Басты бет / Жаңалықтар / «Заң мен тәртіп: құқықтық сауаттандыру»
«Заң мен тәртіп: құқықтық сауаттандыру»

Просмотров: 575

Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді орындау мақсатында бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Гендельман атындағы залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында өткен кездесуге Қазақсан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысы Ә.Қ.Оспанов келді.

Кездесуді ашқан С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі, тәрбие жұмыстары бойынша проректоры Ж.А.Құсайынова ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Превенция басқарма басшысы Ә.Қ.Оспановты таныстырды. Өз кезегінде бүгінгі кездесудің мән, маңызына тоқталған Әсет Қанышұлы әріптесі, Қазақсан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің маңызды істер жөніндегі офицері Гүлназ Сағындықоваға берді. Г.Сағындықова кездесуге жиналған Сейфуллин университетінің студенттері, оқытушы-профессорлық құрамы мен университет басшылығының назарына ҚР  жемқорлыққа қарсы саясаты туралы презентациясы мен бейнеролигін ұсынды.  

Іс-шараның негізгі мақсаты – университет ұжымы мен студенттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру.

Кездесу барысында Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Комплеанс қызметінің басшысы Қ.А.Токушев сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет атқарған жұмыстарға шолу жасап, осы кезге дейінгі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдама» бойынша жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу барысында университет көлемінде жүзеге асырылған іс-шаралар туралы кеңінен баяндады.

Қ.А.Токушевтің есебін тыңдаған Әсет Қанышұлы Сейфуллин университетінде жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар жұмыстың жүріп жатқанына ризашылығын білдіріп, өзінің оң бағасын берді.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.