Көптілділік – заман талабы
«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»
Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде көптілді білім беру
Қазақ агротехникалық университеті (әрі қарай –ҚАТУ) ҚР бірінші 20 ЖОО қатарлас көптілді білім беруді жүзеге асыруда. Көптілді білім беру үдерісі жоғары оқу орнында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің мақсатқа бағытталған қызметі білікті, бәсекелестікке қабілетті, қазақ, орыс және ағылшын тілін білетін, сонымен қатар ағылшын тілде академиялық жазбаның лайықты деңгейге ие мамандардың тілдік даярлауы болып табылады.
Қазіргі уақытта көптілді білім беру бағдарламаларының жалпы саны бакалавриатта 12, магистратурада 31 және докторантурада 22. Үш деңгейде жалпы 65 бағдарлама бар. 2012 жылмен салыстырғанда көп тілді білім беру бағдарламаларының саны 8 есеге артт.
Көптілді бағдарламалардың өсу динамикасы
Университетте Бағдарламаны іске асыру тиімділігінің маңызды көрсеткіші көп тілді оқыту топтарының білім алушылар контингентін арттыру болып табылады.Бұл студенттердің, магистранттардың, докторанттардың көп тілді білім алуға деген құштарлықтарын көрсетеді.
Студенттер «Information and communication technologies» сабағында
Егер бірінші жылы, атап айтқанда 2012 жылы көп тілді топтағы студенттердің үлесі (жоспарлы және нақты көрсеткіштер бойынша) 5% немесе 153 адам болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 2223-ке дейін, яғни 17,1% -ға дейін өсті.
Көптілді білім берудің бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтарының толық тізімі төмендегі сілтемеден табуға болады.
Көптілді топтарда оқитын білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатымен, ХЫжКОДО кіріс, аралық және корытынды тестілеуді компьютерлік форматта жылдың басында және әр семестрдің соңында өткізеді.
Бакалавриат, магистратура және докторантураның көптілді білім беру топтарында оқыту сапасын бақылау үшін ХЫжКОДО факультеттермен бірлесе жыл сайын білім алушыларда және ұстаздарда әлеуметтік сауалнаманы өткізеді.
Жыл сайын университетте оқытушылардың тілдік дайындығын жақсарту үшін ағылшын тілі курстары ұйымдастырылады. 2016-17 оқу жылында университеттің 180 профессорлар-оқытушылар құрамына Ұлыбритания мен Австралиядан келген ағылшын тілі оқытушылары сабақ жүргізді. 2017 жылдың желтоқсанында Босния мен Герцеговина мемлекетінен келген оқытушы университеттің оқытушыларына қарқынды ағылшын тілі курстарын өткізді.
2014-2017 жылдар аралығында Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Венгрия, Малайзия, Сингапур, Босния және Герцеговинадан 10 ағылшын тілі мамандарының қатысуымен көп тілді білім беру топтарында сабақ жүргізетін оқытушылар үшін тілдік курстар іске асырылды.
С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-да көптілді білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуы
Осылайша, келтірілген ақпарат С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде көптілді білім берудің жоғары деңгейде және табысты жүзеге асырылуын көрсетеді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.