Басты бет / Ғылым / Коммерцияландыру кеңсесі
Коммерцияландыру кеңсесі


    Астана қ-сы, Жеңіс даңғылы, 62а
    Бас ғимарат, ректорат, 614 кабинет
    Тел.: (8-7172)-31-02-45
    Факс: (8-7172)-31-60-72
   


С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің коммерцияландыру Кеңсесі ректордың бұйрығымен С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің 2013 жылдың 25 сәуірінде өткен Ғылыми Кеңес отырысының №17 хаттамасының шешімінің негізінде 2013 жылдың 24 сәуірінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның 2010 жылдың 30 қарашасында №1308 ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға себептесу Бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізген конкурстық іріктеу нәтижелеріне сәйкес құрылды.
Коммерцияландыру Кеңсесінің мақсатары:
- аяқталған ғылыми зерттемелерді коммерцияландыру және зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу;
- университет қызметкерлерінің Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің әртүрлі меншік нысанды кәсіпорындары мен шаруашылықтарына көрсететін консалтингтік қызметтерін коммерцияландыру;
- университет зерттемелері мен қызметтерін коммерцияландыру арқылы университетті қосымша бюджеттен тыс қаржыландырумен қамтамасыз ету.
Коммерцияландыру Кеңсесінің міндеттері:
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелеріне сараптама жүргізіп, коммерцияландыру үшін келешегі бар зерттемелерді анықтау;
- университеттегі бар зияткерлік меншікті бағалау;
- маркетингтік зерттеулерді жүргізу;
- ғылыми зерттемені келешегі бар инновациялық жоба қалпына келтіру;
- инвестициялық меморандум әзірлеу және инвесторларды іздеу;
- болашақтағы зияткерлік меншікке құқықтарды үдерісте қатысатын барлық тұлғалардың арасында бөлу және заңды бекіту бойынша саясатты жасау;
- зияткерлік меншікті қорғау мен лицензиялау бойынша сабағаттық қызметтер көрсету;
- технологияларды өндіріске енгізу кезеңінде коммерцияландыру жобаларын басқару;
- зияткерлік меншік нысандарын әрі қарай түрлендірудің бағыттарын таңдау және сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету;
- өндірістік компаниялардың тапсырысы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жүзеге асуын қамтамасыз ету;
- басымдылықты салаларда мемлекеттік немесе халықаралық бағдарламалар/қорлар есебінен қаржыландыратын жаңа зерттеулердің жүргізілуін қамтамасыз ету;
- ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен зерттемелерді коммерцияландыру мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерімен байланыс орнату;
- жаңадан жоғары технологиялы start-up компанияларын құру.

Ірі қара малдың өнімділігін арттыру үшін жемшөп қоспалары

"Ғылым, технологиялар және халықаралық технологиялардың трансфері саласындағы халықаралық ынтымақтастық стратегиясын жетілдіру: саясат пен тәжірибе" атты Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуро экономикалық комиссия делегациясымен кездесу.
Коммерцияландыру кеңсесі өзінің қызметінде келесі құқықтық және нормативтік актілерді нұсқа етіпқолданады:
1. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы,
2. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы № 381-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы, 
3. Қазақстан Республикасының Патент Заңы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы.
 

2012-2013 оқу жылында С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің ғылыми зерттемелері мен технологияларын коммерцияландыру бойынша қысқаша нәтижелері

«XXI ғасырдың ағартуы мен ғылымы - 2013» атты 10-шы Қазақстандық Халықаралық көрмесіне қатысу, Астана қ-сы, «Көрме» көрме орталығы, 2013 жылдың 20-22 ақпаны

«KOSTANAY INVENT 2013» атты I-ші Инновациялық Форумының аясында өткізілген инновациялық зерттемелердің көрмесіне қатысу, Қостанай қ-сы, 2013 жылдың 11 сәуірі

«Менің жобам – болашаққа салған инвестиция» атты республикалық ғылыми-көрмелік форумына қатысу, Астана қ-сы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013 жылдың 15 мамыры

Мерейтойлық 10-шы «Шапағат» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты кешінің аясында келешегі бар өнертабыстар мен зерттемелердің көрмесіне қатысу, Астана қ-сы, Өнер Академиясы, 2013 жылдың 23 мамыры

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның қаржы құралдарының мүмкіндіктері арқылы инновациялық қызметті дамыту сұрақтары бойынша семинар ұйымдастыру, Астана қ-сы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 2013 жылдың 11 маусымы

«Астана Innovations» АҚ қаржылық құрал арқылы инновациялық жобаларды қаржыландыру бағдарламасы бойынша семинар ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары білім беру орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы Ғылыми-білім беру консорциумының қызметін үйлестіру бойынша Жұмыс комиссиясының екінші отырысының аясында ұйымдастырылған ҚР ғалымдары ғылыми жетістіктерінің көрмесіне қатысу, Астана қ-сы, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2012 жылдың 8-9 қарашасы

Ғылыми-зерттеу жобаларын коммерцияландыру мақсатында конкурсқа қатысу туралы семинар

30 сентября 2016 г. на базе КАТУ им.С.Сейфуллина офисом коммерциализации совместно с АО «Фонд науки» был проведен семинар по разъяснению основных условий и требований конкурса на грантовое финансирование проектов коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности на 2016 год, организатором которого выступает АО «Фонд науки» от лица ГУ «Комитет науки Министерства образования и науки Республики Казахстан».

