Просмотров: 1395
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 17 сәуірінде «Антикор» студенттік ұйымының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» акциясы аясында парасаттылық сағатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушевпен кездесу өтті.
Қ.А. Токушев Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық – бұл қоғам мен мемлекеттік құрылымның негізін бұзатын, өмірдің барлық салаларына зиян келтіретін зұлымдық екенін айта келе сыбайлас жемқорлықтың себептерін, жемқорлыққа қарсы шаралардың ұтымды үйлесімін, жастардың қатысуын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершіліктерге жеке-жеке тоқталды.
Кездесу барысында тек мемлекеттің және қоғамның өзара үйлесімді әрекеттесуі сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға мүмкіндік беретіндігін түсіндірді.
Еркін пікір алмасу форматындағы кездесуде студенттер белсенділік танытып, көкейдегі сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Спикер парасаттылық пен әділеттілік – кез келген мамандық иесі үшін басты қағида болуға тиіс екенін атап өтті.
Кездесу соңында Қ.А. Токушев жастарға алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды әрі қарай жандандыру керектігін жеткізді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.