Биология

Білім беру саласының коды және атауы: 6В05-«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика»

Білім беру бағдарламалары топтарының коды: В050

Даярлау бағытының коды және атауы: 6В051-Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Халықаралық стандарттық білім беру жіктеуіндегі коды: 0510 

Білім беру бағдарламасының коды: 6B05103

Білім беру бағдарламаларының атауы: «Биология»

Біліктілігі: Бакалавр

Оқу мерзімі:  4 жыл  

Білім беру бағдарламасының мақсаты: Молекулалық генетика, жасушалық биология, биохимия, биофизика, биоинформатика әдістерін меңгерген, жаратылыстану және ақпараттық ғылымдар, ағылшын тілінен терең білімі бар, ғылым мен өндірістегі биологиялық бейіндегі зертханада алған білімдерін тәжірибелік іске асыруға қабілетті, отандық және шетелдік магистратураға түсуге қабілетті биология саласындағы мамандарды даярлау. 

Білім беру бағдарламасының міндеттері: 

  1. Биология бағыты бойынша болашақ мамандардың ғылыми және кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, басқару дағдыларын меңгерген және жұмыс берушілердің бакалавр-биолог бітірушіге қоятын талаптарын орындайтын негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру.
  2. Жеке және кәсіби іске асыру міндеттерін шешу және жаратылыстану және ақпараттық ғылымдарды, ағылшын тілін тереңдетіп меңгеру.
  3. Молекулалық биология, биохимия және биофизика әдістерін қолдана отырып молекулалық генетика есептерін шешу.
  4. Ақпаратты алудың, сақтаудың негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын пайдалану, қолданбалы міндеттерді шешуде ақпаратты өңдеудің базалық алгоритмдерін қолдану, ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану. 

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы (өзектілігі, ерекшеліктері, бәсекелестік артықшылықтары, бірегейлігі, стейкхолдерлер және т. б.)

Биология – тіршілік пен тірі организмдерді зерттейтін ғылым, оның ішінде олардың құрылымы, қызметі, өсуі, шығу тегі, эволюциясы, таралуы және жүйеленуі. Биология бөлімдері биохимиядан, молекулалық биологиядан және генетикадан бастап  физиология мен экологияға дейін кеңінен түрленеді.

6В05103-«Биология» мамандығы бойынша жаратылыстану бакалаврлары жаратылыстану ғылымдары, аналитикалық және коммуникациялық дағдылар, ғылым, денсаулық сақтау, бизнес, мемлекеттік басқару және білім саласындағы көптеген мамандықтарға қолданылатын ғылыми-техникалық дағдыларға ие.

 Осы білім беру бағдарламасының түлектері молекулалық генетика, жасушалық биология, биохимия, биофизика, биоинформатика әдістерін игерген, жаратылыстану және ақпараттық ғылымдар, ағылшын тілін терең   меңгерген болып келеді.

 «Биология» білім беру бағдарламасы Дублин дескрипторлары мен Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы (№604) бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішіне сәйкес (ҚР БҒМ 2018 жылғы 13 қазандағы №569 бұйрығымен бекітілген) әзірленген. 

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі: 

6B05103–Биология білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны AgroParisTech француз ғалымдарының және университеттің жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен әзірленген.

Оқыту көптілді топтарда және дуалды технология бойынша жүргізіледі, яғни пәндердің  теориялық бөлігі университет аудиторияларында жүргізілсе, ал тәжірибелік сабақтар өндірістік кәсіпорындар базасында өтеді.

Оқыту ірі өндірістік ұйымдарда, селекциялық компанияларда, жетекші республикалық, ұлттық ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларда практикалық дағдылар мен тәжірибе алуды көздейді.

Алынған білім магистратурада және шетелдік докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Оқу кезеңінде студенттер үшін әлеуметтік қызметтер пакетінің болуы (студенттік жатақханаларда тұру, асханалар, студенттік емханалар, студенттер үшін жеке дүкеннің және дәріхананың болуы).

 

  1. Түлектің құзыреттілік моделі (портреті) 

 «Биология»  білім беру бағдарламасы бакалаврының кәсіби қызметінің саласы болып табылады:

  • өндіріс (биологиялық және медициналық сараптаманың өндірістік зертханалары; экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтері)
  • басқарма (білім бөлімдері, көгалдандыру жөніндегі экологиялық ұйымдар және т. б.);
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары, институттар мен зертханалар (ботаника, зоология, физиология, экология, топырақтану, генетика, молекулалық биология, биотехнология және т.б. институттар, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі).
  • биологиялық бейіндегі өндірістердегі ұйымдастыру-технологиялық қызмет (санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, өсімдік және мал өнімдерін қайта өңдеу өндірістері және т. б.) 

Кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасы

Білу және түсіну: Тірі ағзалардың химиялық құрамының ерекшеліктерін, қосылыстардың идентификациясы; тірі ағза ұлпаларының құрылысы мен қасиеттерін, олардың қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктерін; филогенез және онтогенез, химиялық және физикалық әсерлерден туындаған ДНҚ зақымдануының репарациясындағы ядролық құрылымдардың рөлін; адамда тұқым қуалау заңдылықтарын және белгілердің өзгергіштігін суреттеу; гуморальды және жасушалық иммундық жауаптың қалыптасу механизмдерін білу; негізгі физикалық теориялар мен қағидаларды, зерттеудің физикалық әдістерін, негізгі заңдар мен оларды қолдану шектерін білу және осы білімді талдау үшін қолдана білу.

Практикада қолдана білу керек: Биологиялық пәндердің теориялық білімін, ағзалар мен организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтауды; тірі организмдердің онтогенезі мен филогенез факторларын, жүйелеу мен таксономиканы бағдарлауды. Гендік, хромосомдық және геномдық деңгейлерде тұқым қуалайтын материалды құрылымдық-функционалдық ұйымдастыру; технологиялық міндеттерді шешу үшін тірі жүйелерді пайдалану; берілген қасиеттері бар тірі объектілерді құру;

Шешу: Молекулалық генетика, молекулалық биология, биохимия және биофизика әдістерін қолдана отырып, негізгі әдістер мен хаттамаларды, теориялық білім мен практикалық білімді қолдану.

Білу керек: Әртүрлі әдіснамалық тәсілдерді қолдануды;  ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және жүргізуді;  материалдарды жинауды, өңдеуді және интерпретациялауды жүзеге асыруды, биоинформатика жетістіктерін биоинформатика әдістерінің негізінде ағзаның геномын бағалауды;  математикалық есептерді шешудің теориясы мен әдістерін қолдануды;  ауыл және орман шаруашылығында қолданбалы есептерді шешуде алынған білімді, біліктер мен дағдыларды қолдануды; типтік кәсіби есептердің математикалық моделін құруды және оларды шешу тәсілдерін табуды.

Білу керек: Ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдері мен құралдарын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануды; қолданбалы есептерді шешуге ақпаратты өңдеудің базалық алгоритмдерін қолдануды, негізгі басқару құрылымдары мен стандартты деректер түрлерін қолдана отырып бағдарламалау тілінде бағдарламаларды әзірлеуді, қолданбалы бағдарламалар пакеттерін пайдалануды, Жалпы химиялық, физикалық және биологиялық агенттердің жасушалары мен ағзаларына әсер ету механизмдерін түсіндіруді.

Меңгеру: Кәсіби қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мақалалар мен презентациялар түрінде ұсыну, ғылыми пікірталаста өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау;

Жеке және кәсіби іске асыру міндеттерін шешу, білім алушылардың даралығын дамытуға бағытталған білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру механизмдерін түсіну; индивидті  дене мәдениетін қалыптастыру; білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін дене шынықтырудың әр түрлі формаларын қолдану.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, басқару және қызметкерлермен  жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; бизнес-жоспарлар құру, фирманың жұмыс істеуінің экономикалық көрсеткіштерін өңдеу; нарықтың сипаттамалары мен үрдістерін анықтау.

  1. Кәсіби тәжірибеден өту базасы

Оқу тәжірибесі:

  1. «Биология ғылымдары» кафедрасының «Гистология және генетика» зертханасы
  2. «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың «Ауылшаруашылық биотехнология» ғылыми зерттеу платформасы
  3. Анатомия мұражайы

 Кафедра ұйымдармен ынтымақтастықта:

  1. Астана медицина Университеті.
  2. ҚР БжҒМ «Республикалық микроорганизмдер жинағы»
  3. ҚР БжҒМ «Ұлттық биотехнология орталығы»
  4. Қазақстан Биоалуантүрлілікті Сақтау Қауымдастығы
  5. Нұр-сұлтан қаласы Ботаникалық бағы
  6. «Бұйратау»   мемлекеттік ұлттық табиғи паркі