Басты бет / Жаңалықтар / «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының ерекше қажеттілігі бар балалары ҚАТЗУ-ға қонаққа келді
«Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының ерекше қажеттілігі бар балалары ҚАТЗУ-ға қонаққа келді

Просмотров: 84

11 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында, «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының Ерекше қажеттілігі бар балаларының қатысуымен Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті университетіміздің студенттері және қызметкерлеріне арнайы мотивациялық кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге келген қонақтарды «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығының директоры, бокстан спорт шебері Садық Байымбетов, қазақ күресінен спорт шебері, жаттықтырушы Бахтияр Майқаранов, жаттықтырушы Дияс Алпысбаев пен волонтер Меруерт Ескермес бастап келді. Келген қонақтар ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар: Каратэден әлем чемпионы Халид Рустамов, IT саласында қызмет істейтін Тілеужан Абденов, бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы, әнші Ерхан Бектаев, қол күресінен облыстық чемпион Эрвин Курьенко және блогер –спортшы Әмір Байғазин болды. Орталық директоры Садық Байымбетов келген қонақтардың спорттағы және өнердегі жетістіктері туралы жан-жақты баяндап, балалардың алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында келген қонақтар өз өнерлерін көрсетіп көпшіліктің құрметіне бөленді.

Кездесу соңында, Мәдени-бұқаралық департамент қызметкері Т.З Қанафин мен Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова келген қонақтарға ризашылықтарын білдіріп, рақмет айтты.