Цель проведенного семинара – разъяснение основных конкурсных условий, оказание содействия в подготовке заявок ППС, повышение качества заявок, подаваемых в конкурсах на коммерциализации.

В семинаре приняли участие представители АО «Фонд науки» Директор проектной дирекции 1 - Искаков К.О., Директор проектной дирекции 2 – Омаров К.К., Координаторы проектов – Мун А., Кажкенов Г.З., Аманжолова А., а также представтели Университета - Директор Департамента науки и инновационной деятельности – Нукушева С.А., Руководитель офиса коммерциализации - А.Нурмуханбетова, патентовед Университета - А.Сауганбаев, а также ППС Университета.

В ходе встречи представители Оператора конкурса дали разъяснения по конкурсным условиям, основным проблемам и ошибкам, допускаемым при подготовке заявок, дали рекомендации по проектам, планируемым к подаче ППС Университета.

Семинар с участием ППС КАТУ

Презентация условий конкурса

"Ғылым, технологиялар және халықаралық технологиялардың трансфері саласындағы халықаралық ынтымақтастық стратегиясын жетілдіру: саясат пен тәжірибе" атты Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуро экономикалық комиссия делегациясымен кездесу

28.10.2014 ж. «С.Сейфуллин атындығы Қазақ агротехникалық университетінде» Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуро экономикалық комиссия делегациясымен ғылым, технологиялар және халықаралық технологиялардың трансфері саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың стратегиясын жетілдіру мәселерін қарастыру жайлы кездесу өтті.

Аталған стратегия халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастығы мен сауданың нақты бағыттарын анықтап технологиялардың даму үшін ең маңызды факторлардан бірі болып табылады, сонымен бірге жаңа технологиялар мен интеграциялық үдерістерінің тікелей шетелдік инвестицияларды тарту арқылы дамуына мүмкіндік тұғызады.

Аталған іс-шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуро экономикалық комиссиясының төмендегі өкілдері қатысты: Малкольм Пари (Malkom Parry) – Суррей (Surrey) ғылыми-зерттеу паркінің басшысы, британиялық ғылыми парктің қауымдастығы (UKSPA) негізін қалаушылардың бірі, қазіргі таңда басқарма төрағасы қызметін атқарады; Ральф Хайнрих (Ralfh Heinrich) - БҰҰ Еуро экономикалық комиссиясының инновациялық саясатты дамыту секциясының бастығы; Т.М. Шалабаев– «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры, және университеттің профессорлық оқытушылық құрамы қатысты. Баяндамашылар Суррей зерттеулік университетінің және ғылыми-зерттеулік паркінің технологиялық трансфер үдерісі туралы тәжірибесін, сонымен қатар ұлттық және халықаралық сарапшылар тобы және Еуро экономикалық комиссиясының өкілдерімен бірге дайындалған Қазақстанның инновациялық дамуы шолуы көрсетілді.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ халықаралық ынтымақтастық орталығының директоры Т.М. Шалабаевтың сөзі

Суррей (Surrey) ғылыми-зерттеу паркінің басшысы, британиялық ғылыми парктің қауымдастығы (UKSPA)

басқарма төрағасы Малкольм Пари (Malkom Parry)

С.Сейфуллина тындағы ҚАТУ ғалымдары

«Қымыз-2015» атты Үшінші Халықаралық форум

2015 жылы 4 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қымыз-2015» атты Үшінші Халықаралық форум өтті.

Іс-шараға университет ректоры, профессор Ақылбек Күрішбаев, ҚР Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов, Мажарстан Елшілігінің екінші хатшысы, экономика жөніндегі атташе Нандор Картеси, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің ішкі көш-қон басқармасының сарапшысы Жақсыгүл Нүсіпбаева, ҚР Президенті жанындағы Әйел істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшысы, «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының төрайымы Шолпан Сыздықова, Жапония Елшілігінің атташесі Фуруя Каору мырза, Моңғолия Елшілігінің сауда-экономикалық кеңесшісі Церендулам Базар, Италия Елшілігінің коммерциялық мәселелер жөніндегі атташесі Джанкарло Гобби, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдары, шетелдік елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жылқы өсірушілер мен ұлттық қымыз өнімін өндірушілер қатысты. Форум жұмысына 150-ден астам адам қатысты.

