Басты бет / Жаңалықтар / Заң және тәртіп: құқықтық сауаттандыру
Заң және тәртіп: құқықтық сауаттандыру

Просмотров: 1605

2025 жылдың 22 мамыр күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамына және факультет қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын түсіндірді.

Кездесу барысында соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген  өзгерістер мен қосымшалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері, олардың қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктері туралы таныстырылды.

Сонымен қатар, кездесу соңында спикер қатысушылардың қойған сұрақтарына толық жауап берді.