Биотехнология

Биотехнология

5В070100-«Биотехнология»

Біліктілік: техника және технологиялар бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Төртінші пән: биология

Білімнің қолдану саласы: Биотехнология – ғылым мен техниканың тірі ағзалардың көмегімен адамзатқа қажетті өнімдер мен материалдарды өндіретін сала.

Биотехнология мамандары ауруларды балау және емдеуге арналған дәрілік заттарды, ауылшаруашылық дақылдардың жаңа сорттары мен жануарлардың асыл тұқымдарын алумен айналысады, сонымен қатар дәрумендер, антибиотиктер, сірке, лимон және сүт қышқылдарын өндіре алады.

Биотехнологтың қызметі – қоғам үшін өте қажетті еңбек, ол биотехнология ғылымы дамуына сәйкес үнемі жетілдіріп отырады.

Биотехнологтың қызметін екі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оның жұмысы медицина саласын да, фармацевтиканы да, гендік инженерияны да қамтиды. Сондықтан бұл маманның құзырет деңгейі өте жоғары, кең. Ол әртүрлі азық-түлік өнімдерінің, биологиялық белсенді қоспалар, ферменттер мен антибиотиктер өндірісінің биотехологиясын біледі. Микробиология, химия, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі жайлы ғылымдардан да хабардар болады. Олар кәсіби деңгейлі жоғары мамандар. Биотехнологтар фармацевтика, парфюмерия мен косметикалық, тағам, мал дәрігерлік және қайта өңдеу салаларына өте қажет.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы: зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс істей білу, тірі ағзалардың жасушаларын өсіру; серологиялық реакциялар (ИФТ, ИХТ, ДПР және т.б.) мен молекулалық талдауларды (ПТР және Реал-тайм) жүргізу; гендер қызметін білу және ДНК-маркерлерді құрастыру; техникалық құжаттарды жүргізу.

Кәсіптік қызметтің объектілері: ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттары; өндірістік кәсіпорындар мен қайта өңдеу, микробиологиялық, ауылшаруашылық кәсіпорындарының зертханалары; ботаникалық бақтар, ұлттық және зоологиялық саябақтар; селекциялық орталықтар; экологиялық қызмет пен ұйымдар; орта мектептер, гимназиялар, колледждер.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Бірінші курс жалпы пәндерді оқытудан басталады, олар атап кетсек тілдер, жаратылыстану ғылымдары, жануарлар мен өсімдіктер биоалуантүрлілігі, жасушалар мен ұлпалар өсінділерін микроскоппен зерттеудің тәжірибелік дағдыларына ие болады.

Екінші курста биотехнологияда биологиялық заттарды (вакциналар, дәрілер, антибиотиктер, пробиотиктер, және т.б.), тағам өнімдерін (сүт өнімдері және т.б.) алу үшін тірі ағзаларды қолдануды оқып үйренеді.

Үшінші курстың білім алушылары салаларға сәйкес білім мен дағдыны игереді. Жоғары оқу орны студенттер тәжірибелік дайындықтан өту үшін мамандандырылған кәсіпорындарымен келісім-шарт жасасқан.

Оқу кезінде білім алушылар академиялық ұтқырлықпен бір семестр көлемінде қазақстандық немесе шетелдік ЖОО-да оқи алады. 

2012 жылы біздің университетімізде алғаш рет биотехнология мамандығында көптілді оқыту ашылды, студенттер үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.

Микробиология және биотехнология кафедрасы

А.Б.Бегенова, «Микробиология және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі

Байланыс телефоны: 8-7172-43-67-52, e-mail: Begenova_73 @mail.ru

---------------------------------------------------------------------------------------------------

М082-«Биотехнология»

Біліктілігі:

 

  1. 7М05102«Ветеринариялық биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
  2. 7М05101 «Өсімдіктер биотехнологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі:1,5, 2 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Қабылдау емтиханы: шетел тілінен тест тапсыру туралы сертификаты (TOEFL, IELTS, DELF, DALF, DSH, TCF және басқалары) немесе тілдер бойынша бірыңғай тест тапсыру және мамандық бойынша  «Биохимия», «Биотехнология негіздері» пәндерінен бірынғай тестілеуден өту.

Түлектің құзыреттілік моделі (бейнесі) "Ветеринарлық биотехнология" білім беру бағдарламасы.

"Ветеринарлық биотехнология" білім беру бағдарламасының бітірушісінің кәсіби қызмет саласы ветеринарлық мақсаттағы биотехнологиялық өнім өндірісі және ветеринария мен мал шаруашылығы үшін жаңа буындағы диагностикалық, емдік, профилактикалық және жемдік препараттарды алуды қарастыратын заманауи биотехнологиялық процестерді әзірлеу; микроорганизмдер мен жануарлар селекциясы; Білім және ғылым саласындағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет болып табылады

 

Кәсіби қызмет түрлері "ветеринарлық биотехнология" білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет бағыттары диагностикумдарды, вакциналарды және жаңа буындағы емдік сарысуларды әзірлеуді; ақуыз-витаминдік кешендер, жемдік қоспалар, ферменттер және т. б. өндіруді; микроорганизмдер мен жануарлардың өнімділігін арттыру үшін биологиялық және аралас ғылымның қазіргі заманғы әдістері мен тәсілдерін пайдалануды қарастырады.; шикізатты, аралық өнімдер мен дайын биотехнологиялық өнімді бағалау, сапасын бақылау және сертификаттау кезінде ұлттық және халықаралық стандарттарды пайдалану; биологиялық объектілердің тіршілік әрекетінің қасиеттері мен процестерін эксперименттік зерттеу; биотехнологиялық құрылғылар мен жабдықтарды құрастыру; шаруашылық-құнды белгілері бар биологиялық объектілердің генотиптерін түрлендіру, өндіріске жаңа зерттеулер мен инновациялық әзірлемелердің нәтижелерін енгізу; жоғары оқу орындарында биотехнология бойынша пәндерді оқыту, сондай-ақ орта оқу орындарында және биологиялық бағыттағы колледждерде биология мен биотехнология негіздерін оқыту.

