Басты бет / Жаңалықтар / "Форум жастар көзімен"
"Форум жастар көзімен"

Просмотров: 1368

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ базасында өткен Республикалық "Жастар көзқарасындағы болашақ" форумында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген студенттер қоғам дамуының негізгі мәселелері мен перспективалары туралы өз әсерлерімен және пікірлерімен бөлісті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, әділетті қоғам құрудағы жастардың рөлі және әлеуметтік маңызды бастамаларға белсенді қатысу сияқты маңызды тақырыптарды талқылады.

Әмірова Ұлжалғас:

Астана медицина университетінің жалпы медицина факультетінің 4 курс студентімін. Бүгінгі Форум керемет өтті. ЖОО барлық жастар ұйымдары мен еріктілер осында бас қосты. Бүгінгі алған әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Осындай Форумды өткізген Сейфуллин университетіне рахмет айтамын.

Форум жастарға өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, ел үшін жақсы болашақты қалыптастыру үшін идеялар ұсынуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға болды.