Университет ректоры өзінің құттықтау сөзінде қымызды әлемдік нарыққа шығару Қазақстан Республикасының басты брендтерінің бірі екендігіне тоқталды.

Шолпан Сыздықова ұлттық қымыз өнімін өндірудің ұмытыла бастаған көне рецепттерін қайта жаңғыртып, халқымыздың ұлттық-мәдени мұрасын сақтай білудің маңыздылығын атап өтті.

Үшінші Халықаралық «Қымыз – 2015» форумында жылқы өсіруді дамыту, ұлттық рецепт бойынша қымыз өндіру мәселелері, жылқы шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және тұтыну тәрізді өзекті мәселелер қарастырылды.

Форум соңында арнайы қарар қабылданды.

 

Университетт ректорі А.Қ. Күрішбаевтың сөзі

Бие сүтінен негізделген ауыл шаруашылық өндірушілердің өнімдері

Бие сүтінен негізделген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көрмесі

«Нуржамал» ШҚ өнімдері

Аскаров С. шаруашылығының өнімдері                                           Ауыл шаруашылық өндірушілердің өнімдері

«Здоровое питание, ковчег вкуса Казахстана» атты Бірінші Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы

2015 жылдың 11 қыркүйек айында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университетінде «Slow food Astana» Ассоциациясымен  бірлесіп «Здоровое питание, ковчег вкуса Казахстана» атты Бірінші Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.

Аталмыш жоба елімізде ұқсастығы жоқ және мазмұны бойынша бірегей болып табылады.

Конференцияға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты: Қазақстандағы Италия елшіліктің коммерциялық сұрақтар бойынша атташе– Джанкарло Гобби мырза, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) тұрақты өкілдіктің орынбасары - Туя Алтангерел, Slow Food Astana Халықаралық Ассоциация үкіметінің Лидері – Ахметова Х.Ж., "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығының басқармасы – Ш.В.Сыздықова, Slow Food Almaty Конвивиумның Лидері - Левин В.Г., шағын және орта бизнес өкілдері, білім беру жүйесін ұйымдастыру өкілдері, және университетіміздің профессорлары мен оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер.

Іс-шаралардың негізгі серіктестіктері болып «Slow Food International», «Slow Food International» Қазақстандық конвивиумы, "Отбасым" ұлттық құндылықтар орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасы ұйымдары қомақты үлес қосты.

Конференцияның жұмысына 250 адам қатысты, оның ішінде ғалымдар, мемлекеттік органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері, қоғамдық тамақтандыру саласының қайраткерлері, фермерлер, бағбандар, көкөніс өсірушілер, сондай-ақ, Италия, Ресей, Қырғыстан және Қазақстан аймақтарының өкілдері.

Конференция аясында «Қазақстан тағамдарының дәмі– біздің тарихымыз, мәдениетіміз, дәстүріміз» атты көрме ұйымдастырылды

Көрмеде ұмыт болып бара жатқан дәстүрлі тағамдармен таныстырып, астың дәмін тату рәсімі өткізілді.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Гендельман атындығы залда Университеттін ғалымдары, бизнес және мемлекет мекемелерінің өкілдері

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өнімдерінің көрмесі

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өнімдерінің көрмесі

«Қаржыландыру және коммерцияландыру құралдары: тәжірибелік аспектілер» атты семинар

2015 ж. 9 қазаннында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да коммерцияландыру кеңсесі, «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ (бұдан әрі - АҚ ҰТЖА) және «Ауыл шаруашылығы технологиялар трансферті және коммерцияландыру орталығы» ЖШС –мен бірлесе отырып «Қаржыландыру және коммерцияландыру құралдары: тәжірибелік аспектілер» атты семинар өткізілді.

Семинардын негізгі мақсаты ПОҚ, жас ғалымдар мен университетінің студенттеріне ғылыми зерретмелерді мен технологияларды коммерцияландыруына көмектесу. Іс-шара барысында АҚ ҰТЖА мамандары – Ж.А. Жұмадилова және М.Ж.Суюндуков (патент сенімгері) АҚ ҰТЖА –ның гранттары мен коммерцияландыру гранттардың жаңа түрлерінің жаңа шарттары туралы баяндама жасап түсініктемелер берді. Оқшаулау технологиялар «Ауыл шаруашылығы технологияларын трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» ЖШС-ның локализация технология бөлімінің директоры К.К. Омаров ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды және технологияларды жылжытылуы туралы ақпарат ұсынды, зияткерлік меншік саласындағы менеджері З.Ф.Тағаев, зияткерлік меншікті қорғау саласындағы сұрақтарды және лицензиялық келісімдері шарт жасау туралы жарық етті.

