Просмотров: 1347
14 қарашада Техникалық факультеттің «Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» және «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті.
Кездесуге сыбайлас жемқоролыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев, аппарат басшысы Ж.М. Жазықбаева, академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Ж.С. Жүргенов, әкімшілік департаменті директорының орынбасары Г.К. Джупаева және техникалық факультеттің деканы Е.С. Ахметов қатысты.
Кадрлық жұмыстың мән-жайын анықтау бойынша С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Басқарама басшысы – Ректордың бұйрығымен құрылған жұмыс тобының жұмысымен таныстырды.
Жұмыс тобының мүшелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, еңбек міндеттерін мүлтіксіз орындау, өзара адамгершіліктің талаптарын сақтауға, оқу процесі кезідне студенттердің білімін әділ бағалауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және Корпоративтік әдеп нормаларын бұзушылықтарды болдырмауға, әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа алуға, кәсіби деңгейде қызмет көрсетуге шақырды.
Сондайақ, Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, өз жұмыс орындарын үнемі таза ұстауға ұсыныстар айтылды.
Кездесу барысында қатысушылардың қойыған сұрақтарына жауаптар берілді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.