Главная / Образовательные программы / Агроинженерия (магистратура)
Агроинженерия (магистратура)

Агроинженерия (магистратура)

Білім беру саласының жіктеуі мен коды

7М08 -   «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Даярлау бағыттарының жіктеуі мен коды

7М 087 – «Агроинженерия»

Білім беру бағдарламаларының тобы

М136- «Автотранспорт құралдары»

Білім беру бағдарламасының атауы

7М 08702 – «Дәл егіншілік»

Біліктілігі:

7М 08702 – «Дәл егіншілік» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі:

2 жыл, ғылыми педагогикалық

Білім алу формасы:

Күндіз, қашықтан

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

  • «Агроинженерия» бағыты бойынша педагогика ғылымдарының магистрінің кәсіби қызмет саласы қамтиды:
  • ауыл шаруашылығы өндірісін техникалық және технологиялық жаңғырту;
  • өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу кезінде ауыл шаруашылығы техникасын, машиналар мен жабдықтарды, электрлендіру және технологиялық процестерді автоматтандыру құралдарын тиімді пайдалану және сервистік қызмет көрсету;
  • ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік, жобалау ұйымдары, табиғатты қорғау органдары, тәжірибелік бағыттағы кәсіпорындар және жобалау-конструкторлық ұйымдар және машина сынау станциялары;
  • әртүрлі меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында, жергілікті және республикалық білім басқармалары органдарында және АӨК-де басқару қызметі

 

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

Қабілеттер мен дағдылар:

 

  • «Топырақ-өсімдік» жүйесіне дифференциалды әсер ету бағытында техникалық құралдарға картограмма мен рецепт карталарын әзірлеу мүмкіндігін арттыру;
  • Дәл егіншілік жүйесінде агротехнологиялық операциялар оңтайлы шешімдерді қалыптастыру және ақпаратты талдау мүмкіндігі арттыру;
  • Ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін басқарудың технологиялық және операциялық міндеттерін шешу, модельдеу, талдау және анықтау қабілеттілігін жетілдіру.

 

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

«Дәл егіншілік» білім беру бағдарламасының мақсаты «Топырақ-өсімдік» жүйесіне дифференциалды әсер етудің технологиялық және техникалық шешімдерін пайдалану бойынша алдыңғы қатарлы теориялық және практикалық білімдермен сараланатын және сандық технологияларды енгізу, қолдану бойынша кеңес беру және басшылық алуға, сондай-ақ алынған кәсіби білімдерді ғылыми-зерттеу жұмысы мен ғылыми-педагогикалық қызметте пайдалануға дайын дәл егіншілік технологияларын енгізу үшін магистрлерді дайындау болып табылады.

 Осы білім беру бағдарламасында кредиттердің жалпы саны – 120 кредит, оның ішінде: теориялық оқытуға жалпы саны – 73 кредит, практикалық оқытуға (педагогикалық, зерттеу) -11 кредит, магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, магистранттың ғылыми – зерттеу жұмысы – 24 кредит, қорытынды аттестаттау – 12 кредит, оның ішінде мамандық бойынша кешенді емтихан - 4 кредит және магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау-8 кредит.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі университетегі оқу цехтары мен университет шегіндегі зертханалар базасында зертханалық-практикалық сабақтар өткізу арқылы теориялық білімді бекіту болып табылады. Білім беру бағдарламасында шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық шеңберінде ғылыми-педагогикалық тәжірибемен алмасу мақсатында Қазақстанның жоғары оқу орындарындарында, ҒЗИ-да және өндірістік кәсіпорындарында академиялық ұтқырлық шеңберінде ғылыми тағылымдама мен зерттеу практикасы көзделген.

 

Эдвайзер байланыстары: Мустафин Жаұлан Жарылқағанұлы,

e-mail:  mustafin_j80@mail.ru , тел.: +77015849850