Басты бет / 2025 жылы "6В09102-Тағам қауіпсіздігі" білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадаға арналған тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмалар тізімі
2025 жылы "6В09102-Тағам қауіпсіздігі" білім беру бағдарламалары тобы бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадаға арналған тест сұрақтары мен ситуациялық тапсырмалар тізімі

тестілерді жүктеп алу                            ситуациялық тапсырмаларды жүктеп алу 

1. Ет дегеніміз не? 

2. Ірі қара мал етінің жетілу уақыты қанша? 

3. Ірі қара мал мен жылқыларды өңдеу желісінде қанша бақылау нүктесі бар? 

4. Асколи реакциясы – бұл: 

5. Аусыл кезінде ветеринариялық-санитариялық баға беру: 

6. Уланған және агония жағдайында амалсыздан сойылған жануарлардың еті: 

7. Шошқаларды өңдеу желісінде қанша бақылау нүктесі бар? 

8. Қойларды өңдеу желісінде қанша бақылау нүктесі бар? 

9. Бұлшықет ұлпасындағы су мөлшері (пайызбен): 

10. Сойылғаннан кейінгі етте жүретін үрдістер қандай фазаларға бөлінеді? 

11. Бұлшықет ұлпасының қалыңдығындағы салқындатылған еттің температурасы қандай болуы керек? 

12. Етті зерттеудің міндетті әдістері қай құжатта көрсетілген? 

13. Сойылатын жас малдар жасы мен тірі салмағына байланысты қанша класқа бөлінеді? 

14. Аусыл ауруына қарсы егілген жануарларды қанша уақыт ішінде союға жіберуге болмайды? 

15. Сібір жарасына қарсы егілген жануарларды қанша уақыт ішінде союға жіберуге болмайды? 

16. Құтырық ауруына қарсы егілген жануарларды қанша уақыт ішінде союға жіберуге болмайды? 

17. Балық, балық қалдықтары немесе балық ұны берілген жануарларды қанша уақыт ішінде союға жіберуге болмайды?  

18. Етке таңба басу тәртібі қай құжатта көрсетілген? 

19. Жас мал етіне қандай жастағы торайлардың ұшалары жатады? 

20. Сау жануарлардың етіне тән рН мөлшері қанша? 

21. Амалсыздан сойылған жануарлардың етіне ветеринариялық-санитариялық сараптама қалай жүргізіледі?  

22. Ірі қара мал мен жылқының қаңқа құрылысындағы ерекшеліктері қандай? 

23. Жылқы мен ірі қара малда қабырғалар саны қанша? 

24. Қансыздану дәрежесінің неше түрі бар? 

25. Трихинеллез кезінде етке ветеринариялық-санитариялық бағалау (ВСБ) қалай жүргізіледі? 

26. Қойларда сегізкөз омыртқалар саны қанша? 

27. Цистицеркоз кезінде етті залалсыздандыру әдістері қандай?  

28. Қандай жануарларға сойылар алдында түгелдей термометрия жүргізіледі? 

29. Финналардың ағзадағы орналасатын орны: 

30. Екі дарақты вагонға ІҚМ-дың қанша басын тасымалдауға болады? 

31. "Забеловка" дегеніміз не? 

32. Малдарды сойылар алдындағы ең ұзақ уақыт ұстау мерзімі қанша? 

33. Бруцеллез қоздырғышы етте мұздатылған күйде өміршеңдігін қанша уақыт сақтайды? 

34. Бруцеллез қоздырғышы тұздалған етте өміршеңдігін қанша уақыт сақтайды? 

35. Аусыл кезінде ветеринариялық-санитариялық баға (ВСБ) қалай беріледі?

36. Сойылған малдардың лимфа түйіндерінің саны: 

37. Еттің балаусалығын терең қабаттардан алынған жағынды-іздердің бактериоскопиялық нәтижелері бойынша бағалау: 

38. Қандай етті «салқындатылған ет» деп атайды? 

39. Еттің жетілуінің негізгі фазалары: 

40. Беткейлік қабаттардан алынған сынаманың бактериоскопиясынан кейін еттің балаусалығын бағалау: 

 41. Еттің балаусалығының қандай дәрежелері ажыратылады? 

42. Қансыздану дәрежелері қандай? 

43. Қандай жануарлар трихинеллезбен ауырады? 

44. Трихинеллалардың ағзадағы орналасу орны: 

45. Қоян ұшасын мысық ұшасынан қалай ажыратуға болады? 

46. Өкпе аймағындағы лимфа түйіндерін атаңыз:

47. Жылқы майының еру температурасы қандай? 

48. Иттің сегізкөз омыртқаларының саны қанша? 

49. Қай жануар түріне келесі сипаттама тән: кеуде омыртқаларының қылқан тәрізді өсінділері алға бағытталған және бір-біріне жақын орналасқан, үстіңгі бөлігі домалақтау, омыртқалар саны – 18 (17–19)? 

50. Қойда сегізкөз омыртқаларының саны қанша? 

51. Ит еті мен қой етін бір-бірінен ажырататын негізгі сүйектер: 

52. Ит майының еру температурасы қандай? 

53. Трихинелла капсуласын неден ажыратады (дифференциациялайды)?  

54. Еттегі ҰМҚ мөлшері:

55. Ірі қара малда қабырға саны қанша жұп болады?  

56. Жылқының бүйректерінің құрылысы қандай формада болады? 

57. Шошқа майының еру температурасы қандай? 

58. Қанатасты лимфа түйінінің латынша атауы қандай? 

59. Күкірт қышқылды мыспен реакция нені анықтайды? 

60. Ірі қара малдың бүйректерінің құрылысы қандай формада болады? 

61. Ұшадан ет сынамалары қай жерлерден алынады? 

62. Ірі қара малдың майының еру температурасы қандай? 

63. Tenicollis цистицеркозы кезінде етке ветеринариялық-санитариялық баға (ВСБ) қалай беріледі? 

64. Финналарды мұздатудан кейін олардың тіршілікке қабілеттілігін қалай анықтайды? 

65. Гипостаз дегеніміз не? 

66. Қандай ет "дефростирленген" деп аталады?

67. Еттен сынама алу кезіндегі зертханалық үлгінің көлемі қанша? 

68. Ит пен қой етін ажырататын негізгі сүйектер: 

69. Иттің жауырын сүйегі қойдікінен несімен ерекшеленеді? 

70. Қандай ет "жіліншектенген" (жилованное) деп аталады? 

71. Еттің ағарған түсі нені білдіруі мүмкін? 

72. Қатты мұздатылмаған ет:

73. Қай аурулармен ауырған немесе күдік бар жануарларды союға жіберуге тыйым салынады? 

74. Жануарлар келесі аурулардан өлген жағдайда олардың өлексесін өртеу міндетті: 

75. Ірі қара малда лимфа түйіндерінің саны қанша? 

76. Төменгі жақасты лимфа түйіндері:

77. Құлақ маңы лимфа түйіндері: 

78. Ортаңғы жұтқыншақ арты лимфа түйіндері: 

79. Бүйрек лимфа түйіндері: 

80. Мойынның беткі (жақжауырын алдындағы) лимфа түйіндері: 

81. Қанат асты (жауырын асты) лимфа түйіндері: 

82. Ит майының еру температурасы: 

83. Қой майының еру температурасы: 

84. Сүттегі ақуыз мөлшерін анықтау әдістері: 

85. Сапалы (кондициялық) сиыр сүтінің тығыздығы мен қышқылдығы: 

86. Ешкі сүтінің тығыздығы: 

87. Сүттің негізгі консерванттары: 

88. Сүттегі афлатоксиннің рұқсат етілген шекті мөлшері (ЖШК), мг/л: 

89. Сүттің механикалық ластануын және тығыздығын қандай аспаптармен анықтайды? 

90. ҚМСҚ (құрғақ майсыз сүт қалдығы) дегеніміз не? 

91.  Орташа сүт сынамасы қаншаға тең? 

92. Сүттің сұрыптау санаттары: 

93. Сүтке жүргізілетін міндетті зерттеулерге не жатады? 

