Басты бет / Жаңалықтар / «Жастар көзқарасындағы болашақ» атты Республикалық форум өтті
«Жастар көзқарасындағы болашақ» атты Республикалық форум өтті

Просмотров: 1456

    Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымы ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында еліміздің ЖОО  студенттерінің қатысуымен «Жастар көзқарасындағы болашақ» атты республикалық форум ұйымдастырды. Форумға Астана қаласындағы ЖОО студенттерімен қатар М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университетінің студенттері қатысты. Форумның мақсаты ЖОО студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың бойында қоғамға қызмет ету мінезін қалыптастыру және жемқорлықсыз қоғамды насихаттап, студент – жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Жастар алдында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Жемқорлқыққа қарсы күрес комплеанс қызметінің басшысы Қ.Токушев сөз сөйледі.

    Форумға университеттердің «Саналы ұрпақ» ұйымдарының мүшелері мен Жастар ісі жөніндегі комитеттерінің белсенділері қатысты. Форумға келген «Саналы ұрпақ» ұйымдарының белсенділері «Жастар көзқарасындағы болашақ» тақырыбы аясында әділетті қоғам құрудың маңыздылығы мен әділетті қоғам құрудағы жастардың атқаратын рөлі мен жауапкершіліктеріне және белсенді болуларына жан-жақты тоқтала келіп, өз ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, Жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері «Жастар көзқарасындағы болашақ» тақырыбы аясында, студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділіктері мен оның құрылымдары туралы айта келіп, осы бағыттағы жеткен жетістіктерімен бөлісті.  

    Форумда белсенділік танытқан спикерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды және форумға қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.