Сәулет

БАКАЛАВР «Сәулет»

Мамандық атауы: 5В042000- «Сәулет»

Квалификация: Сәулет мамандығы бойынша өнер бакалавры

Оқу мерзімі: 5 жыл

Оқу түрі: Күндізгі

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

Кәсіби қызметті қолдану аясы – құрылыс, ғылым, сәулет бөлімі және қала құрылысы бойынша райондық, қалалық және облыстық деңгейде. Кәсіби қызмет нысаны – сәулеттік жобалау, ұйымдастыру және басқару.

Кәсіби қызмет мәні – адамның мекен ететін ортасын қалыптастыру.

Кәсіби қызмет түрлері – 5В042000 «Сәулет» мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: жобалау – конструкторлы; өндірістік – технологиялық; сәулет – құрылыс бағытындағы орташа кәсіби білім беру мекемелерінде және лайықты департаменттерде әкімшілік – басқару немесе «Сәулет» мамандығы бойынша магистратура оқуын ҚР жоғары білім мекемелерінде және шет елдерде жалғастыруына болады.

Кәсіби қызмет мазмұны жобалық – сметалық құжаттамаларда, өндірістік – технологиялық немесе оқытушының жұмыстарын істелінген жұмыстардың тарихи-теориялық талдауларын, оларды қорыту және насихаттау жұмыстарын ойластыру.

Дағдылардың  қысқаша сипаттамасы

Графикалық және көлемді модельдеуде дербес компьютерлерге арналған бағдарлама пакеттерін қолдану: ситуациялық талдау, тауар нарығын талдау, басқарудың экономикалық процесстерді модельдеу тәсілдерімен, жобалардың экономикалық бағалары; заттардың сызбалық және демо суреті, нысандар мен ашық және жабық кеңістіктегі орта, жарық және жарық беру жағдайы  тәжірибесімен, көңіл күй, сонымен қатар жобаланатын нысанның сыртқы көрінісі (материал фоктурасы мен түсі); шығармашылық түсінік  қалыптастыру және оның сызбадағы алдын ала көрінісі; жобаның композициялық шешімі; түсті – графикалық шешімі және макет дайындау мен модельдері; нақты қала құрылысы ортасын және әртүрлі ортаны қалыптастыруға әсер ететін барлық құбылыстарды ескере отырып жобалау.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Білім беру бағдарламасы терең теориялық білім және қалалар мен өңірлерде сәулет және  қалақұрылысын жобалау тәжірибесінің  дамуына жол ашады.

Бағдарламаның  АРТА  рейтингінде алатын орны

5В042000-«сәулет» (бакалавриат) мамандығы бойынша оқу бағдарламасы АРТА ұлттық рейтингісінде 3-ші орынға ие болды.

Модульдіқ білім беру бағдарламасының «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті»

Сәулет жене дизайн кафедрасының меңгерушісі

Байланыс телефондары: 8(7172) 39 75 59

-------------------------------------------------------------------------------------

Магистратура «Сәулет»

Мамандық атауы: 6М042000 - «Сәулет»

Квалификация: «Сәулет» мамандығы бойынша өнертанушы магистр

Оқу мерзімі: 1 жыл- профильді,  2 жыл- ғылыми- оқытушылық

Оқу түрі: Күндізгі

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:  

Профильді магистратура терең кәсіби мамандыққа ие сәулетшілер үшін, жоғары оқу бағдарламаларын дайындауды жүзеге асырады. Білім беру бағдарламасы білім берудің қолданбалы сипатында.

1Профильді магистратура түлектері жобалаушы, жобалаушы жұмыс менеджері, басқару жұмыстарын жүзеге асырушы болып жұмыс істей алады.

2. Ғылыми-оқытушылық магистратура сәулет бағытында қолданбалы ғылыми- оқытушылық дайындығы бар жоғары жүйелі персоналдарға жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламаларын және ғылыми зерттеулік секторларда дайындауды жүзеге асырады.

Ғылыми-оқытушылық бағыттағы магистратура түлегі ғылыми және дайындық негізін, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді кескіндеп шеше білуі, жоспарлау және ғылыми зерттеу, эксперименті- зерттеулер жұмыстарын, таңдаған мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында оқытушылық және зерттеу мен басқару жұмыстарын табысты атқару қажет.

Дағдылардың  қысқаша сипаттамасы

Профильді магистратура түлегі жобалаушы, жобалау жұмыстарының менеджері, басқару жұмыстарын атқаруына болады.

