Басты бет / Жаңалықтар / «Адал азамат – мемлекеттің тірегі» форумы өтті
«Адал азамат – мемлекеттің тірегі» форумы өтті

Просмотров: 969

Университетімізде 22 мамыр күні «Адал азамат – мемлекеттің тірегі» атты ауқымды форум өтті. Форумға қоғам қайраткерлері, белгілі тұлғалар, кәсіпкерлер және түлектеріміз белсене қатысты. Атап айтсақ:

  • Мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтын қалам» әдеби жүлдесінің иегері Әлпейісов Әміржан Қайырұлы;

 

  • Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, публицист, Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері -Сәдібек Түгел;

 

  • ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты, бүгінде Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры - Әбсеметов Марат Оралбайұлы;

 

  • Түлектер клубының төрағасы, «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының» директоры - Майер Александр Викторович;

 

  • Жамбыл облысы қалалық Мәслихатының депутаты, Продюсер, Abai_live, Smart_qazaq, Qasqa_jol, YouTube каналдардың авторы - Айхожаев Ұлан Сейсенұлы;

 

  • Ақын, PR-эксперт, Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты “Геральдикалық зерттеулер орталығының” бөлім басшысы - Ажар Ерболған.

 

Салтанатты шараны құттықтау сөзбен Басқарма төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА академігі Қ.М.Тіреуов ашып берді.

Бүгінде университетімізде:

  • 7 студенттік ұйым: «Студенттік Парламент», Студенттік омбудсмен, KazATZU Альянс ұйымы, «Көмек еріктілер» ұйымы, «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы, «Парасат» студенттік кәсіподақ ұйымы, «Медиаторлар» ұйымы, «Sanaly urpaq» ұйымы;
  • 5 шығармашылық үйірмелері: «Ақжелкен» студенттік театры, «Шаттық» би ансамблі, «Шабыт» ұлт-аспаптар, «Назқоңыр» вокал үйірмесі, «Сейфуллин» КВН құрамасы;

 

  • 44 клубтар және ғылыми үйірмелер: «KazATZU Media» клубы, «SU youtube channel» клубы, VINTEO «Бейне өңдеу және анимациялар» клубы, «Шырақ» интеллектуалды пікір-сайыс клубы, «Mangilik» пікір-сайыс клубы, «Алтын белгі» иегерлері қауымдастығы, «Көшбасшы» танымдық клубы, «Positive» психологиялық клубы, «Arrow crew» клубы, «Шебер қолөнершілер» клубы, «Сымбат» қыздар клубы, «Art KazATZU» клубы, «Kazatzu киберспорт»  клубы, «Ұтқырлық» клубы, «Имидж» қыздар клубы, «Имидж» ұлдар клубы, «Цифровая энергетика», «Робототехника и автоматизация», «Сапа», «Маслодел», «Студенческая служба безопасности», «Кружок качества»; «Механизатор», «Механико-математическое моделирование», «Бизнес және құқық», «Жас бухгалтер», «Демографиялық процестерді басқару», «Стратегиялық маркетинг», «Қаржыгерлер мектебі», «Моделирование синергетических систем», «Жоғары математика», «Жас зерттеуші», «Руханият», «Атамекен», «Достық», «Лаборатория демографического будущего», «Мәңгілік ел», «Мирас», «Ағылшын тілі» клубы, «Неміс тілі» клубы, «Француз тілі» клубы, «Фито дәрігер», «Өсімдікті биологиялық қорғау», «Құнарлылық», «Өсімдіктанушы», «Орманшы», «АСБК», «Ихтиология», «Саятшы», «СНК», «Зодчий», «Землеустройство», «Осеменатор», «Акушер», «Фармаколог», «Мал шаруашылығы технологиясы», «Патология», «Студенческий контроль», «Жас физиолог», «Қызықты зоология»;

 

  • 5 студенттік кеңес: Студенттік кеңес № 2А, Студенттік кеңес № 5, Студенттік кеңес № 6, Студенттік кеңес № 7, Студенттік кеңес № 8;

 

  • 17 спорт секциялары: «Волейбол», «Жеңіл атлетика», «Шаңғы» спорты, «Баскетбол», «Қол күресі», «Шағын футбол», «Тоғызқұмалақ», «Шахмат», «Қазақ күресі», «Белбеу күресі», «Әйелдер күресі», «Үстел теннисі», «Бокс», «Асық ату» спорты, «Грек-рим күресі», «Шағын футбол» (студенттік лига).

