Главная / Образовательные программы / Агроинженерия (докторантура)
Агроинженерия (докторантура)

Агроинженерия (докторантура)

Білім беру саласының жіктеуі мен коды

8D08 -   «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Даярлау бағыттарының жіктеуі мен коды

8D087 – «Агроинженерия»

Білім беру бағдарламаларының тобы

D136 - «Автотранспорт құралдары»

Білім беру бағдарламасының атауы

  8D08701 – «Агроинженерия»

Біліктілігі:

8D08701–"Агроинженерия" білім беру бағдарламасы бойынша PhD философия докторы

Оқу мерзімі:

2 жыл, ғылыми педагогикалық

Білім алу формасы:

Күндіз, қашықтан

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

 

"Қазақстан-2050" Стратегиясының басты міндеттерінің бірі: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" өнеркәсіптік сектор бұйымдарының өнімділігі мен жасалу сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды қолдану арқылы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі болып табылады. Бұл міндет жоғары ғылыми және жоғары кәсіби кадрлық әлеует болса, атап айтқанда АӨК саласында іске асырылатын міндет.

 

ББ университет профессорларымен бірлесіп және өнеркәсіп саласының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының жетекші мамандарының ұсынымдарын ескере отырып, ҰБШ және кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленген, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы (№ 604) бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, докторантура негізінде Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішімен ҚР Оқу-бағдарламалық және әдістемелік құжаттаманы, докторанттардың жеке жұмыс жоспарларын және белгіленген тәртіппен бекітілетін басқа да құжаттарды ұсынады.

 

"Агроинженерия" ББ негізгі мақсаты АӨК саласындағы ақпараттық ағындардың тез жаңаруы және өсуі жағдайында ғылыми және ғылыми - педагогикалық қызметте өзекті кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктері бар, ғылыми зерттеу әдістеріне ие жоғары білікті, бәсекеге қабілетті PhD докторларын дайындау болып табылады.

 

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

"Агроинженерия" білім беру бағдарламасының философия докторының (PhD) кәсіби қызмет саласы:

  • Білім және ғылым ұйымдарының барлық түрлері;
  • ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдар;
  •  техникалық және ауыл шаруашылығы бағытындағы орта, жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарындағы, ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдарындағы және өндірістегі өндірістік және психологиялық-педагогикалық бағытта;
  •  мамандануына сәйкес білім беру саласындағы және қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы өндірістегі ғылыми-зерттеу қызметі;
  •  PhD докторының алған біліктілігіне сәйкес ағартушылық, басқарушылық және жоспарлы қызметету.

Осы бейіннің докторы Агроинженерлік жүйенің  (инновациялық және цифрлық жабдықтар, технологиялары) дамуына теориялық, практикалық аспектілерін шешуге көмектесетін PhD докторларын, тиісті кәсіптік дағдылар мен құзыреттілікке дайындай отырып, АӨК кешеннің әлеуетті өнімділігін және ауыл шаруашылығымен айналысатын жүйені қамтиды.

 

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

"Агроинженерия" БББ пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және бірқатар білім салаларының түйіскен жерінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін пәнаралық және мультидисциплинарлық сипаттағы БП және ПД пәндері мен модульдерін зерделеуді қамтитын жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 2 модульден тұрады. Базалық пәндер (БП) циклін оқу Жалпы кәсіптік және басқарушылық пәндер бойынша іргелі білім жиынтығын қалыптастыруға бағытталған, ал бейіндік пәндер (БП) циклі АӨК саласында кәсіби қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

-Кредиттердің жалпы саны-180 кредит (5400 ак.с) теориялық оқытуға берілетін кредиттердің жалпы саны - 53 кредит (1590 ак.С), оның ішінде практика (педагогикалық және зерттеу – 24 кредит (720 ак.с);

- ғылыми – зерттеу жұмысы, докторлық диссертацияны орындауды қоса алғанда-115 кредит (3450 ак.с);

- докторлық диссертацияны рәсімдеу және қорғау-12 кредит (360 ак.с).

 

Бәсекелестік артықшылықтары:

- жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы;

- жұмыс берушілер және түлектермен тығыз байланыс орнатылған;

- үш тілде оқыту (мемлекеттік, орыс және ағылшын);

- жоғары материалдық-техникалық жабдықтау (платформаның болуы).

 Барлық аудиториялар оқу процесін цифрландыру жүйелерімен жабдықталған.

 БББ нақты және әлеуетті стейкхолдерлердің сұраныстарын ескере отырып және стейкхолдерлердің өздерінің тікелей қатысуымен PhD докторларының ағымдағы және күтілетін түйінді кәсіби құзыреттерін талдау негізінде әзірленді.

 

Конкурентные преимущества:

  • высококвалифицированный профессорско-преподавательский состав;
  • налаженная тесная взаимосвязь с работодателями и выпускниками;
  • обучение на трех языках (государственном, русском и английском);
  • высокое материально-техническое оснащение (наличие Платформы). 

 Все аудитории оснащены системами цифровизации учебного процесса.

ОП разработана на основе анализа текущих и ожидаемых ключевых профессиональных компетенции докторов PhD с учетом запросов реальных и потенциальных стейкхолдеров ОП, и непосредственным участием самих стейкхолдеров.

 

БББ негізгі стейкхолдерлері:

- ПОҚ

- АӨК өндірістік кәсіпорындары мен бірлестіктерінің жетекші мамандары;

- ҚР индустриялық-инновациялық даму министрлігінің Техникалық және инновациялық даму департаменті;

- Кез келген бейіндегі машина жасау кәсіпорындары;

-  Машина жасау бағытындағы жобалау-конструкторлық ұйымдар;

-  Ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми-өндірістік орталықтар.

 

 

Эдвайзер байланыстары: Мустафин Жаұлан Жарылқағанұлы,

e-mail:  mustafin_j80@mail.ru , тел.: +77015849850