Семинарға 120-дан астам адам, соның ішінде коммерцияландыру үшін жобалары бар ПОҚ, жас ғалымдар, университетінің студенттері, «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС, «Kazakhstan Investment Services and Solutions» консалтингтік компаниясы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Назарбаев Университет коммерцияландыру кеңселеріның өкілдері т.б. қатысты.

Қазақстанның зияткерлік меншік жүйесін дамыту бойынша ЭЫДҰ-ның делегациясымен кездесу

2015 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұрауы бойынша «Инновациялық саясатты оңтайландыру арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасынын аясында мемлекеттік зияткерлік меншік жүйесін шолуын дайындау мақсатымен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ –ке жұмыс сапарымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (әрі қарай- ЭЫДҰ) делегациясы келді.

Шолу дайындаудың негізгі мақсаты Қазақстандағы ұлттық зияткерлік меншік жүйесін жетілдіру арқылы инновациялық қызметтің нәтижелілігіне ықпал етіп мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз етуіне бағытталған ұсынымдарды дайындау. Зерттеу ұлттық зияткерлік меншік жүйесінің терең сараптауларына жүгініп осы саладағы «ең үздік тәжірибелеріне» негізделген ұсыныстарды дайындайды.

Делегацияның құрамына Хосе Раймонд де Рос докторы (ЭЫДҰ кеңесшісі, Мадрид автономды университетінің доценті, Испания), Чэнь Чжао мырза (ЭЫДҰ кеңесші, Париж, Франция), М. Нуракишева - ЭЫДҰ кеңесші және А. Өтеғұлов - - ақпарат- аналитикалық орталығының сарапшысы кірді.

Кездесу барысында Қазақстанның жоғары оқу орындарында инновацияларды жүзеге асыру мүмкіндігі, олардың даму шектеулері талқыланды; ғылыми зерттеулер үшін зияткерлік меншіктің рөлі, өнеркәсіпті қолдау және оларды инновациялық процесіне тарту мәселесі, Университеттерде зияткерлік меншікті пайдалану мүмкіндіктері мен шектеулері туралы сұрақтар және университеттің сарапшылардан зияткерлік меншік жүйесін дамыту туралы кеңес алу.

Университеттің зияткерлік меншік саласындағы мәселелерді талқылау

Университеттің өкілдері және ЭЫДҰ делегациясы

С.Сейфуллина атындағы КазАТУ-де «Технологияларды коммерцияландыру» жобасының тәжірибесі атты оқыту семинар өткізу туралы

    2016 ж. 3 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ –да коммерциялау кеңсесі «Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойлар Альянсы» ҚБ-мен бірлесіп «Технологияларды коммерцияландыру» Жоба басқару тобының қатысуымен «Технологияларды коммерцияландыру» жобасының тәжірибесі атты оқыту семинар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты профессорлық-оқыту құрамының, жас ғылымдардың жобаларын коммерцияландыру саласындағы байқауларға дайындау болды.

      Іс-шараға Басқарма Төрағасының стратегиялық жоспарлау, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары – Могильный С.В., «Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойлар Альянсы» ҚБ-нің Басшысы – Шәменов Ә.А., «Технологияларды коммерцияландыру» жоба басқару тобының директоры – Д.М.Досқараев, «Технологияларды коммерцияландыру» жоба басқару тобының директордың орынбасары – Г.Мұстафа, қаржылық менеджері- Ж.Тілеубергенова, сатып алу саласының маманы – Б. Жангужин, және профессорлық-оқыту құрамы, жас ғылымдар, студенттер арасынан 65 адам қатысты.

      Семинарда «Технологияларды коммерцияландыру» жобаның тәжірибесі, оның жүзеге асырудың негізгі нәтижесі, сонымен қатар келешектегі коммерцияландыру саласындағы байқауларына қатысу мақсатымен жобаларды дайындау шарасында қаржылық жоспарын қалыптастыру, еңгізу жолдарын, маркетинг, сатып алу және басқа да сұрақтар қарастырылды.

   Сонымен бірге С.Сейфуллина атындағы КазАТУ «Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойлар Альянсы» ҚБ-мен коммерцияландыру саласындағы құзыретін дамыту мақсатымен ұйымдастырылған іс-шараны арқылы ынтымақтасты жүзеге асырған жоғарғы оқыту орындар арасынан алғашқылардың бірі болғанын атап өткен жөн.                                  

«Технологияларды коммерцияландыру» жоба басқару тобының директоры – Д.М.Досқараевтың сөзі

Университеттің жетекші ғалымдарымен кездесу

«Технологияларды коммерцияландыру кәсіпқойлар Альянсы» ҚБ-нің Басшысы – Шәменов Ә.А  сөзі

Жастар кәсіпкерлігін дамыту

    2018 жылы 24 - 25 ақпанында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бастамасымен өткізіліп жатқан Astana Innovations Challenge -2018 стартап-марафонының аясында, «Астана Innovations» АҚ және Бизнес-инкубатор MOST ұйымдастырған Бірінші Open Data Hackathon өтті.