 

Кәсіби құзыреттер заманауи жабдықта жұмыстың озық әдістері мен технологияларын меңгереді. Магистрлік бағдарлама бойынша алған білімдерін одан әрі зерттеу жұмысы мен практикада қолдану қабілеті мен дайындығын көрсету; тиімді диагностикалық, емдеу-алдын алу препараттары мен жем қоспаларын құруда биологиялық және аралас ғылымдардың иммунобиологиялық, биохимиялық, молекулалық-генетикалық, селекциялық, статистикалық және басқа да әдістерін қолдана білу; жоғары тиімді диагностикумдар, вакциналар, емдік сарысулар, ақуыз-витаминдік кешендер және жаңа ұрпақтың басқа биотехнологиялық өнімдерін әзірлеу және инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу дағдыларын меңгеру;

 

Түлектің құзыреттілік моделі (портреті)"Өсімдіктер биотехнологиясы" білім беру бағдарламасы

"Өсімдіктер биотехнологиясы" білім беру бағдарламасы магистранттарының кәсіби қызмет саласы - жасушалық және ұлпалық дақылдарды клоналдық микро көбеюі және өсімдіктердің сауығуы, эксперименталды гаплоидия үшін қолдану болып табылады; өсімдіктер сұрыптауында молекулалық және биохимиялық маркерлерді пайдалану, өсімдіктердің жасушалық және гендік инженериясы әдістерінің негізінде өсімдіктерді генетикалық қайта құру, өсімдік және микробтық текті бағалы биологиялық белсенді заттар мен биопрепараттарды өнеркәсіптік тәсілмен алу, өсімдіктер ауруларына қарсы күрестің диагностикалық және алдын алу құралдарын құрудың иммунобиотехнологиялары; орта оқу орындарындағы педагогикалық қызмет. Өсімдіктер селекциясындағы биотехнология және гендік инженерия әдістері, экологиялық биотехнология әдістері, тамақ өнеркәсібінің биотехнологиясы, АӨК биотехнологиялық әдістерді қолданудың биоқауіпсіздігі бойынша заңдармен және басқа да құқықтық актілермен байланысты тәжірибелік қызмет; орта және жоғары оқу орындарындағы педагогикалық қызмет.

Кәсіби қызмет түрлері: қолданбалы биотехнологияны мемлекет экономикасында инновациялық бағыттың қазіргі кезеңі ретінде пайдалану; жаңа биотехнологияның жетістіктері генетикалық трансформация болып табылады – бөтен текті (табиғи немесе жасанды) донорлық гендерді өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер реципиентінің жасушаларына көшіру; маркерлерден селекция, генетикалық редакциялау. .Қолданбалы биотехнологияның даму қарқыны ғылыми ізденістің және оның нәтижелерін өндірісте қолданудың жалпы заңдылықтарымен айқындалады.

Кәсіби құзыреттіліктер биологияның қазіргі мәселелерін түсіну және жаңа міндеттерді қою және шешу үшін өсімдіктер биотехнологиясы саласында іргелі биологиялық білімді қолдану; қазіргі заманғы аппаратура мен есептеу құралдарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы биотехнологиясы бойынша нақты міндеттерді шешу кезінде далалық және зертханалық биологиялық зерттеулерді дұрыс орындай білу.Биотехнологияның іргелі және қолданбалы бөлімдері: молекулалық генетика, а/ш өсімдіктері мен микроорганизмдерінің генетикалық инженериясы, геномдық және клеткалық технологиялар, клоналдық микро көбею, өсімдіктердің клеткалық селекциясы; селекция және өсімдік шаруашылығында, қайта өңдеу өнеркәсібінде және АӨК басқа да салаларында қазіргі заманғы әдістерді меңгеру; биотехнологияда және генетикалық түрлендірілген организмдерді (ГМО) пайдалануда биоқауіпсіздікті қамтамасыз етудің ғылыми және құқықтық негіздерін білу.

Кафедра заманауи жабдықтармен толығымен қамтылған, әр магистрант ғылыми жобалардың орындаушысы ретінде жұмыс істеп, жоғары деңгейде кәсіби біліктілікті игереді.

Магистранттар шетелдік ғылыми тағылымдаманы ТМД, шетел мемлекеттерінің жетекші университтерінде өтеді.

Оқу кезінде білім алушылар академиялық ұтқырлықпен бір семестр көлемінде қазақстандық немесе шетелдік ЖОО-да оқи алады. 

2012 жылы біздің университетімізде алғаш рет биотехнология мамандығында көп тілді оқыту ашылды, магистранттар үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.

«Микробиология және биотехнология» кафедрасы

 А.Б.Бегенова, «Микробиология және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі

Байланыс телефоны: 8-7172-43-67-52, e-mail: Begenova_73@mail.ru