Главная / Образовательные программы / Бизнестегі қаржылық инновациялар
Бизнестегі қаржылық инновациялар

Бизнестегі қаржылық инновациялар

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 «Бизнестегі қаржылық инновациялар»

ДОКТОРАНТУРА 

Біліктілігі:

«Бизнестегі қаржылық инновациялар» білім беру бағдарламасы бойынша экономика докторы» 

Оқу мерзімі: 3 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Білім беру саласының коды және жіктелуі: 8D04

Дайындау бағыттарының коды мен жіктелуі: 8D041

Білім берудің халықаралық стандартты сыныптамасының коды: 0410

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

«Бизнестегі қаржылық инновациялар» білім беру бағдарламасы бойынша экономика докторларының кәсіби қызметінің түрлері:

- қаржы және ақша ағындарын басқару, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда, оның ішінде қаржылық-несиелік, коммерциялық емес ұйымдарда, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарда қаржылық бақылау;

- академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік емес зерттеу қорлары мен ұйымдарында, консалтингтік және инвестициялық компанияларда қаржылық, ақша, несие нарықтарын зерттеу;

- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызмет.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы:

- қаржы және ақша ағындарын басқару, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда, оның ішінде қаржылық-несиелік, коммерциялық емес ұйымдарда, мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарда қаржылық бақылау;

- академиялық және ведомстволық ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мемлекеттік емес зерттеу қорлары мен ұйымдарында, консалтингтік және инвестициялық компанияларда қаржылық, ақша, несие нарықтарын зерттеу;

- жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызмет.

Кәсіби қызмет объектілері:

- барлық екінші деңгейдегі банктер, мемлекеттік кірістерді басқару органдары,

- - "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (Нұрсұлтан қ.)

- Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ және т. б. 

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Білім беру бағдарламасының мақсаты жоғары білікті, халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік бейімделуге қабілетті, бизнестегі қаржылық инновациялар саласында білімі бар мамандарды даярлау болып табылады.

Докторанттарды даярлаудың білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

- экономиканың заманауи бағыттары бойынша докторанттардың білім берудің жеке траекториясын таңдауы;

- ғылым мен педагогикалық қызметтің таңдалған бағытында теориялық және практикалық дайындықты тереңдету;

 - өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылық игеру қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, соның ішінде азаматтық ұстанымы бар, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар мамандарды даярлау;

- ЖОО-да оқыту, зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыру;

- ЖОО педагогикасы мен психологиясы саласында қажетті ең төменгі білім алу, сондай-ақ ЖОО-да оқыту тәжірибесі.

«Бизнестегі қаржылық инновациялар» білім беру бағдарламасы ұлттық біліктілік шеңберіне және кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленген, Дублиндік дискрипторлармен және Еуропалық біліктілік шеңберімен келісілген.

Оқыту сапасын арттыру және модульдік білім беру бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында Қаржы және банк ісі саласында тәжірибесі бар белгілі ғалымдар мен практикалық қызметкерлер шақырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және докторанттарды даярлау бағыттары бойынша білім алушылар үшін тиісті жағдай жасау үшін қаржылық мәселелер бойынша консультациялық орталық жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламаларының өзектілігі келесі жұмыс берушілердің докторантура пәндері бойынша жаңартылған модульдік білім беру бағдарламаларына, оқу-әдістемелік кешендерге рецензиялар қарастырылуымен және берілуімен расталады:

1) Сарсенбаев Б. А. - «JýsanBank» АҚ VIP орталығының басқарушы директоры, экономика және бизнес магистрі;

2) Т. А. Нұрсейіт - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бас менеджері.

3) Астана қаласы Сарыарқа ауданы МКД ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы - Д. Ерғалиева;

4) «Астана Құрылыс материалдары» АҚ жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Т. А. Шестакова  

Бағдарлама АРТА ұлттық рейтингтегі орны

Ұлттық рейтингтегі бағдарламаның орны (аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) – 1 

Қосымша сұрақтармен хабарласа алатын тұлғаның байланыстары:

Қаржы кафедрасының меңгерушісі

 Баймагамбетова Замзагул Баймагамбетовна

Байланыс үшін:

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, бас ғимарат, тел.: + 7 (7172) 395-807, e-mail:zamzagul968@mail.ru