 

Ең белсенді әрі креативті, еңбекқор студенттік ұйымдарды, клубтарды және жыл белсенділері 31 номинациямен 220 студент марапатталды. Басқарма төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА академігі Қ.М. Тіреуовтен және жоғарыда көрсетілген қоғам қайреткерлері мен қызметкерлері білім алушыларға өз марапаттарын табыстады.

«Үздік студенттік ұйым» номинациясымен «Жастар рухы Жастар қанаты» ұйымы;

«Жыл жанашыры» номинациясымен «Көмек еріктілері» ұйымы; «Шабыт» ұлт аспаптар ансамблі; «Шаттық» би ансамблі; «Назқоңыр» вокал үйірмесі; «SEIFULLIN» квн командасы;

«Үздік ұйымдастырушы» номинациясымен «Студенттік Парламент» ұйымы;

«Жыл  үздігі-2024» номинациясымен «Ақжелкен» студенттік театры;

«Үздік креатив клуб» номинациясымен «Arrow crew» клубы;

«Үздік студенттік кеңес» номинациясымен № 5 жатақхана;

«Үздік медиа клубы» номинациясымен «KazATZU Media» клубы;

«Үздік жоба» номинациясымен «Шебер қолөнершілер» клубы;

«Өнегелі өрендер» номинациясымен «Саналы ұрпақ» ұйымы;

«Жыл жаңалығы» номинациясымен Студенттік Омбудсмен Асқар Мадина;

«Жыл студенті-2024» номинациясымен Құралбек Рамазан;

«Үздік Жастар ісі жөніндегі комитет» номинациясымен ОШ ҚО ж ЖТ факультеті;

«Үздік дипломаттар» номинациясымен «Mangilik» клубы;

«Үздік пікір-сайыс ұйымдастырушы» номинациясымен «Шырақ» пікір-сайыс клубы;

«Үздік PODCAST» номинациясымен «SU YouTube channel» клубы;

«Үздік зияткер» номинациясымен «Алтын белгі» қауымдастығы;

«Үздік арт-дизайнер» номинациясымен Садуақасов Еламан;

«Үздік медиатор» номинациясымен Маркова Дарья;

«Үздік спортшы» номинациясымен Техникалық факультетінің 2- курс студенті  Серік Арсен;

«Үздік лига ұйымдастырушы» номинациясымен 7 жатақхана студенттік кеңесі;

«Үздік волейбол командасы» номинациясымен «Қыздар ҚазАТЗУ» құрамасы;

«Үздік футзал лигасының чемпиондары» номинациясымен «Фаворит» командасы;

 

«Жыл белсендісі» номинациясымен:

  • Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті;
  • Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті;
  • ВжМШТ факультеті;
  • Экономикалық  факультеті;
  • Энергетикалық факультеті;
  • Агрономиялық факультеті;
  • Техникалық факультетінің жастар ісі жөніндегі комитеті

және 60-тан аса студент марапатталды.

 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «Менің бауырым» республикалық еріктілер  жобасы ұйымдастырылған болатын. Осы жобаға үлкен үлес қосып белсенді қатысқаны үшін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенкулов атынан алғыс хатпен біздің студенттер  және жауапты тұлғалар марапатталды.

 

«Жылдың үздік қомқоршылары» номинациясымен «ВжМШТ 22-02» тобы марапатталды. «Қайырымдылық марафоны» аясында аталған академиялық топ көптеген қайырымдылық іс шараларын ұйымдастырып, белсенділік көрсеткен. Осы топтың тәлімгері де назардан тыс қалмады: «Үздік куратор» номинациясымен Абулгазимова Гульмира Алибаевна марапатталды.

Жыл бойы еңбектеніп, жетістікке жеткен ұйым, клубтарға қаржылай сыйақылар табысталды.  Бас демеушілерді атап өтсек, «Астана қаласының №7 автопарк» ЖШС директоры Трубей Григорий Григорьевич, Жамбыл облысы қалалық мәслихат депутаты, Abai_live, Smart_qazaq, Qasqa_jol, YouTube каналдардың авторы, жас кәсіпкер Айхожаев Ұлан Сейсенұлы, «КазСинтезАстана» Жауакершілігі шектеулі серіктестік директоры- Кусаинов Мадияр Ерғазыұлы.

Қатысқан тұлғалар өздерінің тілектерін айтып, студент-жастарды құттықтады.