Главная / Образовательные программы / Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі
Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі

Білім беру саласының коды және классификациясы: 7М09-«Ветеринария»

Дайындық бағыттарының коды мен классификациясы: 7М091-«Ветеринария»

Білім берудің халықаралық стандартты классификациясының коды: 7М841-«Ветеринария»

Біліктілік: ветеринария ғылымдарының магистрі

Білім беру бағдарламасының мақсаты: «Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты магистранттардың тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін меңгеру болып табылады.  Осыған байланысты білім беру бағдарламасының мазмұны Кеден одағы және Дүниежүзілік сауда ұйымы жағдайында тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу үшін, сондай-ақ халықаралық ветеринариялық ұйымдардың (ХЭБ, ФАО, ДДҰ және т.б.) талаптары мен ұсыныстарына сәйкес білім мен практикалық дағдыларды алуға бағытталған.

"7М091 – Ветеринария" мамандығы бойынша білім беру магистрлік бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • магистранттарды азық-түлік өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізудің заманауи әдістеріне үйрету;
  • магистранттарды жануарлар мен адам денсаулығына зиян келтіретін тағам өнімдерінің құрамында кездесетін бөгде заттардың негізгі топтарымен таныстыру;
  • тағам өнімдерінің құрамында кездесетін негізгі бөгде заттарды анықтау әдістерін үйрету;
  • магистранттардың таңдаған мамандануына сәйкес жеке білім беру траекториясын қамтамасыз ету;
  • білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және жаңа білімді меңгеру қабілетін қалыптастыру;  
  • түрлі деңгейдегі ғылыми іс-шараларға қатысу дағдыларын меңгеруге, докторантурада ғылыми дайындықты жалғастыруға ықпал ету.

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы: "7М091 – Ветеринария" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірленген, Дублин дескрипторларымен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 тіркелген.

Жалпы білім беру құзыреттері (МЖМБС)

  • мамандықтың әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, кәсіби қызметті жүзеге асыруға мотивацияның болу;
  • әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың жүйелендірілген теориялық және практикалық білімін қолдану қабілеті;
  • кәсіби қызметте практикалық қолдану үшін ветеринария саласындағы нақты материалды талдау және ғылыми эксперимент әдіснамасын меңгеру;
  • заманауи ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен жұмыс істеу дағдысы.

Базалық құзыреттер (МЖМБС)

1) тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • мал шаруашылығы шикізаты және дайын өнімнің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау;
  • жануарлардың өнімділік сапасын жақсарту бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;
  • ветеринариялық-санитариялық ереже бойынша сапалы мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету;

2) адам мен жануарлардың биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • жануарлардың, құстардың, балықтардың және аралардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының диагностикасы, алдын алу және жою;
  • жануарлармен адамдарға ортақ аурулардан халықты қорғау;
  • ел аумағын жұқпалы аурулардың әкелінуінен қорғау;
  • биопрепараттарды, дәрі-дәрмектерді өндіру және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау.

3) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

  • аумақты антропозоонозды аурулардан қорғау;
  • ел аумағын тамақ өнеркәсібінің, шикізат пен биопрепараттар өндіретін кәсіпорындардың сапасыз қалдықтарынан қорғау.

4) білім беру;

5) ұйымдастырушы;

6) өндірістік-технологиялық;

7) жобалық.

Кәсіби құзыреттер

  •  -  ветеринариялық қызметтің тәсілдерін және алуан түрлілігін түсіндіретін, жануарлардың саулығы, ортақ денсаулық сияқты қазіргі заманғы ғылыми концепцияларға бағдарлану қабілеті;
  • - нақты ветеринариялық фактілер мен проблемаларды түсіндіру үшін алынған деректерді кешенді талдау әдістерін қолдануға дайын болу;
  • - талдауда жалпы ғылыми және арнайы қағидалар мен таным әдістерін қолдану дағдылары;
  • - кәсіби құзыреттіліктің теориялық, практикалық және этикалық элементтерін синтездеу;
  • - ветеринариялық және биологиялық бейіндегі білім беру мекемелерінде мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру қабілеті;
  • - магистранттардың білім беру траекториясы шеңберінде алынған арнайы білімді қолдана білу.