Главная / Образовательные программы / Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету
Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету

Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АТАУЫ:   7М04104 –"Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету".

Бағдарлама шаруашылық үрдістері туралы ақпараттарды жинаудың, өңдеу мен ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін меңгерген, тәжірибеде қаржылық есептілік пен аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен аудитті жүргізудің әртүрлі бағдарламаларын игерген,  экономикалық субъектілердің қызметін құқықтық реттей алатын, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мен педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдысы бар білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған.

Бағдарламаның түлектері  түрлі деңгейдегі мемлекеттік және аймақтық құрылымдарда, консалтингтік және аудиторлық фирмаларда, банктер, инвестициялық және сақтандыру компанияларында, ғылыми ұйымдар мен институттарда, білім беру мекемелерінде кәсіпорын басшысы, бас бухгалтер, қаржылық директор, сыртқы не ішкі аудитор, қаржылық кеңес беруші, ғылыми қызметкер қызметін атқарады. 

Дәреже: 7М04104 –"Бухгалтерлік есеп және бизнесті құқықтық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.