Главная / Образовательные программы / Аграрлық менеджмент (магистратура)
Аграрлық менеджмент (магистратура)

Аграрлық менеджмент (магистратура)

МАГИСТРАТУРА  – 7М04101- «Аграрлық менеджмент»

Біліктілік: 7М04101 – «Аграрлық менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі –2 жыл.

Оқу түрі –күндізгі

Білімді қолдану аумағына қысқаша сипаттама:  «Аграрлық менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада оқыту жоғары деңгейлі, теориялық, талдаушылық, қолданбалы білімдермен дағдыларға ие кәсіпқойларды даярлауға бағытталған.

7М04101 - «Аграрлық менеджмент» мамандығы бойынша магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің нысандары: қызмет көрсету сферасы мен аясы бойынша тәуелсіз барлық меншік нысанындағы ұйымдармен кәсіпорындар; мемлекеттік және жергілікті басқару органдары және инфрақұрылым; оқу орындары; ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу және сарапшылық-қызметкөрсету ұйымдары, ведомствоаралық, аймақаралық және халықаралық ғылыми жобалық ұйымдар.

7М04101 - «Аграрлық менеджмент» мамандығы «Аграрлық менеджмент» мамандануы бойынша магистерлік курсы «Студенттермен алмасу бойынша неміс қызметінің аграрлық менеджмент және ауылдық аймақтарды дамыту жобасы бойынша магистерлік бағдарламалардың халықаралық жүйесі (ДААД)» қауымдастығының қатысушысы болып табылады. Бірыңғай оқу жоспарлары желісі арқылы Қазақстан, Германия, Украина, Ресей, Грузия, Армения және т.б. аграрлық университеттерінде серіктестік қарым-қатынастар жүзеге асырылуда.

2015 оқу жылынан бастап неміс тілді (DSG) магистрлік курс енгізілді. Бұл курс білім алушыларға Алманияның ауыл шаруашылық секторында біліктілікті арттыруға және Алманияда орналасқан Вайенштефан-Триздорф университетінде тәжірибелік  және теориялық семестрлерде оқуға мүмкіндік береді. Үздік білім алушыларға барлық шығыстарды өтеу үшін (Sur-Place Stipendium, DAAD) атты стипендиялар және семестрлік гранттар беріледі. DSG магистрлік курсты бітірген түлектер жергілікті ауылшаруашылық саласы бойынша  және неміс  халықаралық компаниялармен ынтымақтастық жасау мақсатында жеткілікті құзыреттерге ие болып саналады.

"Аграрлық менеджмент" бағдарламасы экономиканың даму тенденциялары мен еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, табысты бизнесмендер тобы әзірлеген болатын. Магистрлерді даярлаудың білім беру бағдарламасын іске асыруға: 6 ғылым докторы, 30 ғылым кандидаттары және PhD докторлары, оның ішінде 10-нан астам "ЖОО үздік оқытушысы" атағы және ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері, Қазақстан мен Германияның қос диплом иегер-оқытушылары; шетелдік жоғары оқу орындарының докторантура түлектері; Вайенштефан – Триздорф (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінің профессорлары; белгілі аграрлық ғалымдар; әкімшілік - басқару жұмысында үлкен тәжірибесі бар басқарушы-практикалар тартылды.

Білім беру бағдарламасының мақсаты:  «Аграрлық менеджменті» бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты ауылшаруашылық саласындағы көптеген міндеттерді өз бетінше және жауапкершілікпен орындауға қабілетті және ауылшаруашылық кәсіпорындарын басқаруға және кеңестер алуға дайын, өзінің теориялық және практикалық білімі бойынша білікті мамандандырылған ауылшаруашылық менеджменті үшін магистрлерді даярлау болып табылады. Ауылшаруашылық зерттеулерінде, агроөнеркәсіптік басқару компаниялары мен сервистік компанияларда, сонымен қатар ғылыми зерттеулерде осы білім саласында жаңа білімдер ұсынады. Даярлаудың барлық кезеңдерінде магистранттардың өзіндік іздену және зерттеу жұмыстарына алғышарттар жасау және менеджмент саласындағы жеке және кәсіби қызметтегі жетістіктерді ескере отырып олардың білім беру жолдарын құру мүмкіндігі.

