Главная / Образовательные программы / Агроинженерия (бакалавриат)
Агроинженерия (бакалавриат)

Агроинженерия (бакалавриат)

Білім беру саласының жіктеуі мен коды

6В08 -   Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Даярлау бағыттарының жіктеуі мен коды

6В087 – Агроинженерия

Білім беру бағдарламаларының тобы

В087

Білім беру бағдарламасының атауы

Агроинженерия

Біліктілігі:

6В08702 - "Агроинженерия" білім беру бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқу мерзімі:

4 жыл

Білім алу формасы :

Күндіз, қашықтан

Таңдау бойынша пәндер:

Математика, физика

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы: «Агроинженерия» білім беру бағдарламасының өзектілігі бүгінгі күні еңбек нарығында мамандарға, қазіргі заманғы конструкциялау әдістері, инженерлік жобалау, эксперименттерді жоспарлау, АӨК саласындағы ғылыми зерттеулер саласындағы мамандарға, кәсіпқойларға деген сұраныстың өсуімен байланысты, біздің заманымыздың көптеген маңызды жаһандық мәселелерін шешу, ауыл шаруашылық өндірісіндегі технологиялық процестерді механикаландыру, бұл әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығын цифрландыру мен инновацияларды енгізу үшін аса қажетті болып табылады.

 

Дайындау бағыты бойынша «Агроинженерия» білім беру бағдарламасының түлегі:

   - инженер, механик, менеджерлер, конструкторлар, жетекші мамандар қызметтерін атқара алады:

- жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында;

- ауыл шаруашылығы құрылымдарының әртүрлі түрлерінде (фирмалар, кәсіпорындар, фермерлік және шаруа қожалықтары);

- машина технологиялық станцияларда (МТС);

- әлеуметтік-кәсіпкерлік кешендерде (ӘКК);

- өңдеуші және энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындарда, зауыттарда, фабрикаларда, комбинаттарда;

- жобалау және конструкторлық ұйымдарда;

- ауыл шаруашылығын басқарудың жергілікті және республикалық органдарында.

 

"Аграрлық техника және технология" (Агроинженерия) мамандығының бәсекелестік артықшылықтары

- соңғы 3 жылда Қазақстан Республикасы бойынша аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (арта) рейтингінің нәтижелері бойынша "Аграрлық техника және технология" ("Агроинженерия") білім беру бағдарламасы 1-орын алды;

- "Аграрлық техника және технология" кафедрасының магистратура және докторантура бойынша білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияға қосымшасы бар және бұл білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат түлектеріне магистратура мен докторантурада өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі теориялық білімді бекіту болып табылады, сонымен қатар ҚАТУ базасында ББ жүзеге асыру үшін қажетті жоғары сапалы кәсіби инфрақұрылым (білім беру ресурстары) құрылды:

- Қазақстан-Беларусь кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы;

- Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы;

- «Сlass» Қазақстан-Неміс дәл егіншілік орталығы;

- «John Deere» Қазақстан-Америка дәл егіншілік орталығы;

- 3-D визуализация және модельдеу зертханасы; 

- ауыл шаруашылығы техникасының павильондары;

- мал шаруашылығын механикаландыру зертханалары;

- ІЖҚ және ЖҚОС сынау зертханалары;

- көлік техникасына сервистік қызмет көрсету зертханалары;

- ГАЖ-технологиялар орталығы;

- конструкторлық бюро;

- металл кесетін және дәнекерлеу жабдығы бар шеберхана;

- робототехника зертханасы;

- жанар-жағармай материалдар зертханасы;

- оқу және компьютер залдары.

 

Эдвайзер байланыстары: Мустафин Жаұлан Жарылқағанұлы,

e-mail:  mustafin_j80@mail.ru , тел.: +77015849850