  35 командалардың арасынан «Қазақ агротехникалық университеті С.Сейфуллин атындағы» АҚ «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2-ші курс студенттері Серікбаев Нұрбол, Кунхожаев Нурхожа, Райс Ербол Хакатонның HERE Technologies и Astana LRT атты серіктес компаниялардың 500 000 теңге көлемінде арнайы жүлдесіне ие болды.

   Аталған серіктес компаниялардың ұсынылған мәселері бойынша ҚАТУ студенттері толықтырылған шындық технологиясын пайдалана отырып қоғамдық көлікте жолаушылар легін, автобустар қозғалысын, жүру кестелерін қадағалау AR Bus (Augmented Reality-дополненная реальность) атты жобасын ұсынды.

     Байқаудың қорытындысы бойынша HERE Technologies и Astana LRT атынан студенттер жобаны іске асыру бойынша келісім-шарт жасасу туралы ұсыныс алды.

Студенттер мен жас ғалымдар «Шапағат» атты өнертабыс саласындағы жетістіктер байқауының жеңімпаздары мен дипломанттар арасындағы кездесу

2016 ж. 02 наурыз күні ҚР Әділет Министірлігінің Республикалық «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК (әрі қарай – РМК «ҰЗМИ»)бірлесіп Университетінің қабырғасында студенттер мен жас ғалымдар «Шапағат» атты өнертабыс саласындағы жетістіктер байқауының өткен жылдардың жеңімпаздары мен дипломанттар арасындағы кездесуге қатысты және олардың жобалар мен зерттеулерімен танысты.

Отырысты алғы сөзбен және университеттің патентоведтік саласындағы қызметінің дамуы туралы баяндамамен Коммерцияландыру кеңсесінің басшысы – А.Нұрмұханбетова ашты, және РМК «ҰЗМИ» директорының орынбасары K.O. Батаева жыл сайын өткізілетін «Шапағат» байқауы туралы ақпаратты ұсынды.

Кездесуге Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының арасынан шыққан жеңімпаздар, яғни 2008 жылдың «Жыл өнерпазы» номинациясы бойынша бас жүлдегері «Приишимский» атты жаңа Қазақ ақ, қара-ала малдың жаңа түрінің селекциялық жетістіктің серіктес авторы а/ш.ғ. д., проф. Л. В. Әлімжанова; «Әйел-өнертапқыш» номинациясы бойынша 2011 ж. дипломмен марапатталған «Штамм гибридных культивируемых клеток животных MUS MUSCULUS L., продуцент моноклональных антител к полисахаридному антигену Trichophyton verrucosum» және «Способ серологической диагностики трихофитии крупного рогатого скота» патенттердің серіктес авторы б.ғ.д, Кухар Е.В., сонымен бірге сырттан келген Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының Травматология инновациялық технологиялар және ортопедия бөлімінің бөлімше меңгерушісі м.ғ.к. Т. H Тұрғымбаев; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтының микробиология зертханасының меңгерушісі – б.ғ.к. В.В. Ремеле; ҚР БҒМ Биотехнология ұлттық орталығының өкілі – 2012 ж. «Жыл өнерпазы» номинациясы бойынша жеңімпазы - Г.А. Данлыбаева; ЕҰУ-ның коммерциализациялау департаментінің инновациялық және патенттеу бөлімінің басшысы А.Е. Досанова сондай-ақ РМК ҰЗМИ өкілдері, патенттік агенттер қатысты.

В семинаре приняли участие около 50 слушателей из числа самых активных студентов, осуществляющих научно-исследовательскую деятельность. Живой интерес аудитории вызвал каждый проект, который продемонстрировал возможности к развитию изобретательства в Казахстане, и возможности выхода отечественных разработок на международный уровень при условии обеспечения соотвествующей защиты интеллектуальной собственности.

Іс-шараға ғылыми-зерттеу қызметпен айналысатын ең белсенді студенттер арасынан саны 50-ге жақын студенттер қатысты. Ұсынылған әр-бір жоба тиісті зияткерлік меншік қорғауды қамтамасыз ету шартын орындай отырып Қазақстандағы өнертапқыштықтың дамуын, және отандық ғылыми зерттеулердің халықаралық деңгейде шығу мүмкіндіктері бар екенің көрсетіп қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.

Коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі А.А.Нұрмұханбетованың сөзі

«ҰЗМИ» директорының орынбасары K.O. Батаева

Өткен жылдары «Үздік өнертапқыш» саласында марапатталған Астана каласындағы травматология-ортопедия

ғылыми зерттеу институтының Раймағамбетов Е.К. –нің өкілі, және «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық

мемлекеттік кәсіпорнының өкілі Данлыбаева Г.А.

