ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТАРЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯЛАРДЫ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН 2012 ЖЫЛҒЫ КОНКУРСТАРДЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
- ғылым саласындағы сыйлықтарды: жаратылыстану ғылымдары бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми зерттеулер үшін Ш.Уәлиханов атындағы, педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеулер мен жұмыстары үшiн Ы.Алтынсарин атындағы, түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы, жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О. Әуезов атындағы;
- 75 мемлекеттік ғылыми стипендияны (оның ішінде 50-і – жас талантты ғалымдарға арналған) беруге арналған 2012 жылғы конкурстарды жариялайды.
Конкурстардың шарттарын ҚР Ғылым комитетінің сайтындағы (www.scedu.kz) «Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бөлімінен алуға болады.
Конкурстардың материалдарын жеке авторлар немесе олардың сенімді адамдарынан газетте хабарландыру шыққан күннен бастап 30 күн аралығында (хабарландыру жарияланған күн 17.08.2012 ж.) мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер Үйі, 1051 бөлме, тел. 74-24-62, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.