94. Табиғи сиыр сүтінің тығыздығы қанша г/см³ тең? 

95. Табиғи сиыр сүтінің тығыздығы Ареометр бойынша (°А) қаншаға тең? 

96. ТР ТС 033/2013 «Сүт пен сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес, сиыр сүтінің майлылығы қандай болуы керек? 

97. ТР ТС 033/2013 бойынша ешкі сүтінің майлылығы қандай болуы керек? 

98. ТР ТС 033/2013 бойынша бие сүтінің майлылығы қандай болуы керек? 

99. ТР ТС 033/2013 бойынша қой сүтінің майлылығы қандай болуы керек? 

100. Жоғарғы сортты сүттің қышқылдығы қаншаға тең? 

101. Бірінші сортты сүттің қышқылдығы қаншаға тең? 

102. Сүт құятын ыдыстарды немен өңдейді? 

103. Сүттің құрамында крахмал бар-жоғын немен анықтайды? 

104. Жоғарғы сортты сүттегі 1 см³ (г) ішіндегі соматикалық жасушалар мөлшері, ең көбі: 

105. Бірінші сортты сүттегі 1 см³ (г) ішіндегі соматикалық жасушалар мөлшері, ең көбі: 

106. Екінші сортты сүттегі 1 см³ (г) құрамындағы соматикалық жасушалар мөлшері, ең көбі: 

107. Сүттегі казеин мөлшері қанша? 

108. Сүттегі сарысулық ақуыздар мөлшері қанша? 

109. Сүттегі су мөлшері қанша? 

110. Сүттің тазалық дәрежесі қанша және оны немен анықтайды? 

111. Сүттің тығыздығы немен анықталады? 

112. Сүтті пастерлеу режимдерін атаңыз: 

113. Сүттегі сарысулық ақуыздардың пайыздық мөлшері: 

114. Сүттегі лактоза (сүт қанты) мөлшері: 

115. Қай сүт ақуызды түрге жатады? 

116. Уыз кезеңінің ұзақтығы (күнмен): 

117. Сүттің табиғилығын анықтау үшін қажет сүт мөлшері: 

118. 1-сортты сүттің қышқылдығы қандай? 

119. Сүттің сынамаларын атаңыз: 

120. Сүттің майлылығын анықтау әдісі қалай аталады? 

121. ТР ТС 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке сәйкес шикі сиыр сүтіндегі ақуыз концентрациясы қанша болуы керек? 

122. Азотты заттар құрамына байланысты сүттің қандай категориялары бар? 

123. Сиырдың лактация (сауу) кезеңдері: 

124. Сүттегі су қоспасын қалай анықтайды? 

125. Сүттегі крахмалдың бар-жоғын анықтау: 

126. Ақуыздың пайыздық мөлшерін қалай анықтайды? 

127. Сүттің органолептикалық көрсеткіштеріне не жатады? 

128. Бруцеллезбен ауырған сиырлардың сүтін қандай әдістермен анықтайды?

130. Сиыр лейкозы кезінде сүтке ветеринариялық-санитариялық баға (ВСБ) қалай беріледі? 

131. Пастерлеудің тиімділігін анықтайтын сүт ферменттері: 

132. Желінсау кезінде сүтке берілетін ветеринариялық-санитариялық баға (ВСБ): 

133. Құтыру, қарасан, оба кезінде сүтке берілетін ветеринариялық-санитариялық баға (ВСБ): 

134. Ірі қара малдың нодулярлы дерматиті кезінде сүтке берілетін ветеринариялық-санитариялық баға (ВСБ): 

135. Сүтті ұзақ уақыт пастерлеудің параметрлері: 

136. Туберкулез кезінде сүтке берілетін санитариялық баға (ВСБ): 

137. Сүтті пастерлеу дегеніміз не? 

138. Лептоспироз кезінде сүтке берілетін санитариялық баға (ВСБ): 

139. Ауески ауруы кезінде сүтке берілетін санитариялық баға (ВСБ): 

140. Сальмонеллез кезінде сүтке берілетін санитариялық баға (ВСБ): 

142. Сүттің бактерицидтік фазасының ұзақтығы: 

143. Сұрыпсыз сүттің қату температурасы қандай? 

144. Сүттің тазалық деңгейі неше топқа бөлінеді? 

145. Сүтке барлық физика-химиялық зерттеулер қандай температурада жүргізілуі тиіс? 

146. Қай қышқылдықта сүт қайнату сынамасында ұйып бастайды? 

147. Сиырдың шикі сүтіндегі майсыз құрғақ заттардың массалық үлесі қанша пайыз болу керек? 

148. Лактациядағы жануарларда жұқпалы аурулар, мастит және басқа да аурулар анықталған кезде сүтке санитарлық бағаны қандай нормативтік құжатқа сәйкес береді? 

149. Уыз кезеңінің ұзақтығы (күнмен): 

150. Сиырдың шикі сүтіндегі ҚМСҚ-ның (майсыз құрғақ қалдықтың) массалық үлесі қанша пайыз болу керек? 

151. Бие сүтінің қышқылдығы қанша ºТ құрайды? 

152. Табиғи сүттің тығыздығы – бұл сүттің массасының температурада:

153. Шикі сүттің микрофлорасының өзгеру фазалары келесі ретпен жүреді:

154. Май мөлшері артқанда сүттің тығыздығы: 

155. Сүттің тазалық тобымен нені анықтайды? 

156. Сүттің қышқылдығы немен өлшенеді? 

157. Майы алынғанда сүттің тығыздығы: 

158. Иісін анықтау үшін суық сүтті қандай температураға дейін қыздырады? 

159. Сүт өндірісінің санитарлық-гигиеналық жағдайы қандай көрсеткіш бойынша бағаланады? 

160. Сүтте пайда болатын қай фермент бойынша оның бактериялық ластану дәрежесі анықталады? 

161. Сүтке су қосқан жағдайда (фальсификация) сүттің тығыздығы қалай өзгереді? 

162. Сүттің беткі қаймағы алынғанда оның ҚМСҚ (құрғақ майсыз сүт қалдығы) қалай өзгереді? 

163. Майы алынған сүтпен араластыру арқылы фальсификация жасағанда, сүттегі ақуыздың концентрациясы қалай өзгереді? 

164. Жоғары сортты сиыр сүтіндегі соматикалық жасушалардың шекті мөлшері: 

165. Бірінші сортты сиыр сүтіндегі соматикалық жасушалардың шекті мөлшері: 

166. Екінші сортты сиыр сүтіндегі соматикалық жасушалардың шекті мөлшері: 

167. Жоғары сортты сиыр сүтіндегі мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің шекті мөлшері, КТБ/г (колония түзуші бірлік): 

168. Бірінші сортты сиыр сүтіндегі мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің шекті мөлшері, КТБ/г (колония түзуші бірлік): 

169. Екінші сортты сиыр сүтіндегі мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің шекті мөлшері, КТБ/г (колония түзуші бірлік): 

170. Сиыр мен ешкінің сүт беру (лактация) кезеңінің ұзақтығы: 

171. Биенің сүт беру (лактациялық) кезеңінің ұзақтығы: 

172. Түйенің лактациялық кезеңінің ұзақтығы: 

173. Фермада сауылғаннан кейін бірден сүтті қандай температураға дейін салқындату қажет? 

174. Үй жағдайында дайындалған сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне міндетті зерттеулер қатарына не жатады? 

175. Үй жағдайында дайындалған сүт пен қышқыл сүт өнімдеріне қосымша зерттеулер қатарына не жатады? 

176. Фальсификацияланған сүтпен бірдей жағдайларда алынған табиғи сүттің сынамасы, яғни бір табыннан, сиырлар тобынан, сауыннан алынған сынама қалай аталады? 

177. Сүт сынамаларын консервілеу үшін не қолданылады? 

178. Органолептикалық көрсеткіштері бойынша сүт қалай жіктеледі? 

179. Сұрыпсыз сүттің қышқылдығы (Тернер градусымен): 

180. Сүттің тазалық дәрежесіне байланысты қанша топқа бөлінеді? 

