Просмотров: 69
2026 жылғы 14 қыркүйекте Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына қарасты С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге Астана қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Марат Өмірбаев, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция майоры Айбол Каменов және Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Жазира Жазықбаева қатысты.
Іс-шара барысында полиция өкілдері студенттерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіп, жеке қауіпсіздік және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз орта құрудың маңыздылығына назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер құқық қорғау органдарының өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.