ҚАТУ- дің жас ғалымдары, магистранттар. студенттері

Назарбаев Университетінде Astana Business Campus Quick Start акселерациялық бағдарламасына арналған семинар туралы

   2016 ж. 27 қыркүйегінде коммерцияландыру кеңсесі «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖММ-мен бірлесе отырып, Университеттін қабырғасында АВС Quick Start акселерациялық бағдарламасы бойынша семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты - университет студенттері мен жас ғалымдары арасында кәсіпкерлікті дамыту.

   Аталған семинарға «NURIS» ЖММ бизнес-инкубатор Директоры - Б. Сұлтанғазин, бизнес-инкубатор менеджері - А.Сеитова, коммерцияландыру кеңсесінің басшысы - A.Нұрмұханбетова, университетің патент жүргізушісі - A.Сауғанбаев, университеттің студенттері мен жас ғалымдары, семинарға барлығы 90-нан астам адам қатысты .

   Кездесу барысында Astana Business Campus инновациялық кластерінің алаңында Назарбаев Университетінде өтетін бастаушы стартап-компанияларға, өнертапқыштар мен инноваторларға арналған АВС Quick Start акселерациялық бағдарламасы бойынша ақпарат берілді. Бағдарламаның басты мақсаты - студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлердің инновациялық идеяларын қолдау, және перспективалық бизнес-идеялар мен жобаларды іріктеп жеделдету.

   Шақырылған спикерлер жеделдету бағдарламасына қатысудың негізгі шарттары мен талаптарын, сонымен бірге қатысудан пайдасы тұралы түсіндірді – іріктеуден өткен 10 команда, 10 мың АҚШ доллары көлемінде қаржыландырылады, 12 апта бойы бизнесті дамыту тақырырбында оқытылады, тәлімгерлерден қолдау алады және потенциалды инвесторларға (отандық және шетелдік инвесторлар, бизнес -періштелер және венчурлық қорлар) өз жобаларын ұсынуға мүмкіндігін алады. Финалдың жүлдегерлері халықаралық инвестициялық алаңдарында өз жобаларың ұсынады.

   Өткізілген семинар студенттердің қызығушылығын білдіріп іс-шараларға қатысудың негізгі шарттарын, мемлекеттік тілде өтінім беру, Назарбаев Университетінің бизнес-инкубатор жағынан қөмектері туралы сұрақтар тудырды.

 Іс-шараға алдын ала тіркелу www.quickstart.kz сайтында 12 қазанға дейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ https://www.facebook.com/abcsciencepark ФБ-дегі Astana Business Campus парағындағы анонстарды қарап отыруға болады.

  

ҚАТУ студенттерінің, магистранттарының, жас ғалымдарының қатысуы

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің студенттері 2016 жылы Enactus Kazakhstan 2016 атты Ұлттық жарыста жартылай финалға шықты

«Enactus KazATU кәсәіпкерлік клубы» атты қауымдастығын ұйымдастырған Университеттің студенттері 2016 жылы 5-6 мамыр айында Алматыда өткізілген Enactus Kazakhstan 2016 Ұлттық жарысқа қатысып жартылай финалға шықты.

Жыл сайын өткізілетін Enactus Kazakhstan ұлттық жарыс - Enactus бағдарламасы аясында студенттер өзінің еңбектерімен қоғамға қандай әсер еткенін көрсету мақсатымен өткізілетін негізгі, маңызды және серпінді іс-шараның бірі. Бизнес көшбасшылары арасынан таңдалған қазылар алқасының алдында бағалау үшін командалар өздерінің бизнес жобаларын ұсынады. Жобаларды бағалағанда кәсіпкерлік арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту - негізгі критерийі болып табылады. Ұлттық жарыстың жеңімпазы Enactus Әлем кубогында өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алады.

Өткізілген байқауда кәсіпкерлік саласында, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды еліміздің барлық өңірлерінен 48 команда өкілдері ұсынды. Университет командасы 2015 жылы алғаш рет қатысып, екі жыл қатарынан жартылай финалға жетіп, Қазақстан жоғары оқу орындарының арасында мықты командаларымен кездесті. Университет командасы жас кәсіпкерлердің және инновациялық бизнес-идеяларды ұсынған жаңашылдардың 3 старт-ап жобасын ұсынды.

ҚазАТУ-нің Enactus KazATU командасы «Enactus Kazakhstan ұлттық EXPO 2016 ойынның жартылай финалға қатысушылары» қабырға белгісімен, қатысу грамоталармен марапатталды, команда капитаны Байдуллаев Қ. «Үздік капитан» атанып, алғыс хатпен марапатталды.

Команданың дипломы

Команда құрамы

Жобалардың презентациясы

Стратегияны талқалау

«Кемел Кәсіпкер» атты бизнес-кейстерді шешу чемпионатына С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттері қатысты

2016 ж. 20 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ студенттері жастардың арасында тиімді өмірлік стратегиясы ретінде кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін «Кемел Кәсіпкер» атты бизнес-кейстерді шешу чемпионатынын 4-ші турына қатысып, жартылай финалға өтті.