181. Сүттегі май мөлшерін анықтау әдісін атаңыз: 

182. Сүттегі ақуыз мөлшерін анықтау әдісін атаңыз: 

183. Қышқылдығы 15 °Т-дан төмен сүттің сипаттамасы: 

184. Қышқылдығы 15–19 °Т болатын сүттің сипаттамасы: 

185. Қышқылдығы 20–21 °Т болатын сүттің сипаттамасы: 

186. Асқын тотық санына байланысты ерітілген тағамдық майлардың балаусалығы бағаланады: 

187. Сүтке сода қосылғанын анықтайтын сынама: 

188. Сүттің термиялық өңдеуден өткенін анықтайтын сынама: 

189. Сүтке өсімдік майы қосылғанын қандай зерттеу арқылы анықтауға болады? 

190. Сүтке сутегінің асқын тотығы қосылғанын анықтайтын сынама: 

192. Сүттің қандай көрсеткіші оның термиялық өңделгенін көрсетеді? 

193. Қазақстанда ет пен ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қандай Кеден одағының техникалық регламенті реттейді? 

194. Шикі сүтке қойылатын талаптарды қандай ҚР МЕМСТ реттейді? 

195. ТР ТС 034/2013 техникалық регламенті бойынша еттің қандай көрсеткіштері нормаланады? 

196. Еттің микробиологиялық талдау әдістерін қандай ҚР МЕМСТ

 реттейді? 

197. Еттің қандай бұзылу түрі жасыл түсті дақтардың пайда болуымен және күкіртсутектің иісімен сипатталады? 

198. Адамға финнамен зақымдалған ет арқылы жұғатын ауру қалай аталады? 

199. Сүттің тығыздығын қандай аспап анықтайды? 

200. Маститтік сүтті анықтайтын сынама: 

201.     Ветеринариялық мекемелерді дезинфекциялаудың негізгі құралы қандай?

202.     Судың жануарларды суаруға жарамдылығын бағалау үшін ең маңызды көрсеткіші қандай?

203.     Ғимараттарды тазалау жануарлардың гигиеналық күтімінде қандай рөл атқарады?

204.     Жануарларды клеткаларда ұстау кезінде қандай гигиеналық жағдайларды сақтау керек?

205.     Жоғарыда айтылғандардың қайсысы мал азығын гигиеналық бағалаудың маңызды факторы болып табылады?

206.     Ғимараттарды дұрыс гигиеналық өңдемегенде жануарларда қандай аурулар болуы мүмкін?

207.     Ветеринариялық клиникада гигиеналық дезинфекция жүргізу үшін қандай жабдық қажет?

208.     Жануарларды ұстау орындарында төсеніш материалдарын қаншалықты жиі ауыстырып отыру керек?

209.     Жоғарыда айтылғандардың қайсысы азықты гигиеналық өңдеудің маңызды элементі болып табылады?

210.     Ветеринариялық тәжірибеде инфекциялардың таралу қаупін азайтуға қандай фактор әсер етеді?

211.     Торайларды ұстау үшін қора ішінде қандай ауа температурасын сақтау керек?

212.     Ауру қаупін азайту үшін ветеринариялық мекемелерді тазалауды қандай әдіспен жүргізу ұсынылады?

213.     Жануарларды азықтандыруды ұйымдастырған кезде гигиенаның қандай стандарты сақталуы керек?

214.     Мал шаруашылығы қора-жайларында ылғалдылықтың қандай деңгейі ұсынылады?

215.     Ветеринариялық гигиенада жабдықты зарарсыздандыру не үшін жүргізіледі?

216.     Қора-жайларды дезинфекциялау үшін қандай құралдарды қолдануға болады?

217.     Жануарларды суаруға арналған судың оптималды температурасы қандай?

218.     Төменде келтірілген аурулардың қайсысы жануарларды азықтандыруда гигиеналық нормаларды сақтамаған жағдайда болуы мүмкін?

219.     Ветеринариялық тәжірибеде құралдарды зарарсыздандырудың негізгі мақсаты қандай?

220.     Жануарлардың қора-жайларын тазалауды күннің қай бөлігінде жүргізу ұсынылады?

221.     Ветеринариялық тәжірибеде "тоғысу сипатындағы жұқтырылу" дегеніміз не?

222.     Желдетуді қамтамасыз ету үшін жануарлар клеткалары арасындағы ең аз қашықтық қандай болғаны жөн?

223.     Ветеринариялық тәжірибеде жануарларды дегельминтизациялау қаншалықты жиі жүргізілуі керек?

224.     Бақылаусыз ұстау жағдайында жануарларда ауру пайда болуының негізгі себебі неде?

225.     Төмендегі аурулардың қайсысы су арқылы таралуы мүмкін?

226.     Үй жануарларына арналған жарықтың ең төменгі деңгейі қандай болуы керек?

227.     Ветеринариялық тәжірибеде "карантин" дегеніміз не?

228.     Төмендегі факторлардың қайсысы жануарлардағы стресстің себебі болуы мүмкін?

229.     Орташа салмақтағы жануарларға тәулігіне қанша су тұтыну ұсынылады?

230. Төменде келтірілген қарекеттердің қайсысы жануарларды гигиеналық күтімде ұстау бөлігі болып саналмайды?

231.     Жануарларды қарқынды өсіру үшін қора ішіндегі ауа қандай температурада болуы керек?

232.     Жануарлар карантинін ұйымдастыру кезінде нені ескеру керек?

233.     Жануарлардағы микробтарды жою үшін дезинфекцияның қандай түрі қолданылады?

234.     Төмендегі аурулардың қайсысын жануарларды вакцинациялау арқылы болдырмауға болады?

235.     Жануарлар үшін ең оңтайлы ылғалдылық қандай?

236.     Жоғарыда айтылғандардың қайсысы ветеринартялық тәжірибе жағдайында жануарлардың денсаулығының нашарлауына әкелуі мүмкін?

237.     Ауру жануар анықталған кезде қандай шаралар қолдану керек?

238.     Оқшауханаларда инфекциялардың алдын алу үшін қай әдіс тиімді?

239.     Жануарларды ұстау кезінде ластанудың қандай түрлері негізгі болып саналады?

240.     Ветеринариялық клиникада жаңа клеткаларды орнату кезінде қандай шаралар қабылдау керек?

241.     Төмендегі заттардың қайсысы жануарлардағы паразиттік аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады?

242.     Қора-жай ішіндегі жануарлар үшін шудың қандай деңгейі қолайлы?

243.     Жоғарыда айтылғандардың қайсысы жануарлардағы аллергиялық реакциялардың себебі болып табылады?

244.     Стационарлық бөлмелердегі инфекцияларды жоюдың ең тиімді әдісі қандай?

245.     Ветеринариялық клиниканы гигиеналық өңдеу бағдарламасына не қосылуы керек?

246.     Желдетудің қай түрі мал шаруашылығы бөлмелері үшін ең қолайлы?

247.     Жануарларда азықтан улануды қандай азықтар тудыруы мүмкін?

248.     Жануарларды паразиттерге қаншалықты жиі тексеру керек?

249.     Жануарлардан адамға қандай ауру жұқтырылуы мүмкін?

250.     Төмендегілердің қайсысы ветеринариялық тәжірибеде гигиеналық профилактиканың негізгі шараларына жатады?

251.     Ветеринариялық мекемелердегі карантиннің мақсаты қандай?

252.     Ветеринариялық мекемелерде тазалықты сақтаудың негізгі талабы қандай?

253.     Ветеринариялық клиникаларда хирургиялық құралдарды зарарсыздандырудың мақсаты қандай?

254.     Жануарларды суару ыдыстарын қаншалықты жиі тазалау керек?

255.     Ветеринариялық мекемелерде шыбындардың көбеюін болдырмаудың тиімді әдісі?

256.     Пайдаланылған ветеринариялық қолғаптарды және басқа бір реттік материалдарды қалай жоюға болады?

257.     Ауа қозғалысы жылдамдығын анықтау үшін қандай құрал қолданады?

