункттердің жұмысын ұйымдастыру, мәдени-бұқаралық жұмыстар, ғылыми  жұмыстар жөніндегі іс-шаралары туралы ақпараттар ұсынылды. Осы орайда студенттердің салауатты өмір салтына ынталандыруын, жан–жақты дамуын қамтасыз ету, олардың денсаулығын дене тәрбиесі және спорт құралдары арқылы нығайту мен сақтау тәрізді мәселелері де аталып өтті. Кездесу соңында студенттер қойған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.