Просмотров: 835
Жақында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуге сыбайлас жемқоролыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев, Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Р.Д. Абишева, студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры Қ.Қ. Дәуренбеков қатысты.
Сыбайлас жемқоролыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және Корпоративтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде Университет қызметкерлеріне кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын алуға тоқталды. Қоғамның айнасы саналатын Университет қызметкерлері өз әрекетімен басқаларға үлгі болулары керектігін. Сондай-ақ, әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсете білуі тиіс екендігін атап өтті. Университет қызметкерлеріне Корпоративтік әдеп нормаларының басты міндеттерінің бірі-қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының дұрыс болуы екендігіне баса назар аударды.
Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Р.Д. Абишева адалдықты сақтай отырып, өз міндеттеріне шынайы көзқараспен қарау, халықтың сұраныстарын толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатты назар аудару керектігін ескерте отырп кездесуді қортындылады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.