258.     Ветеринарлық клиникаларда қандай қалдықтарды қалыпты қалдықтардан бөлек тастау керек?

259.     Жануарлар арасында респираторлық инфекциялардың таралуын болдырмаудың ең тиімді жолы қандай?

260.     Ветеринариялық мекемелерде желдетудің қандай түрі болуы керек?

261.     Ластанған немесе бүлінген азықпен не істеу керек?

262.     Ветеринариялық мекемеде еденнің ластануын болдырмау үшін не істеу керек?

263.     Ветеринариялық клиникаларда жұқпалы аурулардың таралуын болдырмаудың ең тиімді әдісі қандай?

264.     Ветеринарлық клиникаларда паразиттердің таралуын қалай азайтуға болады?

265.     Жануарларға күтім жасау кезінде төсніштердің рөлі қандай?

266.     Ветеринариялық клиникада қандай температураны сақтау керек?

267.     Ветеринариялық клиникада жануарлардың нәжісінен ластануды қалай азайтуға болады?

268.     Ветеринариялық клиникада бактериялардың таралуын болдырмайтын ең маңызды фактор қандай?

269.     Жануарларды бақылайтын ветеринардың негізгі міндеті қандай?

270.     Ветеринариялық клиникада медициналық қалдықтарды қалай жоюға болады?

271.     Суық ауа-райында фермадағы жануарлардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін не істеу керек?

272.     Ветеринариялық мекемелерде азықты сақтау кезінде қандай негізгі шарттарды сақтау керек?

273.     Ветеринариялық мекемелердегі хирургиялық бөлмелерді тазарту мен дезинфекциялаудың қандай әдісін қолдану керек?

274.     Ветеринариялық клиникада жұқпалы ауруы бар жануарға қалай қарау керек?

275.     Жануарды оқшауханаға орналастырған соң ветеринариялық орынды қалай өңдеу керек?

276.     Суық мезгілде денсаулығын қамтамасыз ету үшін жануарларға қалай қарау керек?

277.     Қандай жағдайларда ветеринарлық мекемелердің қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын қолдануға міндетті?

278.     Ветеринариялық клиникада экзотикалық жануарларды ұстау кезінде қандай ерекшеліктерді ескеру қажет?

279.     Жануарлардағы паразиттік аурулардың алдын алудың негізгі әдістері қандай?

280.     Ветеринариялық мекемелерде жарықтандыру қандай рөл атқарады?

281.     Ветеринариялық клиниканың қызметкерлеріне аллергияның таралуын қалай болдырмауға болады?

282.     Операция жасау үшін ветеринарлық клиникалардың хирургиялық бөлімшелерінде қандай жабдық қажет?

283.     Ветеринариялық мекемелерде тасымалдау кезінде жануарларға күтім жасаудың қандай стандарты қажет?

284.     Ветеринариялық қызметкерлерді оқыту қандай маңызды рөл атқарады?

285.     Ветеринариялық клиникада дәрі-дәрмектерді қалай дұрыс сақтау керек?

286.     Ветеринариялық мекемелерде вирустық аурулардың жануарларға таралуын қалай болдырмауға болады?

287.     Ветеринариялық мекемелерде жаңа аурулар пайда болған кезде қандай шаралар қабылдау керек?

288.     Ветеринариялық клиниканың жұмысын ұйымдастыру кезінде нені ескеру керек?

289.     Емдеуге болмайтын жануарларға қалай қарау керек?

290.     Ветеринариялық клиникаға келушілердің кіруін қалай бақылауға болады?

291.     Ветеринарлық мекемелерде экзотикалық жануарлармен жұмысты қалай ұйымдастыру керек?

292.     Зооноздық аурулар дегеніміз не?

293.     Ветеринарлық мекемелерде тазалық қандай рөл атқарады?

294.     Ветеринариялық клиника қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптар қандай?

295.     Ветеринариялық мекемелердегі жабдыққа қойылатын негізгі талап қандай?

296.     Ветеринариялық клиникада химиялық заттармен жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?

297.     Қызметкерлердің инфекцияны жұқтыру қаупін қалай азайтуға болады?

298.     Ветеринариялық мекемелерде дезинфекцияның рөлі қандай?

299.     Ветеринариялық мекемелерде тасымалдау кезінде жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін не қажет?

300.     Су иісінің өлшем бірлігін атаңыз?

301.     Судың мөлдірлігін өлшеу бірлігі?

302.     Судың температурасын өлшеу бірлігі?

303.     Су түсінің өлшем бірлігі?

304.     Егер жануар кездейсоқ улы затты жесе не істеу керек?

305.     Ауаның ылғалдылығын анықтау үшін қандай құрал қолданылады?

306.     Жануардың жүнінің түсуіне не себеп болуы мүмкін?

307.     Топырақтың ластануының негізгі көзі қандай?

308.     Топырақ ластанған кезде адам денсаулығына ең қауіпті химиялық зат қандай?

309.     Ластанған топырақта қандай микроорганизмдер жиі кездеседі?

310.     Қандай ауру топырақтың ауыр металдармен ластануына байланысты болуы мүмкін?

311.     Топырақты ластаушы заттардан тазарту үшін қандай процесс маңызды?

312.     Осы факторлардың қайсысы топырақ эрозиясына ықпал етеді?

313.     Топырақтың қышқылдығы дегеніміз не?

314.     Топырақта улы заттардың жиналуына қандай фактор себеп болады?

315.     Қандай тыңайтқыш топырақтың қышқылдығын арттыра алады?

316.     Қандай органикалық материал топырақ құрылымын жақсартуға тиімді ықпал етеді?

317.     Төмендегілердің қайсысы топырақ құнарлылығының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады?

318.     Топырақ эрозиясын бақылау үшін қандай әдіс қолданылады?

319.     Төмендегі факторлардың қайсысы топырақтың патогендік микроорганизмдермен ластануына ықпал етуі мүмкін?

320.     Топырақтағы қандай заттар суға түскенде адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін?

321.     Топырақтан зиянды заттардың өсімдіктерге ену процесі қалай аталады?

322.     Топырақтың ластануы агроэкожүйеге қандай әсер етеді?

323.     Топырақ биоремедиациясы дегеніміз не?

324.     Топырақтың қай түрі ауыр металдармен ластануға бейім?

325.     Топырақтың мұнай өнімдерімен ластануына не себеп болуы мүмкін?

326.     Ауылдық жерлердегі адам денсаулығына қандай топырақтың ластануы көбірек әсер етеді?

327.     Гумустық заттар топырақта қандай рөл атқарады?

328.     Топырақтағы органикалық заттардың минералдану жылдамдығына қандай фактор әсер етеді?

329.     Топырақтан артық ылғал еріген заттарды тереңдікке тартатын процесс қалай аталады?

330.     Топырақтың суды төменгі жүк көтергіштерден жоғарғы жағына көтеру қабілеті қалай аталады?

331.     Минералды тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану топыраққа қандай әсер етеді?

332.     Топырақтың белгілі бір мөлшерде суды кеуектерінде ұстау қабілеті қалай аталады?

333.     Топырақтың ауадан бу тәрізді суды сіңіру қабілеті қалай аталады?

334.     Төмендегі заттардың қайсысы ауыл шаруашылығындағы топырақтың негізгі ластаушысы болып табылады?

335.     Қандай химиялық элементтер тыңайтқыштарды қолдану арқылы топырақтың ластануын жиі тудырады?

336.     Топырақтың қышқылдығының жоғарылауына не әкелуі мүмкін?

337.     Төмендегі аурулардың қайсысы ластанған топыраққа байланысты болуы мүмкін?

338.     Сортаң топырқа дегеніміз не?

339.     Төмендегі әрекеттердің қайсысы топырақтың ластануына әкелуі мүмкін?

340.     Қышқыл жаңбырдың негізгі құрамдас бөлігі қандай химиялық зат болып табылады?

341.     Топырақтың қандай сипаттамасы оның суды ұстау қабілетіне әсер етеді?

342.     Гумус дегеніміз не?

343.     Экожүйе үшін топырақтың қандай қызметі маңызды?

