Главная / Образовательные программы / Аквакультура және су биоресурстары
Аквакультура және су биоресурстары

Аквакультура және су биоресурстары

6В08401- Аквакультура және су биоресурстары БББ

Білім саласының коды және  классификациясы: 6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

Дайындау бағытының  коды және классификациясы: 6В084 Балық  шаруашылығы  

Білім классификациясының  Халықаралық стандарттау коды: 0811

Біліктілігі: 6В08401 - "Аквакультура және  су биоресурстары" білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты: білім алушылардың су биоресурстарын тиімді пайдалану негіздерін, балық өсіру шаруашылықтарында гидробионттарды өсіру технологиясын және қарқындату әдістерін игеруі.

Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

  1. толық, сапалы және кәсіби білім алу үшін жағдай жасау;
  2. болашақ балық шаруашылығы мамандарында негізгі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру;
  3. студенттердің тәжірибелік жұмысының барлық кезендерінде іздену-зерттеу жұмысын өздігінен жүргізудің алғышарттарын қалыптастыру;
  4. ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, мамандық бойынша жұмыс кезінде отандық және шет елдік тәжірибені қолдана білу.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Аквакультура және су биоқорлары» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып жасалған. Аталған білім беру бағдарламасы су биоқорларын сақтау және ысырапсыз пайдаланудың негізгі мәселелерін шешіп, болашақ маманның негізгі біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Білім беру бағдарламасының өзектілігі: су биоқорларын қорғау және балық шаруашылығын қазіргі жағдайларға сәйкес жүргізу саласындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: аквакультура және балық шаруашылығын ұйымдастыру саласындағы әлемдік тәжірибе және БҰҰДП, ҚБСА және т.б. жұмыстары мен ұсыныстарыескеріледі.

Білім беру бағдарламасының бәсекелік артықшылықтары – әртүрлі мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып Қазақстан Республикасының су биоқорларын қорғау, ысырапсыз қолдану және аквакультураны дамытуға бағытталған.

Білім беру бағдарламасының бірегейлігі – балық шаруашылығын қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану және Қазақстан Республикасын үшін жаңа аквакультура нысандарын енгізу арқылы дамыту мәселелері қарастырылады. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін оған сәйкес материалдық-техникалық база («Балық шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталығы, «Дударай» оқу-өндіріс аңшылық-балық аулау шаруашылығы, УАЗ автокөліктері, тірі нысандарды бақылау құрылғылары, жүзу құралдары, аулау құралдары, экспедициялық құрал-жабдықтар және т.б.), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және жануарлар дүниесі комитеті, облыстық және территорялық инспекциялар, «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Казахрыбхоз» ЗТБ, «Майбалық» балық питомнигі, «Думан» океанариумы, «Қорғалжын» МТҚ және балық шаруашылығындағы басқа да субъектілері ұсынатын тәжірибе өту базалары бар. 

Кәсіби қызмет салалары – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің орман және жануарлар дүниесі комитеті; балық шаруашылықтары; балық аулау мекемелері; ғылыми-зерттеу институттары; табиғат қорғау мекемелері; балық өнімдерін өңдеу мекемелері. 

Кәсіби құзыреттер білім беру бағдарламасын іске асыру кезінде студент келесі құзыреттерге ие болады:

Білуі және түсінуі керек:

  • бағалы балық және омрытқасыздар түрлерін қолдан көбейту, өсіру, жерсіндіру бойынша жұмыстар кешенін ұйымдастыру және жасау;
  • табиғи қорларды қорғау, және рационалды қолдануды реттеу бойынша жұмыстар кешенін ұйымдастыру және жасау;
  • балық шаруашылығының негізгі нысандарының биологиясы мен аулау ерекшеліктерін, олардың экологиясын;
  • аквакультураның қазіргі жағдайы мен оның даму мүмкіндіктерін;
  • балық шаруашылықтарындағы гидротехникалық құрылыстарын, олардың техникалық қолданылуын, балықшаруашылық құрылыстың техникалық негіздемесін;
  • ғылым мен техниканың жетістіктерін, орындалатын жұмысқа сәйкес отандық және шет елдік тәжірибелер, білім салалары.

Істей білуі керек:

  • алынған білімді белгілі бір ғылыми, практикалық, ақпараттық іздеу, әдістемелік және білім беру міндеттерін шешу үшін қолдануға;
  • табиғи құбылыстар мен процестерді зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға;
  • кәсіптік балық түрлері популяцияларының тәжірибелік маңыздылығын анықтау.

Тәжірибелік дағдыларды игеру:

  • далалық және зертханалық ихтиологиялық және гидробиологиялық зерттеулер әдісін қолдануға;
  • балық қорларын бағалау әдістері, су қоймаларын бағалау;

Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Аубакирова Г.А.

Тел.: 8-701-662-81-57, Е-mail: gulzhikk@bk.ru