Ғылыми оқытушының бағыттағы магистр жоғары оқу орындарында (кәсіптік техниканың және техникалық кәсіптік білім) оқытушы қызметпен, аналитикалық жобалауды жүзеге асыру, оқу процесіне қатысты оқу бағдарламаларының жұмысын және оқу тәсілдерін құрастыру, курстық дәрістерді оқу және сәулет, өнер пәндері бойынша тәжірибе сабақтарын өткізуіне болады.

Оқуды жалғастыру мүмкіндігі

Магистратураның  оқу бағдарламаларын  табысты меңгерген түлектер докторантурада оқуға әбден дайын.

 Бағдарламаның қысқаша мазмұны: 

6М042000 «Сәулет» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жобалауды жүзеге асыруға қабілетті мамандарға және сәулет пен қала құрылысы бағытындағы жобалау жұмыстарын қадағалауға деген сұраныстың артуына байланысты жұмыспен қамтушылардың өтініші бойынша құрылды.

Бағдарламаның басты мақсаты болашақ мамандарда кәсіби біліктілікті қалыптастыру; студенттердің өзіндік ізденіс- зерттеу жұмыстарына пререквизиттер құрастыру; ғылыми- техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу қабілеті, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірбиесін қолдану, алынған ақпаратты жүйелеу және туралау болып табылады. Оқыту бағдарламасының  соңғы мақсаты жұмысқа қабылдаушының талаптарын қанағаттандыра алатын тұлғаның және кәсіби қызметті келешекке сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін білімді қалыптастыру.

Бағдарламаның  АРТА  рейтингінде алатын орны

6М042000-«сәулет» (магистратура) мамандығы бойынша оқу бағдарламасы АРТА ұлттық рейтингісінде 2-ші орынға ие болды.

Сәулет жене дизайн кафедрасының меңгерушісі 

Байланыс телефондары: 8(7172) 39 75 59

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

ДОКТОРАНТУРА «Сәулет»

Мамандық атауы: Философия докторы PhD 6D042000 «Сәулет»

Квалификация: Сәулет мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқу түрі: Күндізгі

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:  

Философия докторларының қазіргі кәсіби қызметінің (PhD) немесе қызмет бағытына байланысты докторлар түрлері

6D042000 «Сәулет»  мынадай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
- Сәулет және қала құрылысы саласындағы жобалау жұмыстары;
- Қалалық және облыстық әкімшіліктерде сәулет органдары мен қала құрылысында  әкімшілік-басқару қызметтерін;
Ғылыми педагогикалық даярлау:
- Сәулет және қала құрылысы саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары
- ЖОО, колледждерде, сәулет құрылыс саласында ғылыми педагогикалық қызмет
- Білім беру(педагогикалық)
- Әдістемелік
Дағдылардың  қысқаша сипаттамасы
Кәсіби қызмет саласы:
- Сәулет – құрылысы саласында кәсіби техникалық оқу орындарында жоғары білім беру қызметі
- Ғылыми зерттеу, ғылыми өндірістік орталықтарында, мемлекеттік органдар мен жеке бизнесті басқару секторларының бөлімдерінде ғылыми және әкімшілік қызметтерді;
- Сәулет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінде әкімшілік қызметті және қала ауданын дамыту, қалалық және  облыстық деңгейдегі облыстық аудандандық  әкімшіліктерінде сәулет формаларының түрлерін қалыптастыру.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:
- Сәулет-құрылыс профилді, жоғары кәсіптік және техникалық мектептер;
- сәулет бағытындағы  ғылыми-зерттеу және өндірістік орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары;
- Сәулет және қала құрылысы департаментінің облыстық, аудандық әкімдіктің, құрылымдық бөлімшелер
- Меншіктің түрлі формаларындағы сәулет өнерінің қалыптасуы
Бағдарламаның қысқаша мазмұны:
- Докторлық даярлау және жоғары оқу орындарының білім беру қызметі үшін міндетті талаптар кепілі  есебінен білім беру сапасын қамтамасыз ету;
- Мүдделі тараптардың оқу құқықтарын реттеу;
- Докторлық даярлау және білім беру бағдарламаларының сапасын бағалаудағы Объективтілігін және  ақпараттық арттыру;
- Докторанттардың академиялық ұтқырлығы үшін жағдай жасау;
- Қазақстандағы ортақ білім беру кеңістігін жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында бейіндегі доктор немесе (PhD)  докторы ғылыми дәрежесін тағайындау туралы Қазақстан Республикасының құжаттарымен қамтамасыз ету.

Сәулет жене дизайн кафедрасының меңгерушісі

Байланыс телефондары: +7(7172) 39 75 59