344.     Суды гигиеналық бақылаудың негізгі мақсаты қандай?

345.     Төмендегі факторлардың қайсысы ауыз судың ластануының негізгі көзі болып табылады?

346.     Ластанған ауыз суда қандай микроорганизмдер жиі кездеседі?

347.     Судың ауыр металдармен ластануына не себеп болуы мүмкін?

348.     Тұрмыстық қалдықтар нәтижесінде суды қандай химиялық заттар ластауы мүмкін?

349.     Суды механикалық қоспалардан тазарту процесі қалай аталады?

350.     Патогендік микроорганизмдердің өсуі үшін судың оңтайлы температурасы қандай?

351.     Ересек жануарларды суару үшін судың оңтайлы температурасы қандай?

352.     Буаз аналықтарды суару үшін судың оңтайлы температурасы қандай?

353.     Төлдерді суару үшін судың оңтайлы температурасы қандай?

354.     Судың нәжіс қалдықтарымен ластануының белгісі неде?

355.     Суды дезинфекциялау әдістерінің қайсысы микробтардың көпшілігін жоюда ең тиімді болып табылады?

356.     Судан хлороформды және басқа органикалық ластаушы заттарды кетіру үшін қандай химиялық қосылыс қолданылады?

357.     Санитарлық нормалар бойынша "ауыз су" дегеніміз не?

358.     Ауылшаруашылық қызметі нәтижесінде су объектілерінің ластануына не себеп болуы мүмкін?

359.     Егер оның судағы концентрациясы нормадан жоғары болса бұл заттардың қайсысы адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін,?

360.     Санитарлық нормалар бойынша судың сапасын бағалау үшін қандай көрсеткіш маңызды?

361.     Төмендегілердің қайсысы ауыз суды тазарту әдісі емес?

362.     Төмендегі судың ластануының қайсысы су арқылы берілетін ауруларға әкелуі мүмкін?

363.     Судың органикалық ластануын анықтау үшін қандай көрсеткіш қолданылады?

364.     Вирустарды жою үшін суды тазарту әдістерінің қайсысы тиімді?

365.     "Суды дезинфекциялау" дегеніміз не?

366.     Механикалық сүзгілер бөлшектерді кетіру үшін суды тазартудың қандай әдісін қолданады?

367.     Су қоймаларында балдырлармен күресу үшін қандай зат қолданылады?

368.     Судағы "E. coli" дегеніміз не?

369.     Төмендегілердің қайсысы ауыз судың бактериологиялық ластануына себеп болуы мүмкін?

370.     Су құбырларындағы суды дезинфекциялау үшін жиі қолданылатын химиялық заттардың қайсысы?

371.     Механикалық қоспалардан суды тазартудың ең қарапайым әдісі қандай?

372.     Келесі шаралардың қайсысы ауыз судың ластануын төмендетуі мүмкін?

373.     Судың келесі сипаттамаларының қайсысы оны дезинфекциялау үшін маңызды?

374.     Төмендегілердің қайсысы судың мұнай өнімдерімен ластануының нәтижесі болып табылады?

375.     Төмендегі құбылыстардың қайсысы ауылшаруашылық қызметі нәтижесінде ауыз судың ластануына әкелуі мүмкін?

376.     Су объектілерінде көк және жасыл балдырлардың пайда болуына әкелетін судың ластануына қандай заттар себеп болуы мүмкін?

377.     Судағы хлордың қандай концентрациясы адамдар үшін қауіпсіз?

378.     Ластанған ауыз суды ішуге байланысты аурулардың қайсысы болуы мүмкін?

379.     Оның су ағзаларын тірі қалдыру қабілетін бағалау үшін судың қандай көрсеткіші қолданылады?

380.     Микробтық ластаушы заттарды кетіру үшін суды тазартудың қандай әдістерін қолдануға болады?

381.     Төмендегілердің қайсысы судың микропластиктермен ластану көзі болып табылады?

382.     Төмендегілердің қайсысы ластанған судың белгісі?

383.     Қайнау арқылы дезинфекциялау үшін судың оңтайлы температурасы қандай?

384.     Судың қандай көрсеткіші оның әртүрлі заттарды еріту қабілетіне әсер етеді?

385.     Ауылшаруашылық жануарларын азықтандырудың гигиеналық нормаларын сақтау кезінде келесі мақсаттардың қайсысы негізгі болып табылады?

386.     Төмендегі заттардың қайсысы ауылшаруашылық жануарларының диетасындағы негізгі энергия көзі болып табылады?

387.     Жемнің қай түрі талшықтың көп мөлшерін қамтиды және күйіс қайыратын жануарларға арналған диетаның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады?

388.     Төмендегілердің қайсысы азық гигиенасын сақтамаған кезде жануарлар ауруының негізгі себебі болып табылады?

389.     Ауылшаруашылық жануарларында ботулизмнің көзі қандай азық болуы мүмкін?

390.     Ауылшаруашылық жануарларын суару үшін пайдаланылатын судың сапасына қандай талап қойылады?

391.     Аталған аурулардың қайсысы ластанған мал азығын тұтынумен байланысты болуы мүмкін?

392.     Ауылшаруашылық жануарларын азықтандыруда "концентратты азық" дегеніміз не?

393.     Азықты сақтаудың бұзылуынан қандай аурулар туындауы мүмкін?

394.     Төмендегі факторлардың қайсысы азық сапасына әсер етуі мүмкін?

395.     Азықтың қайсысы ауылшаруашылық жануарларына арналған дәрумендердің негізгі көзі болып табылады?

396.     Малды ұстауға арналған қора-жайды жобалаудың негізгі критерийі қандай?

397.     Мал қора-жайларын желдетуді жобалау кезінде қандай факторларды ескеру қажет?

398.     Ірі қара малға арналған қора-жайлардағы төбенің биіктігі қандай болуы керек?

399.     Малшаруашылығы қора-жайларын дұрыс желдетуді қамтамасыз ету үшін қандай көрсеткіш маңызды?

400.     Құстардың жағдайын жақсарту үшін жобаланған қора-жайдың қандай сипаттамалары маңызды?

 

Ситуациялық тапсырмалар

1-тапсырма: Ет комбинатына африкалық шошқа обасы (АШО) тіркелген шаруашылықтан шошқа ұшаларының партиясы жеткізілді. Ұшаларды қарау барысында тері астындағы май қабатында нүктелі қанталаулар және некроз белгілері бар ұлғайған лимфа түйіндері анықталды.

Сұрақтар:

1. Қандай зертханалық зерттеулер жүргізу қажет?

2. Бұл етті сатылымға шығаруға бола ма?

3. АШО-ның таралуын болдырмау үшін қандай шаралар қабылдануы тиіс?

 

2-тапсырма: Өңдеуге жіберілген сүт партиясында соматикалық жасушалардың деңгейі 500 мың/мл және тетрациклин тобына жататын антибиотиктердің қалдықтары анықталды.

Сұрақтар:

1. Мұндай көрсеткіштер нені білдіреді? 

2. Ветеринариялық сарапшы қандай шаралар қабылдауы керек? 

3. Мұндай жағдайлардың фермада қайталанбауы үшін қандай алдын алу шараларын жүргізу қажет?

 

3-тапсырма: Базарда сатылымға түскен сиыр етінен (бұлшық еттерде) цисталар табылды.

Сұрақтар:

1. Қандай диагностикалық әдістер қолдану қажет? 

2. Бұл етті тағамға пайдалануға бола ма? 

3. Алдын алу шаралары қандай?

 

4-тапсырма: Шошқа бауырынан ақ түсті көпіршіктер (финналар) табылды.

Сұрақтар:

1. Бұл қандай ауру туралы хабар береді? 

2. Өнімді сатуға рұқсат етіле ме? 

3. Өнімді қалай залалсыздандыруға болады?

 

5-тапсырма: Қой етінің партиясынан шіріген иіс және бұлшықет тінінің сұр-жасыл түсі анықталды.

Сұрақтар:

1. Бұзылудың себебі неде? 

2. Бұл етті қолдануға бола ма? 

