Просмотров: 972
Жуырда «Есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Экономика факультетінде «Еңбек Адамын» насихаттау мақсатында «Акцияларды табысты орналастыру – бұл компанияның өркендеуінің кепілі» атты тақырыбында 3 курс студенттеріне «Қазатомөнеркәсіп ҰК» АҚ-ы Корпоративтік қаржы департаментінің директоры Жунусова Асемгүл Серікбайқызы мен департаменттің бас эксперті Сагитова Наталья Юрьевна проблемалық дәріс жүргізді.
А.С.Жунусова Университетіміздің экономика факультетіндегі «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын 1999 жылы тәмәмдаған түлегі, компанияның бухгалтері қызметінен бастап, департаменттің директоры лауазымына дейін өскен қаржы саласында 25 жылдық еңбек өтілі бар жоғары білікті маман.
А.С.Жунусова мен Н.С.Сагитова дәрісте «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның тұңғыш рет қор биржасында қарапайым акцияларын айналымға шығару тәжірибесін қарастырды, IPO кезіндегі атқарылған жұмыстарымен бөлісті. Экономика факультетінің студенттеріне қазіргі таңда тәжірибеде болашақ мамандарға қажетті білімдер мен дағдылар маңызын атап өтті. Студенттер тақырып аясында «Қазатомөнеркәсіп ҰК» АҚ-ның стратегиясы туралы, нақты тәжірибеде қор биржасынан қарапайым акцияларды сатып алу жолдары, дивиденд саясаты жөнінде сұрақтар қойып, жоғары білікті мамандардан жауап алды. Бұл жастардың қаржылық сауатын жоғарылатуға септігін тигізген пайдалы кездесу болды.
А.С.Жунусова мен Н.С.Сагитова студенттермен баға жетпес тәжірибесімен бөлісуге келгені үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің әкімшілігі алғысын білдіреді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.