Агрономия

Агрономия

«Агрономия» білім беру бағдарламасы - бакалавриат

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 6B08 – «Ауыл шаруашылық және биоресурстар»

Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 6B081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Агрономия» білім беру бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық бакалавры

  Оқу мерзімі: 4 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты: «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша мамандарды даярлау талаптарына сәйкес түлектердің жеке-кәсіптік қасиеттерін, жалпы мәдени, кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру және жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыру.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Толыққанды сапалы кәсіби білім алу үшін жағдайларын қамтамасыз ету;
  2. Түлектердің жалпы адами және жеке-әлеуметтік құндылықтарын, сондай-ақ экологиялық, физикалық, этикалық, құқықтық мәдениетін, ойлау мәдениетін қалыптастыру.
  3. Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, патриоттық, рухында тәрбиелеу, түрлі мәдениеттерге, дәстүрлер мен салт-жораларға құрмет ету;
  4. Кәсіби пәндерді дамыту үшін қажетті базалық білімді қалыптастыру;
  5. Агрономиялық тұжырымдамалар мен қағидаларды игеру үшін жағдай жасау, ұйымдастырушылық және технологиялық жағдайларды талдауға дағдыландыру және алынған білімнің тәжірибелік қолданылуы, түлекке әртүрлі меншіктегі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
  6. Түлектерді кәсіптік қызметке, ұтқырлыққа, үздіксіз кәсіптік және моральдық жағынан жақсартуға және өмір бойы дамуға дайындау;
  7. Еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру олардың мамандықтары бойынша ең жылдам жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Агрономия» білім беру бағдарламасы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы жалпы мәдени, кәсіптік және кәсіптендірілген құзыреттілікке ие мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты жұмыс берушілердің сұранысы негізінде құрылды, бұл оның әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығындағы сұранысқа ықпал етеді.

Бағдарламаның ерекшеліктері егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-жеке және кәсіптік құзыреттілікті біріктіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-кәсіптік, тәжірибеге бағдарланған құзыреттілікті қалыптастыру мен дамытудан тұрады.

«Агрономия» білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарының классификаторына сәйкес әзірленген (ҚР БжҒМ-нің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген) және Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілді.

Білім беру бағдарламасы болашақ маманға қажетті озық технологиялар талаптарымен үйлесетін дағдылар мен қабілеттерді дамыту негізінде заманауи жағдайларда кәсіби қызметтің теориялық және тәжірибелік міндеттерін шешуге және бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған.

 Пәндерді оқу үшін білім беру бағдарламасы модульдік жүйе негізінде әзірленген және 14 модульден тұрады. Бакалавриаттың теориялық оқытудың жалпы саны 240 кредиттен тұрады, соның ішінде, жалпы білім беру пәндердің циклі 56 кредит, базалық пәндер циклі - 112 кредит, кәсіптендіру пәндер циклі - 60 кредит және қорытынды аттестация - 12 академиялық кредит құрайды.

Кәсіби қызметінің шеңбері

«Агрономия» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпорындар мен ұйымдарда; агрофирмаларда; өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалайтын ұйымдарда; карантиндік қызметте; өсімдіктерді қорғау стансаларында; ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу мекемелерде; дайындау бағытына байланысты меншік нысанына қарамастан орта негізгі білім беру ұйымдарда, ауыл шаруашылық дақылдарды сұрып сынау мекемелерде; агрохимиялық қызмет көрсету мекемелерінде, жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық құрылымдарда жұмыс істей алады.

Кәсіптендіру құзыреттіліктері

білу және түсіну: егіншілік және өсімдік шаруашылығы заңдарын; ауыспалы егіс жүйесін, топырақ құнарлылығын ескере отырып ауыспалы егіс дақылдарға топырақ өңдеу жүйесін, ауыл шаруашылық дақылдардың негізгі түрлерін, олардың шаурашылық құндылықтарын, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін; ауыл шаруашылық дақылдардың қазіргі заманғы өсіру технологиясын; тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылық дақылдардың селекциясы негіздерін; ауыл шаруашылық дақылдардың сұрыптарын,  егіншілікті қарқындату деңгейіне сәйкес  аймақтың нақты жағдайларына оларды таңдау, себуге тұқымдарды дайындау, себу материалдарының сапасын анықтау әдістемесін; себу материалдар мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттың талаптарын; жаратылыстану және табиғи азықтық жерлерді ұтымды пайдалану және рационалды пайдалану технологияларын, ірі және шырынды жемшөп дайындау; өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, бастапқы өңдеу, өңдеу негіздерін;

істей білу: өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде технологиялық процестің компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету; технологиялық карталарды жасау және олар бойынша танаптық жұмыстарды ұйымдастыру; шаруашылықтың тұқымға, тыңайтқыштарға, пестицидтерге, жанар-жағармай материалдарына, ауылшаруашылық машиналарына, құрал-саймандарына және жабдықтарға, еңбек ресурстарына қажеттіктерін есептеу; кәсіби қызмет шеңберінде құжаттардың есебін жүргізу және құжаттау;

дағдылардың болуы: ұйымдастыру-экономикалық мәселелерді шешуде; ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын пайдалану; аймақтың биоклиматикалық ресурстарына, агротехникалық әдiстерге және жерлердің ұтымды және тиімді пайдаланудың ұсыныстар әзiрлеуіне түзетулер енгiзу; еңбек ресурстарын бөлу, нақты және тиімді нұсқаулар беру, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудегі жұмыстың барысын қадағалау.