Басты бет / Жаңалықтар / Жастар турнирі өтті
Жастар турнирі өтті

Просмотров: 793

            «Тұрақты болашақты қалыптастырудағы жастардың рөлі: қиындықтар мен перспективалар» атты пікір сайыс турнирі өтті.

Жуырда «MANGILIK» дебат клубының ұйымдастыруымен «Тұрақты болашақ қалыптастырудағы жастардың рөлі: қиындықтар мен перспективалар» тақырыбында қалалық турнир өтті. Турнирдің басты мақсаттарының бірі, жастар бойындағы сыни ойлау мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болды.
         Дебат Британдық Парламенттік форматта, орыс тілінде өтті.Әр командамен жеке-жеке кездесулер өтіп, жеңімпаздар финалдық кездесуде бақтарын сынады. Турнирге қала университеттерінен 24 команда қатысты. Төрешілер шешімі бойынша «PARASAT» командасы жеңіске жетіп, Гуляренко Павел «Үздік жас спикер» атағын жеңіп алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!