  Кемел Кәсіпкер» атты бизнес-кейстерді шешу чемпионаты қатысушылары өздерінің білімдерін, аналитикалық және шығармашылық дағдыларын пайдалана отырып, нақты бизнес-іс шешімдерді шешу үшін ықтимал жолдарын ұсынатын бірнеше іскерлік ойындар және кәсіпкерлікті дамытатын викторина болып табылады. Жобаның ұйымдастырушылары «Атамекен» атты Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматы Менеджмент университеті (AlmaU) сонымен бірге «SANA Eurasia» қоғамдық қоры.

   Іскерлік ойынға қатысу топпен бірігіп жұмыс істеу және жобаларды презентациялау дағдыларын дамытуға көмектеседі; бизнесті жүргізуге қабілеті жоғары, белсенді және дарынды жастарды анықтайды; елдің экономикалық және әлеуметтік прогресстің маңызды факторы ретінде, жастар кәсіпкерлігінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

   Университет студенттері Байдуллаев Қыдыр (техникалық факультеті), Бозтай Арухан (экономика факультеті), Сәрсенбаев Нұрболат (факультеті) қатысу сертификаттарымен марапатталды.

      Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы жоғарыдағы аталып кеткен іс-шараға ұқсас «Темір кәсіпкер» атты іскерлік ойынға қатысып, компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің студенті Абилакимов Жандос құрама командасының ішінде басты жеңімпаз атанды, Мәскеуде өткізілген соңғы финалға шақырылды.

Университеттің студенттері

Интеллектуалды ойынға қатысушылар 

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы және Қарағанды облысының әкімі Н. К. Әбдібеков басқаруымен Қарағанды облысының активімен ауыл шаруашылығындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша бірлескен кездесуі

2017 жылдың 2 наурызында «Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыттары мен отандық агробизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі» атты  Қазақстан Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К. Божко төрағалығында Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы шеңберінде Университеттің ғылыми жетістіктерінің көрмесі өткізілді. Отырыс барысында ҚАТУ С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің негізінде ғылыми-зерттеу университетін құру, сонымен бірге АӨК үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселелері қарастырылды. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, коммерциялық емес білім беру мекемелері, ғалымдар мен практиктер қатысты.

2017 жылдың 3 наурызында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында өзара тиімді ынтымақтастық туралы Қарағанды облысының активімен бірлескен отырысы өтті. Кездесу барысында аймақтық ауыл шаруашылығының бәсекелігін арттыру мақсатында Қарағанды облысының АӨК субъектілеріне отандық аграрлық ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізу, шетелдік технологияларды трансферттеу, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру мақсатында, ауылдық жерлерде ынтымақтастық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арасында замануи білімді тарату арқылы аймақтағы аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың ғылыми қолдау және практикалық көмек көрсету бойынша ұсыныстары қаралды. Кездесу барысында университеттің ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылды.

«Елбай тұқымының қой терісі» көрмесі

Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің көрмесі

Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің көрмесі

Hackathon Astana Innovations #2 жеңімпаздары

   Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетінің 1 курс магистранттарды В. Яковлев, Д. Смаилов, А. Коканбеков және 2 курс студенттерді С. Қадыркеш, Н.Серікпаев 2017 ж. қыркүйектің 23-24 Innovations Challenge шеңберінде өткізілген Hackathon Astana Innovations #2 сайысының басты жүлдегері атанды.  Іс-шараның ұйымдастырушылары - Астана қаласының әкімдігі, «Астана Innovations» АҚ, «МОСТ» бизнес-инкубаторы.

   «КазАТУ им С.Сейфуллин»,- командасы Астананың экологиясын жақсартатын тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату «Garbage Collector» атты жобаны ұсынды. Университет командасы 2018 ж. Түркияның Стамбул қаласында өткізілетін Халықаралық бизнес – періштелер мен инвесторлардың форумына, сонымен қатар The take Invest Summit атты стартаптар арасындағы халықаралық сайысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды алды.

   Астана Innovations Challenge –Астана қаласының инновациялық экожүйесінің дамуына және қаланың технологиялық мәселелерін шешуге мемлекеттік өкіметтерді, ғылым,- бизнес - стартап қоғамдастықтарын белсенді тарту арқылы өткізілетін іс – шаралар.

   Инновациялық жобалар Астананы әлемдегі ақылды, ең жайлы және қауіпсіз қалалардың біріне айналдыру тұжырымдамасы аясында дәйекті түрде жүзеге асырылуда.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы Қазақстан Республикасының Заңың түсіндіру сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің «Ғылым қоры» АҚ өкілдерімен коммерцияландыруға гранттық қаржыландыру туралы кездесу

   15.06.2017 жылы университеттің қабырғасында коммерцияландыру кеңсесімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесе Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы Қазақстан Республикасының Заңың ережелерін түсіндіру сонымен қатар «Ғылым қоры» АҚ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық қаржыландыру туралы түсінік беру кездесу өткізілді.

