Басты бет / Жаңалықтар / Жартыжылдық жұмыстың есептері тыңдалды
Жартыжылдық жұмыстың есептері тыңдалды

Просмотров: 1071

2024 жылдың 16-25 қаңтары аралығында университеттің барлық факультеттері бойынша ғылыми үйірмелердің жетекшілері, Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департамент, Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент қызметкерлері мен университеттің барлық факультеттері декандарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректоры Ж.А. Құсайынованың қатысуымен өткен жиналысында бірінші жартыжылдықта орындалған іс-шараларға байланысты есептерін берді.

Өткен іс-шаралардың орындалуын толығымен талқылап, алдағы болатын тәрбие-әлеуметтік, мәдени-шығармашылық, салауатты өмір салты бағыттарына, студенттер арасында лудоманияның, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың алдын алу, қаржылық сауаттылық, С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған университеттік, қалалық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға байланысты тиісті тапсырмалар мен нұсқаулықтар берілді.

Жиында департаменттің 23 қызметкері және 9 декан орынбасары өз ұсыныстарымен бөлісті.