7М04101- «Аграрлық менеджменті» БББ оқу нәтижелері

Осы бағдарламаның түлектері келесідей оқу нәтижелерін көрсете алады:

ON1 Халықаралық нарықта жұмыс істеу үшін әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени және тілдік дағдыларды толерантты қабылдай отырып, ұжымды өзінің кәсіби қызметі саласында тиімді басқару.

ON2 Ақпаратты талдау, тексеру, кәсіби, оның ішінде педагогикалық қызмет барысында оның толықтығын бағалау, игерілген ғылыми әдістер мен қызмет тәсілдерін рефлекстеу.

ON3 Педагогикалық шеберлік дағдыларын, презентация өнерін, проблеманың жай-күйін сыни талдау дағдыларын қолдану

ON4 Стратегияларды әзірлеу, аграрлық  кәсіпорындардың өндірістік қызметін жоспарлау және оларды іске асыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру

ON5 Тауарларды  тұтынушылардың саяси жағы мен мінез-құлқын экономикалық талдау, экспорт пен импортқа бағытталған агроөнеркәсіптік кешеннің халықаралық сауданың сұранысы мен ұсынысын қалыптастыру.

ON6 Жалпы экономикалық және жалпы саяси жүйеде аграрлық саясатты бағалау, аграрлық саяси стратегиялардың / құралдардың институционалдық іске асырылуын және олардың аграрлық секторға ықпал ету үшін мақсатты пайдаланылуы бағалау қабілеті.

ON7 Адам ресурстарын басқаруға, жеке адамға да, топқа да әртүрлі тәсілдерді қолдану, кадрлық стратегияны жоспарлау мен іске асырудың әдістері мен технологияларын меңгеру .

ON8 Аграрлық менеджмент саласындағы күрделі міндеттер мен проблемаларды шешу, жетекші елдердің өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы салаларын өнімдерін өндіру тәжірибесін пайдалану, ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланудан инновациялық тәсілді жүзеге асыру, менеджменттің қазіргі заманғы технологияларына сәйкес өндірісті басқаруды жүргізу қабілеті

ON9 Кәсіпорын деңгейіндегі негізгі өндірістік-экономикалық өзара байланысты талдау, кәсіпорын қызметін жоспарлау және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын талдау, жоспарлау және қаржыландырудың барлық міндеттерін дербес өңдеу үшін инвестицияларды есептеу әдістерін қолдану.

ON10 Ұйымдастырушылық  және жеке менеджментті дамыту тұжырымдамаларын жасай білу, жылдық баланстарға, өндірістік көрсеткіштерге талдау жүргізу және кәсіпорындағы бақылау жүйесін дамытуды дамыту үшін шығындар сметасын құру дағдылары, сондай-ақ консалтингтік ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.

ON11 Басқару,  жоспарлау және бақылау сияқты өндірістік процестерді рационализациялау құралы ретінде деректерді өңдеудің электрондық жүйелерін пайдалану және оларды ақпараттық ұсыныстар жасау үшін пайдалану, қолданбалы эмпирикалық әлеуметтік зерттеу секілді  статистиканың негізгі әдістерін қолдана білу, кәсіпорын қызметін талдау нәтижелерін есептей, бағалай және ұсына білу.

ON12 Кәсіпорындағы өндірістік процесті талдау, экономиканың инвестициялық жоспарын және кәсіпорынның кірістілігі, өтімділігі, тұрақтылығы ретінде өндірістің маңызды көрсеткіштерін есептей және бағалай білу.

 

Байланыстар: «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасының меңгерушісі Нукешева Анар Жаскайратқызы, 39-82-08

е-mail:annukesheva@mail.ru