      Іс – шара барысында Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы ҚР Заңының коммерцияландыруға ғалымдардың қызығушылығын арттыратын заңның бабтары, оны қолдануы т.б. сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, Жобаны басқару 2 дирекциясының директоры Қ.Қ. Омаров ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық қаржыландыру өткен жылдарында өткізілген конкурстар бойынша, конкурстық ережелерінің жаңа шарттары, қаржыландару жолдары, сонын ішінде стартап құру арқылы сұрақтар талқылады.

     Университетің профессорлық-оқытушы құрамы жағынан ғылыми жобалардың жетекшілері белсенді қатысты, коммерциялауға арналған гранттық бағдарламасын жетілдіру мақсатымен ұсыныстар берілді. Іс-шараға 90-нан астам адам қатысты.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі А.А.Нурмуханбетованың сөзі

«Ғылым қоры» АҚ-ның өкілі Қ,Қ.Омаровтың сөзі

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-нің ғылыми жобалардың жетекшілері, ғалымдары

«Зияткерлік меншік объектілері және оларды Қазақстан Республикасында қорғау» атты семинар

  2017 жылдың 26 мамырында бойынша коммерцияландыру кеңсесі «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның сарапшыларының қатысуымен «Зияткерлік меншік объектілері және оларды Қазақстан Республикасында қорғау» атты семинар өткізді.

      Іс –шараға «ҰЗМИ» РМК-ның өнертабыс және пайдалы модельдердің өтінімдерді сараптау басқарманың бас сарапшысы Үмбетова Салтанат Ихласқызы; мемлекеттік тізілімдер және келісімшарттарды сараптау департаментінің бастығы Артықова Айдын Қыдырбайқызы; патенттік ақпаратты басқару және емтихан сатыларын автоматтандырубасқарманың бас маманы Ашенова Алмагүл Ибрагимқызы

    Іс-шара шеңберінде өнертабыстарға, пайдалы модельдерге құқықтарды қорғау, өтініштерді қарастырудың талаптарын, сараптаманы өткізу тәртібін, ұлттық және шетелдік деректер базалары бойынша патенттік ақпаратты іздестіруді жүргізу, кәдеге жарату келісім-шарттар бойынша өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған құқықтарды беру жолдары қарастырылып, сонымен бірге электрондық өтінім беру бойынша «ҰЗМИ» РМК-мен ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Университет пен Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешені арасындағы ынтымақтастық

     2018 ж. 18 ақпанында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Ақмола облысының белсенділерімен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында қойылған міндеттеріне сәйкес, ауылшаруашылық өндірісіне заманауи технологияларды енгізуді ұйымдастыру бойынша бірлескен жиын өтті.

   Іс-шараға университет ректоры А.Қ.Күрішбаев, ҚР АШМ-нің жауапты хатшысы Е.Б.Көшербаев, Ақмола облысының әкімі М.К.Мырзалин, аудан (қала) әкімдері мен олардың орынбасарлары, ауыл округтарының әкімдері, аудан ауылшаруашылық басқармаларының басшылары, жер комитеті жетекшілері, табиғат пайдалану басқармасының, ветеринарлық-коммуналдық кәсіпорынның, ауылшаруашылық кәсіпорындарының, аңшылық, балық шаруашылығы саласының өкілдері мен университет ғалымдары қатысты. Сонымен қатар жиында «Агрофирма» «Родина» ЖШС директоры И.А.Сауэр және «Ақмола-Феникс» АҚ бас директоры М.В.Божко сөз сөйледі.

   Жиында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ақмола облысының АӨК-не отандық аграрлық ғылым жетістіктерін ендіру, шетелдік озық технологияларды трансферлеу, мамандармен қамтамасыз етіп, олардың біліктілігін арттыру, ауылда кооперацияны дамыту және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер арасында заманауи аграрлық білімді тарату арқылы ғылыми-практикалық көмек көрсету туралы ұсынысы қаралды.

   Іс-шара соңында ҚазАТУ АҚ Басқармасы мен Ақмола облысы әкімдігі арасында агроөнеркәсіп кешені саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды. Іс-шара аясында университеттің ғылыми әзірлемелерінің көрмесі ұйымдастырылды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Күрішбаев А.К., Ақмола облысының әкімі М.Қ.Мұрзалин, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының басшылары

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өкілдері және С.Сейфуллин атындағы ҚМУ ғалымдары

Техникалық факультеттің ет және сүт өңдеуге арналған тәжірибелік-өнеркәсіптік цехының өнімдері

Агрономия факультетінің экспонаттары

Көрменің экспонаттары

Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультеті