Агротехнология

Агротехнология

«Агротехнология» білім бері бағдарламасы - магистратура

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 7М08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар»

Дайындау бағыттарының коды және жіктелуі: 7М081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Агротехнология» оқу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл (ғылыми – педагогикалық бағыт)

Білім беру бағдарламасының мақсаты: өсімдік шаруашылығы саласында кәсіби және білім беру бойынша заманауи ғылыми - зерттеу және басқару мәселелерін тұжырымдап шеше алатын мамандарды дайындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Түлектің кәсіби қызметке, ұтқырлыққа, үздіксіз кәсіби және адамгершілік тұрғыдан дамуға және өмір бойы өсуге дайындығын қалыптастыру.
  2. Жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қазіргі және келешек қажеттіліктеріне сәйкес өсімдік шаруашылығы саласында жоғары білімді, іскер және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
  3. Аймақтық экономика мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, педагогикалық қызметке түлектерді бейімдеу және кәсіптік, педагогикалық дайындықтағы өсімдік шаруашылығы саласы үшін магистр даярлау.
  • Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытындағы "Агротехнология" оқу бағдарламасы ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (2018 жылғы 31 қазандағы № 604 ҚР БҒМ бұйрығы) және Калифорния штаты, АҚШ, Дэвис университетінің профессорларымен бірлесіп әзірленген.

Жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның ерекшелігі оның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін меңгерген, Жалпы егіншілік және Өсімдік шаруашылығы саласындағы білім мен құзыреттілікті біріктіретін кәсіби қызметке түлектерді даярлауға бағытталуы болып табылады.

Оқу бағдарламасының бірегейлігі - кәсіби пәндердің практикалық сабақтарын тікелей далалық және зертханалық жағдайларда  дақылдарды оқи отыра, а/ш операцияларын және т.б. тікелей далада (университет кампусында) жүргізе отырып өткізу болып табылады.

Оқу бағдарламасы жұмыс берушілер мен серіктес ЖОО талаптарын, сондай-ақ магистранттардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызметпен байланысты базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.

Оқу бағдарламасы шеңберіндегі жоғары іргелі дайындық магистратура түлектеріне докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасы пәндерді оқытудың модульдік жүйесі негізінде жобаланған және жалпы мәдени, арнайы тілдік және кәсіби құзыреттерді қалыптастыратын 6 модульден тұрады.

Осы оқу бағдарламасының көлемі - 120 кредит, оның ішінде: 84 кредит - теориялық оқыту (педагогикалық және зерттеу тәжірибесін ескеру); 24 кредит - ғылыми-зерттеу жұмысы; 12 кредит - қорытынды аттестаттау.

Кәсіби қызметінің шеңбері

Кәсіби қызмет ету салалары болып табылады:

- жергілікті және республикалық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы құрылымдарының әртүрлі түрлері (жеке, ұжымдық, фермерлік шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және т. б.);

- аграрлық және биологиялық бейіндегі жоғары, арнаулы орта, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы білім беру қызметі, ғылыми, өндірістік мекемелердегі, жергілікті, аудандық, облыстық, республикалық құрылымдардың аппараттарындағы ғылыми және басқару қызметі.

Кәсіптендіру құзыреттіліктер

білу: егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы іргелі және қолданбалы ғылымдар негіздерін; егіншіліктің аймақтық жүйелерінің жалпы теориялық негіздерін, ғылыми зерттеулер жүргізу және оның нәтижелерін математикалық өңдеу әдістемесі мен әдістерін; тұқым шаруашылығының, сортты алмастыру және сұрыптық жаңартудың ғылыми негіздерін; техникалық реттеу негіздерін (стандарттау және сәйкестікті растау) және өсімдік шаруашылығы өнімінің қауіпсіздік сапасына қойылатын талаптарды.

істей алу: - егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы қорытындыларды тұжырымдау және негіздеу, ұсыныстарды құру; - зерттеу саласы шеңберінде патенттік іздеу жүргізу; - агротехнология көмегімен егіншілік жүйелеріндегі өсімдіктердің өмір сүру жағдайын реттеу; - құжаттарды рәсімдеу, өсімдік шаруашылығы өнімінің сәйкестігін сараптау және растау бойынша практикалық жұмыс үшін өнім сапасының негіздері бойынша алған білімдерін қолдану; - дала тәжірибесін жоспарлау, салу және жүргізу; - егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласындағы құжаттарды жүргізу; ғылыми деректерді статистикалық өңдеу нәтижелерін, агрономияның теориялық білімін практикада қолдану.

дағдылардың болуы: агрономияның заманауи әдістерімен теориялық және практикалық жұмыстар жасау, құжаттарды жүргізу; патенттік іздеуді өз бетінше жүргізу; ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу; өсімдік шаруашылығының жоғары сапалы өнімдерін алу мақсатында технологиялық процестерді ұйымдастыру; жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу; технологиялық процесс компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету.

құзыретті болуы қажет: ғылыми агрономия саласында терең білімді практикалық пайдалануда, өсірудің қазіргі заманғы технологияларын қолдануда; технологиялық процесс учаскесіндегі іс-әрекет нәтижесіне жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлер тобын басқаруда.