Главная / Образовательные программы / Агроэкология (магистратура)
Агроэкология (магистратура)

Агроэкология (магистратура)

Біліктілігі:  «Агроэкология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр 

Оқу мерзімі: 4 жыл, триместр

Білім беру саласының коды және жіктелуі6B05 – “Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика 

Дайындау бағыттарының коды мен жіктелуі: 6В052 – “Қоршаған орта” 

Білім берудің халықаралық стандартты сыныптамасының коды: 0520

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

Бакалаврлардың кәсіби қызметінің салалары: өндірістік, басқарушылық, ғылыми-зерттеу және білім беру саласы, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау, табиғи ортаның сапасын және адам денсаулығын бақылау, ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілерінің (топырақ, су, ауа, өсімдік) тозуын болдырмау, азайту және жою бойынша шараларды әзірлеу және аграрлық сектордағы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру бойынша іс-шараларды практикада жүргізу болып табылады. 

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы:

Кәсіби қызмет саласы:

Бакалаврлар кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ұйымдастырушылық және басқарушылық; өндіріс пен технология; қызмет көрсету және пайдалану; эксперименттік зерттеулер; білім беру (педагогикалық); жобалық. 

«Агроэкология» білім беру бағдарламасының аясында студенттердің кәсіптік қызметінің салалары: экологиялық мониторинг және маркетинг; қоршаған ортаның жағдайын талдау, инспекция және бақылау; эконометриялық модельдерді құру; қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және сараптамалық функциялар; экологиялық білім беру және тәрбие; ауыл шаруашылығы саласында және жаңа кәсіпорындарды, елді мекендерді жобалау кезінде экологиялық талаптарды сақтау, экономиканың түрлі салаларында табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлау және жүзеге асыру, қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) және экологиялық аудит жүргізу. 

Кәсіби қызмет объектілері:

топырақ, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар және өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері, агроөнеркәсіптік кешендер, энергетика объектілері, білім беру мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы мамандарды дайындау арқылы қоғамның білікті кадрларға қажеттілігін қанағаттандыру, қазіргі жағдайда агроценоздардың экологиялық жағдайын бағалау және ауыл шаруашылығы аумақтарына және агроөнеркәсіптік кешендерге өсіп келе жатқан техногендік жүктеменің әсерін төмендету. 

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы болашақ мамандардың негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
  2. Техногенді ауыл шаруашылығы ластануынан туындайтын аграрлық сектордағы экологиялық жағдайдың жай-күйіне бағалау әдістеріне үйрету.
  3. Ауыл шаруашылығы өндірісі объектілерінің тозуын болдырмау, төмендету және жою бойынша шаралар әзірлеу және аграрлық сектордағы экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру бойынша шараларды іс-жүзінде жүргізудің қазіргі замандағы әдістерді игеруі.
  4. Ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогрестің теңдестірілген динамикалық дамуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығына антропогендік жүктемені азайту немесе болдырмау мақсатында табиғи ортаның прогрессивті дамуымен және өндірістік процестердің экологиялануымен үйлесуін оқытуы.
  5. Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жалпылау.
  6. Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жеке және кәсіби қызметтегі табыстылықты ескере отырып, өзінің кәсіби мансабын және білімін құру мүмкіндіктерінде көрінетін болашаққа нақты бағдарлы мамандарды даярлау. 

«Агроэкология» білім беру бағдарламасының ерекшелігі - ол пәнаралық болып табылады және ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту үшін қажетті негіздерді қалыптастырады. 

Қосымша сұрақтармен хабарласа алатын тұлғаның байланыстары:

«Экология» кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдиева Гүлмира Қалмашқызы 

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, 29, А. Молдағулова к., агрономия факультетінің  ғимараты, тел.: +7(7172) 38-39-11, e-mail: gkalmashevna@mail.ru