3. Мұндай жағдайдың алдын алу жолдары қандай?

 

6-тапсырма: Ірі қара мал етінен нүктелі қан құйылу және майының сары түсті болуы анықталды

Сұрақтар:

1. Бұл белгілер нені білдіреді? 

2. Қандай зертханалық зерттеулер жүргізілуі қажет? 

3. Бұл етті қолдануға бола ма?

 

7-тапсырма: Еттен антибиотиктердің (тетрациклиндер) қалдықтары анықталды.

Сұрақтар:

1. Бұл етті қолдануға бола ма? 

2. Анықтау әдістері қандай? 

3. Алдын алу шаралары қандай?

 

 

8-тапсырма: Ет комбинатында түскен ет партиясынан ауыз және басқа да шырышты қабаттарда аусылға тән белгілері бар ұшалар анықталды (афта — жаралар).

Сұрақтар:

1. Бұл етті қолдануға бола ма? 

2. Шаруашылықта қандай шаралар жүргізілуі тиіс? 

3. Қандай зерттеу әдістері қолданылады?

 

9-тапсырма: Еттен саркоцисттер (саркоцистоз паразиттері) анықталды.

Сұрақтар:

1. Бұл адам үшін қауіпті ме? 

2. Бұл етті қолдануға бола ма? 

3. Алдын алу шаралары қандай?

 

10-тапсырма: Шошқа ұшасын бөлшектеу кезінде лимфа түйіндерінен іріңді қабыну (абсцесс) ошақтары анықталды.

Сұрақтар:

1. Себептері қандай болуы мүмкін? 

2. Бұл етті қолдануға бола ма? 

3. Ветеринариялық-санитариялық сарапшы қандай әрекеттер жасауы қажет?

 

11-тапсырма: Органолептикалық зерттеу кезінде еттен қышқылтым иіс анықталды.

Сұрақтар:

1. Мұндай иістің болуының ықтимал себептері қандай? 

2. Бұл етті пайдалануға бола ма? 

3. Қандай зерттеу әдістерін қолдану қажет?

 

12-тапсырма: Мұздатылған ет партиясынан «күнге күйген» сияқты қоңыр дақтар (загар) анықталды.

Сұрақтар:

1. Бұл ақаудың себебі қандай? 

2. Мұндай етті пайдалануға бола ма?

 

13-тапсырма: Сиыр етінің ұшасынан түсі өзгерген (қою қызыл, құрғақ) бұлшық ет аймақтары табылды.

Сұрақтар:

1. Бұл ақау нені білдіреді? 

2. Қандай зерттеу жүргізу қажет? 

3. Бұл етті пайдалануға бола ма?

 

14-тапсырма: Мұздатылған қой еті партиясынан бұлшықет талшықтарының ішінде мұз кристалдары анықталды.

Сұрақтар:

1. Бұл ақаудың себебі неде? 

2. Ол еттің сапасына қалай әсер етеді? 

3. Бұл жағдайдың алдын алу жолдары қандай?

 

15-тапсырма: Шошқа ұшасын қарау кезінде бауырда кальцинаттар (тұзданған тығыз түйіндер) анықталды

Сұрақтар:

1. Мұндай өзгерістердің ықтимал себептері қандай? 

2. Бұл адамның денсаулығына қауіпті ме? 

3. Мұндай етті пайдалануға бола ма?

16-тапсырма: Сиыр ұшасын кесіп қарағанда лимфа түйіндері үлкейген, бауыр мен көкбауырда некроз ошақтары анықталған. Шаруашылықта бруцеллез тіркелген.

Сұрақтар:

1. Қандай зертханалық зерттеулер жүргізу қажет? 

2. Мұндай етті тағамға пайдалануға бола ма? 

3. Адамдардың жұқтыруының алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керек?

 

17-тапсырма: Сиыр етінің партиясынан синтетикалық гормон (тренболон) қалдықтары анықталды. 

Сұрақтар: 

1. Бұл гормон тұтынушы денсаулығына қаншалықты қауіпті? 

2. Қандай зертханалық зерттеулер қажет? 

3. Қалдықтардың шекті рұқсат етілген деңгейін реттейтін нормативтік құжат?

 

18-тапсырма: Шошқа өкпесінде кальцинатталған түйіншелер табылды. 

Сұрақтар: 

1. Бұл қандай ауруға тән белгі? 

2. Қандай зертханалық зерттеулер жүргізу қажет? 

3. Мұндай етті пайдалануға бола ма?

 

19-тапсырма: «Сиыр фаршы» сынамасынан шошқаның ДНҚ-сы анықталды. 

Сұрақтар: 

1. Қандай заңбұзушылық орын алды? 

2. Фальсификацияны дәлелдеу әдісі қандай?

 3. Өндірушінің жауапкершілігі қандай?

 

20-тапсырма: Радиациялық фоны жоғары аймақтан әкелінген бұғы етінен цезий-137 табылды. 

Сұрақтар: 

1. Цезий-137 үшін еттегі шекті рұқсат етілген мөлшері (ШРМ) қандай? 

2. Бұл партияға қандай шешім қабылдануы тиіс? 

3. Алдын алу шаралары қандай?

 

21-тапсырма: Жемдегі микотоксиндер. Шошқалардың бұлшықет тінінен афлатоксиндер анықталды. 

Сұрақтар: 

1. Ластанудың мүмкін себептері қандай? 

2. Адам үшін қаншалықты қауіпті? 

3. Қандай нормативтік құжатпен реттеледі?

 

22-тапсырма: Қой етінің партиясында еттің түсі қою қызыл және қышқыл иіс байқалды. 

Сұрақтар:

1. Бұл ақаудың себебі неде? 

2. Мұндай етті сатуға бола ма? 

3. Қалай алдын алуға болады?

 

23-тапсырма: Шұжық құрамында көрсетілмеген соя іздері анықталды. 

Сұрақтар: 

1. Бұл тұтынушы үшін қаншалықты қауіпті? 

2. Анықтау әдісі қандай? 

3. Өндірушінің жауапкершілігі қандай?

 

24-тапсырма: 

Жеке меншік шаруашылықтағы сиыр сүтін жоспарлы тексеру барысында ветеринариялық-санитарлық сарапшы сүттің түсі табиғи емес көгілдір реңкті, ал дәмі тәттілеу екенін анықтады. Сүттің тығыздығы – 1,020 кг/м³, қышқылдығы – 14°Т. 

Сұрақтар: 

1. Сүттің қандай бұрмалану (фальсификация) түрлерін болжауға болады? 

2.  Қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет? 

3. Тығыздық пен қышқылдықтың өзгеру себептері қандай болуы мүмкін? 

4. Мұндай сүтті тағам ретінде қолдануға бола ма?

 

25-тапсырма: 

Сүт зауытына жеткізілген сүттен ұйыған ірімтік, тұтқырлық, және рН көрсеткіші 7,2 анықталды. 5% сода ерітіндісімен сынама көбік түзіп көрсетті. 

Сұрақтар: 

1. Бұл сүттің қандай патологиялық жағдайы туралы айтуға болады? 

2. Нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулер жасау керек? 

3. Мұндай сүтті термиялық өңдеуден кейін қолдануға бола ма? 

4. Жеткізуші шаруашылықта қандай шаралар қолдану қажет?

 

 26-тапсырма: 

Сүт партиясына антибиотиктерге экспресс-тест жүргізгенде оң нәтиже көрсетілді. Фермер мұны 3 күн бұрын сиырын маститтен емдеп, пенициллин негізіндегі препарат қолданғанымен түсіндірді. 

Сұрақтар: 

  1. Сүттегі антибиотиктердің мөлшерін реттейтін қандай нормативтік құжаттар бар?
  2. Антибиотик қолданылғаннан кейін сүтті қанша уақытқа дейін пайдалануға болмайды? 
  3. Антибиотиктерді анықтаудың сенімді әдістері қандай? 
  4. Өндірушіге қандай санкциялар қолданылуы мүмкін?

 

27-тапсырма: 

Шаруашылықта сиырдан бруцеллез анықталды. Бұл жануардан алынған сүттің бір бөлігі базарға сатылып кеткен. 

