Басты бет / Жаңалықтар / Жаңару күні құтты болсын!
Жаңару күні құтты болсын!

Просмотров: 275

Наурыз - көктем, береке және жаңару мерекесі

Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда.

«Наурыз жаңарудың, тазарудың бастамасы. Осы орайда, университет «Жаңару» күнінде сенбілік өткізді.

Сенбілік өткізу үшін аумақты тазалау бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, территорияға жауапты тұлғалар көрсетілген учаскеге бекітілді. Сенбілікке жұмысқа шығар алдында қауіпсіздік техникасы бойынша тиісті нұсқаулық өткізілді.

Қажетті құрал-жабдықтар берілген соң, ұстаздар мен студенттер университет аумағын жинастырып, қар күреп, тәртіпке келтірді. Университет аумағы бірнеше сағат ішінде көптеп реттестірілді.

Біздің университетте  «Жаңару» күніндегі сенбілік - бұл тек қана аумақты тазалау және абаттандыру іс-шарасы ғана емес, бұл ұжымды ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік болды.