Просмотров: 1072
2024 жылдың 8-9 қазан аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 1-курс студенттері арасында дәстүрлі факультетаралық «Жаңа толқын -2024» фестивалі өтті.
Фестиваль екі кезеңнен 6 номинация бойынша өтті: вокал, көркемсөз, үздік жүргізушілер, ұлттық және заманауи би, бейнероликтер байқауы.
Қатысушыларды қазылар алқасы бағалады:университетіміздің аппарат басшысы Жазира Мейірханқызы Жазықбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының қызметкері, Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Айгерім Жұмағұлова, «Жастар театрының» актері Сүндет Сәрсен, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамбілінің солисі, «Жас сарбаз» және «Tengri» би студияларының жетекшісі Ержан Сансызбайұлы Құдайбергеновтер төрелік етті.
«Жаңа толқын-2024» фестивалінің қорытындысы бойынша: Гран при- Агрономия факультеті; 1-орынды экономика факультеті, 2-орынды ОШЖТҚО факультеті, 3-орынды Техникалық факультеті иеленді.
Номинациялар бойынша:
«Көрермен көзайымы» — КЖжКББ,
«Алғыр жастар» — ЖРБСД,
«Дарынды жастар» - ВжМШТ;
«Белсенді жастар» - Энергетикалық факультеті.
Фестиваль жеңімпаздары бас демеуші – «Агрофирма «Родина» ЖШС-нің бас директоры И.А.Сауэрдің қолдауымен ақшалай
Гран при-100 000 тенге;
1-орын – 70 000 тенге;
2-орын – 50 000 тенге;
3-орын – 30 000теңге
Ынталандыру – 10 000тенге сертификаттармен марапатталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.