Сұрақтар: 

1. Қандай зертханалық зерттеулер жүргізу қажет? 

2. Сүтті қайнатып зарарсыздандыруға бола ма? 

3. Сатылып кеткен өнімге қатысты қандай шаралар қолдану керек? 

4. Шаруашылықта профилактиканы қалай ұйымдастыру қажет?

 

28-тапсырма: 

Сиыр сүтін талдау кезінде соматикалық жасушалар саны 800 мың/мл екені анықталды. Сыртқы қарау бойынша сүтте өзгеріс жоқ. 

Сұрақтар: 

1. Соматикалық жасушалардың артуы нені білдіреді? 

2. Қандай ауруларды болжауға болады? 

3. Қандай қосымша зерттеулер қажет? 

4. Мұндай сүтті тағам ретінде қолдануға бола ма?

 

 

 

 

 

 

29-тапсырма: 

Фермер бір сиырдың сүті ащы дәмге ие екенін айтып шағымдануда. Жануар клиникалық тұрғыда сау, температурасы қалыпты, тәбеті жақсы. Зерттеу нәтижелері: май – 3,8%, тығыздық – 1,029 кг/м³, қышқылдығы – 17°Т. 

Сұрақтар: 

1. Сүттің ащы дәмінің ықтимал себептері қандай? 

2. Қандай азықтық факторлар әсер етуі мүмкін? 

3. Мұндай сүтті қайта өңдеуге қолдануға бола ма? 

4. Себебін нақтылау үшін қандай талдаулар жүргізу қажет?

 

30-тапсырма:

Сиыр сүтінің партиясында қызғылт түсті рең байқалды. Желін үрпілерінде қан жоқ, маститке сынамалар теріс. Тұндырғанда тұнба түзілмейді. 

Сұрақтар: 

1. Қызғылт түстің пайда болу себептері қандай болуы мүмкін? 

2. Қанды бактериалды пигментациядан қалай ажыратуға болады? 

3. Қандай микроорганизмдер осындай әсер беруі мүмкін? 

4. Мұндай сүтті қалыпты сүтпен араластыруға бола ма?

 

31-жағдаяттық тапсырма: фермадағы жануарлар аурулары

Орын алған жағдай: сиырлар мен шошқалар ұсталатын фермада жануарлардың денсаулығының жаппай нашарлауы байқалады. Сиырларда шырышты қабықтың қызаруы, шошқаларда диарея және летаргия пайда болды. Олар ішетін су бір көзден, Азықтары -бір шығу тегінде.

Сіз ветеринар ретінде мәселені шешуіңіз керек.

 

32-жағдаяттық тапсырма: хайуанаттар бағындағы аурулардың алдын алу

Жағдай: хайуанаттар бағының бірінде әртүрлі қоршаулардағы бірнеше жануарлардың тыныс алу проблемалары бар: жөтел, тыныс алудың қиындауы, мұрыннан ағу. Жақында бірнеше жаңа жануарлар әкелінгені туралы ақпарат келді.

Бұл жағдайда қалай әрекет ету керек?

 

 

33-жағдаяттық тапсырма: үй жануарларының ауруларының алдын алу

Жағдай: сізде үнемі сыртқа шығатын үй мысығыңыз бар, бірақ ол жақында мазасыздана бастады, тәбеті жоғалып, жүнін жоғалта бастады.

Ықтимал ауруларды болдырмау үшін қандай алдын алу шараларын қолдану керек?

 

34-жағдаяттық тапсырма: ыстық климатта жануарларға күтім жасау

Жағдай: ыстық климатта орналасқан фермада жануарлардың қызып кетуі және күн соққысы жиі кездеседі.

Қызып кетпес үшін жоғары температура жағдайында жануарларға күтім жасауды қалай ұйымдастыруға болады?

 

35-жағдаяттық тапсырма: үй жануарларының тері проблемалары

Жағдай: сіздің үй жануарыңызда (итіңізде) тері ауруларының белгілері бар -қышу, қызару, жүнінің түсуі. Ол жиі қышына бастады және теріде жаралар пайда болды.

Диагноз қою және емдеу үшін қандай қадамдар жасау керек?

 

 

36-жағдаяттық тапсырма: фермадағы азықтандыру мәселелері

Жағдай: ірі қара, шошқа және қой ұсталатын фермада жануарлардың көпшілігінде тәбеттің төмендеуі байқалды, олар летаргиялық сипат танытып, салмағын жоғалту көріністері байқалды. Азықтың сапасына шағымдар түсті.

Бұл жағдайда қалай әрекет ету керек?

 

 

37-жағдаяттық тапсырма: ветеринариялық клиникадағы карантиндік шаралар

Жағдай: ветеринариялық клиникада әртүрлі жұқпалы аурулары бар бірнеше жаңа ауру жануарлар әкелінді.

Инфекцияның басқа жануарларға таралуын болдырмау үшін карантиндік шараларды қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?

 

38-жағдаяттық тапсырма: мал шаруашылығындағы Дезинфекция

Жағдай: мал шаруашылығында құстар арасында өлім-жітім жоғары. Оның себебі ластанған беттер мен құралдар арқылы берілетін бактериялық инфекция екені анықталды.

Дезинфекцияны қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?

 

39-жағдаяттық тапсырма: жаңа туған бұзауларға күтім жасау

Жағдай: сүт фермасында бұзаулар туылды. Олардың кейбіреулері әлсіздік белгілерін көрсетеді, сүтті сора алмайды және денесінде төмен температура бар.

Оларды құтқару және денсаулықты сақтау үшін қандай шаралар қолдану керек?

 

40-жағдаяттық тапсырма: жануарлардағы аллергиялық реакциялар

Жағдай: Ветеринариялық клиника аллергиялық реакциялардың белгілері бар бірнеше жануарлар байқалды (қышу, терінің қызаруы, ісіну, жыртылу). Дәрігер жемнің өзгеруі немесе жаңа химиялық заттар себеп болуы мүмкін деп болжайды.

Диагноз қою және емдеу үшін қандай қадамдар жасау керек?

 

41-жағдаяттық тапсырма: шошқа қорасындағы ауа сапасының төмендігі

Жағдай: шошқа фермасында жануарлардың денсаулығының нашарлауы байқалады: тәбеттің төмендеуі, тыныс алу жолдары қызметіның жиі бұзылуы және агрессивті мінез-құлық танытуы орын алды. Жүргізілген ветеринариялық тексеру жұқпалы ауруларды анықтаған жоқ және барлық жануарлар кесте бойынша егілгені аталды. Алайда, желдетуді тексеру кезінде жүйенің зиянды газдарды тиімді түрде кетірмейтіні анықталды.

Одан әрі проблемалардың алдын алу үшін желдетуді жақсарту үшін қандай шаралар қабылдау керек?

 

42-жағдаяттық тапсырма: суық климат жағдайында жануарлардың денсаулығын бақылау

Жағдай: солтүстік аймақта орналасқан фермада қойлардың денсаулығы нашарлауына байланысты проблемалар байқалды. Жануарлар көбінесе ақсап, жүндері күңгірттеніп, түсіп, сынғыш бола бастады. Себепші фактор ретінде суық ауа райы мен дұрыс ұстамау жағдайлары аталды.

Мұндай жағдайларда жануарлардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдау керек?

 

43-жағдаяттық тапсырма: Азықтық  қоспаларды бақылау

Жағдай: жақында мал фермасында жаңа азықтық қоспалар қолданыла бастады, олар сүттің сапасын жақсартып, жануарлардың масса қосуын жақсартуы керек. Қоспаларды енгізгеннен кейін көп ұзамай сиырлардың бір бөлігі улану белгілерін көрсете бастады: диарея, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.

Жануарлардың жағдайы нашарлауына не себеп болғанын түсіну үшін қандай тексеру және талдау жүргізу керек?

