Главная / Образовательные программы / Агроинженерия (магистратура)
Агроинженерия (магистратура)

Агроинженерия (магистратура)

Білім беру саласының жіктеуі мен коды

7М08 -   «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Даярлау бағыттарының жіктеуі мен коды

7М 087 – «Агроинженерия»

Білім беру бағдарламаларының тобы

М136- «Автотранспорт құралдары»

Білім беру бағдарламасының атауы

7М 08701 – «Агроинженерия»

Біліктілігі:

7М08701 - "Агроинженерия" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі:

2 жыл, ғылыми педагогикалық

Білім алу формасы:

Күндіз, қашықтан

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

  • «Агроинженерия» бағыты бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің кәсіби қызмет саласы қамтиды:
  • ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық және технологиялық жаңғырту;
  • өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу кезінде ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды, электрлендіру және технологиялық процестерді автоматтандыру құралдарын тиімді пайдалану және сервистік қызмет көрсету;
  • ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік, жобалау ұйымдары, табиғатты қорғау органдары, тәжірибелік бағыттағы кәсіпорындар және жобалау-конструкторлық ұйымдар және машина сынау станциялары;
  • әртүрлі меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында, жергілікті және республикалық білім басқармалары органдарында және АӨК-де басқару қызметі

 

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

Қабілеттер мен дағдылар:

- ауыл шаруашылығы бағытындағы инженерлік жүйелерді әзірлеу саласындағы өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару қызметінің мақсаттары мен міндеттерін білу және түсіну.

- ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын және стандартты ғылыми міндеттерді шешу, білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру және қазіргі заманғы зерттеу әдістері туралы инженерлік білімді қолдануға дайын болу.

- қазіргі заманғы зерттеу әдістері туралы білімді қолдану қабілеті мен дайындығы және дербес және ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға дайындығы, АӨК инженерлік-техникалық саласында инновациялық шешімдерді іздестіруді жүргізу.

 

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

«Агроинженерия» білім беру бағдарламасының мақсаты ауыл шаруашылығының әлеуетті өнімділігін алу үшін инженерлік жүйелердің (инновациялық және сандық техника, агроөнеркәсіптік кешен технологиялары) әсер етуінің теориялық, практикалық аспектілерін және ауыл шаруашылығының алдында тұрған жүйелік мәселелерді шешуге ықпал ететін өзекті кәсіби дағдылары мен құзыреттілігі бар ғылым магистрлерін дайындау болып табылады.

Осы білім беру бағдарламасында кредиттердің жалпы саны – 120 кредит, оның ішінде: теориялық оқытуға жалпы саны – 73 кредит, практикалық оқытуға (педагогикалық, зерттеу) -11 кредит, магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми – зерттеу жұмысы – 24 кредит, қорытынды аттестаттау – 12 кредит, оның ішінде мамандық бойынша кешенді емтихан - 4 кредит және магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау-8 кредит.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі университетегі оқу цехтары мен университет шегіндегі зертханалар базасында зертханалық-практикалық сабақтар өткізу арқылы теориялық білімді бекіту болып табылады. Білім беру бағдарламасында шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шеңберінде ғылыми-педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында Қазақстанның жоғары оқу орындарындарында, ҒЗИ-да және өндірістік кәсіпорындарында академиялық ұтқырлық шеңберінде ғылыми тағылымдама мен зерттеу практикасы көзделген.

 

Эдвайзер байланыстары: Мустафин Жаұлан Жарылқағанұлы,

e-mail:  mustafin_j80@mail.ru , тел.: +77015849850