 

44-жағдаяттық тапсырма: жануарларды тасымалдау кезіндегі санитарлық қауіпсіздік

Жағдай: сіз ірі қара малды жаңа жерге тасымалдауды ұйымдастыруыңыз керек. Тасымалдау алдында сіз бірнеше сиырдың жөтел және сілекейдің жоғарылауы сияқты респираторлық аурулардың жеңіл белгілерін байқадыңыз.

Тасымалдау алдында қандай санитарлық қауіпсіздік шаралары мен гигиеналық процедураларды орындау керек?

 

45-жағдаяттық тапсырма: ұстау жағдайларының үй жануарларының денсаулығына әсері

Жағдай: сізде бірнеше үй жануарлары бар, олардың арасында иттер, мысықтар және шошқалар бар. Олар шулы көшеге қарайтын терезелері бар пәтерде, сондай-ақ үнемі жұмыс істейтін кондиционері бар қора жайда ұсталады. Кейбір жануарлар тынышсыз әрекет ете бастады: олар тым белсенді немесе керісінше летаргиялық сипатта болды, жүндері түсе бастады, кейбіреулері тері ауруларына шалдықты.

Жануарлардың мінез-құлқындағы өзгерістердің себептерін түсіну үшін қандай гигиеналық тексеруден өту керек?

 

46-жағдаяттық тапсырма: табында жұқпалы аурулардың таралуы

Жағдай: фермадағы қой отарында асқазан-ішек торабының қабынуын тудыратын және басқа жануарларға жанасу немесе ластанған азық пен су арқылы берілуі мүмкін жұқпалы ауру жағдайлары орын алды.

Жағдайды бақылау үшін қандай стратегияны қолдану керек?

 

47-жағдаяттық тапсырма: сүт фермасындағы өрт қауіпсіздігі және желдету

Жағдай: сүт фермасында жем-шөп пен үй-жайлардағы желдетудің нашарлығына байланысты өрт қауіпсіздігі туралы алаңдаушылық туындады. Желдету арналары бітеліп, ауа жақсы айналмайды, бұл жанғыш газдардың жиналуына қауіпті жағдай туғызады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдау керек?

 

48-жағдаяттық тапсырма: шошқа фермасында санитарлық шараларды ұйымдастыру

Жағдай: шошқа фермасында диарея мен безгекті тудыратын вируспен жануарлардың жағдайлары байқалды. Бұл ауру ауа мен су арқылы таралуы мүмкін.

Аурудың таралуын тоқтату үшін қандай гигиеналық қауіпсіздік шараларын қолдану керек?

 

49-жағдаяттық тапсырма: ветеринарлық клиникада аурулардың алдын алу

Жағдай: ветеринарлық клиникада құралдар мен бөлменің жеткіліксіз зарарсыздандырылуына байланысты жануарлар арасында тоғысу сипатындағы инфекция жағдайлары байқалды.

Клиниканың гигиеналық жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қабылдау керек?

 

50-жағдаяттық тапсырма: қой кешеніндегі жазғы желдету

Жағдай: жаз мезгілінде қой фермасында жануарлардың қызып кету жағдайлары, әсіресе ыстық күндерде гипертермия жағдайы көбейеді. Қой жүні жылуды жинайды, ал ескі желдету жүйесі артық жылуды кетіре алмайды.

Жазда қойлардың қызып кетуіне жол бермеу үшін қандай желдету стратегиясын енгізу керек?

 

51-жағдаяттық тапсырма: орналасу тығыздығы жоғары құс фермасында желдету жағдайы

Жағдай: орналасу тығыздығы жоғары құс фермасында (10 000 тауық) ауа сапасының нашарлауы байқалады, бұл құстар арасында тыныс алу органдарының ауруларына әкеледі. Желдетудің болуына қарамастан, жүйе бөлмедегі аммиак пен көмірқышқыл газының жоғары деңгейіне төтеп бере алмайды.

Мұндай бөлмелердегі жағдайды қалай жақсартуға және құстардың денсаулығының нашарлауына жол бермеуге болады?

 

52-жағдаяттық тапсырма: фермадағы судың сапасына қатысты мәселелер

Жағдай: шошқа фермасында диарея, әлсіздік және тәбеттің төмендеуі сияқты жануарлардың денсаулығы нашарлауы орын алды. Тексеруден кейін жануарларды суаратын судың көзі ластануы мүмкін ұңғыма екендігі анықталды.

Бұл жағдайда қалай әрекет ету керек?

 

53-жағдаяттық тапсырма: жануарларды қыста ұстауға дайындық

Жағдай: қой фермасында жануарларды қыста жабық жерде ұстау жоспарлануда. Алайда, соңғы жылдары ұстау жағдайларының, денсаулықтың нашарлауына себеп болды: қойларда тыныс алу аурулары, сондай-ақ жүн сапасы төмендеуі проблемалары бар.

Қыстауға арналған бөлмені қалай дайындауға және аурудың таралуын қалай болдырмауға болады?

 

54-жағдаяттық тапсырма: тасымалдаудан кейінгі денсаулық жағдайын бақылау

Жағдай: фермаға басқа аймақтан бірнеше жүз тауық келді, бірнеше күн жаңа жағдайда ұстағаннан кейін қауырсындардың жаппай түсуі, белсенділіктің төмендеуі және құстардың тәбетінің төмендеуі байқалады.

Мәселелердің себебін анықтау және денсаулықтың одан әрі нашарлауын болдырмау үшін қандай қадамдар жасау керек?

 

55-жағдаяттық тапсырма: стресстің жануарлардың денсаулығына әсері

Жағдай: ет ьағыиындағы тауықтарға арналған фермада масса қосу мен өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Ветеринар оның себебі ұстау жағдайының күрт өзгеруінен туындаған стресс болуы мүмкін деп күдіктенді.

Құстардың жағдайын жақсарту және стрессті жою үшін қандай шаралар қабылдау керек?

 

56-жағдаяттық тапсырма: жануарлардың жаппай шоғырланып, орналасуы жағдайында аурулардың алдын алу

Жағдай: хайуанаттар бағында ылғалдылығы жоғары және желдетуі нашар жақын қоршаулардағы жануарлар арасында аурулардың көбеюі байқалды. Кейбір жануарларда тері аурулары мен тыныс алу проблемалары пайда болды.

Алдын алуды қалай ұйымдастыруға және ұстау жағдайларын қалай жақсартуға болады?

 

57-жағдаяттық тапсырма: шошқа қлоасындағы ауа алмасуды есептеу

Жағдай: ұзындығы 12 м, ені 8 м және биіктігі 4 м болатын шошқа қорасында 80 шошқа бар. Бөлмедегі сау климатты сақтау үшін қажетті минималды желдетуді есептеу керек. Шошқалар үшін сағатына бір басына 8 м3 ауа алмасу қажет екені белгілі.

Сұрақ: шошқа қорасында сағатына қанша ауа берілуі керек?

 

58-жағдаяттық тапсырма: тауық қорасындағы ауа алмасуды есептеу

Жағдай: ұзындығы 10 м, ені 6 м және биіктігі 3 м болатын тауық қорасында 150 тауық бар. Оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін бір құсқа сағатына 3 м3 ауа қажет.

Сұрақ: тауық қорасында сағатына қанша ауа берілуі керек?

 

59-жағдаяттық тапсырма: көп деңгейлі құс қорасы үшін ауа алмасуды есептеу

Жағдай: үш деңгей бар көп деңгейлі тауық қорасында сағатына бір құсқа 6 м3 ауа алмасуды қамтамасыз ету қажет. Қораның ауданы-100 м2, онда 1200 тауық бар. Қорада ауа алмасу қандай көлемде қамтамасыз етілуі керек?

Сұрақ: ауа алмасудың қажетті көлемін қалай есептеуге және анықтауға болады?

 

60-жағдаяттық тапсырма: сүт фермасындағы ауа алмасуды есептеу

Жағдай: сүт кешенінде 50 сиырды ұстау үшін сағатына бір жануарға 15 м3 ауа алмасуын қамтамасыз ету қажет. Бөлменің өлшемдері-ұзындығы 30 м, ені 15 м және биіктігі 4 м.

Сұрақ: сүт кешенінде сағатына қанша ауа көлемі қамтамасыз етілуі керек?