Қаржы

Мамандықтың атауы: 5B050900 - "Қаржы"

Квалификациясы"Қаржы"мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

Оқу мерзімі: 4 жыл

Оқу түрі: күндізгі және сырттай

4 пән: География

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы: 

"Қаржы" мамандығы банк ісі, қаржылық менеджмент, салық және салық салу облысында кешенді білім береді.

Мамандықтың басты мақсаты – қазіргі Қазақстанның жағдайын ескере отырып, жоғары білікті мамандарды дайындау.

Қаржыгер қазіргі заманауи уақытта ең беделді мамандықтардың қатарына кіреді. Кез-келген коммерциялық ұйымның немесе кәсіпорынның мақсаты капиталды ұлғайту болғандықтан, бұл сфераның мамандары білім деңгейіне байланысты жоғары бағаланды.

Бұл мамандықтың түрін аяқтаған кез-келген түлек келесі қызмет түрлерін жетік меңгеруі тиіс. Олар: банктік қызмет, несие, сақтандыру, қаржылық басқару, ақша-несие айналымын реттеудің алғашқы сатысы, банктік және биржалық бизнес, кәсіби мансап үшін дайындалған ұйымдастыру және салық салу негізі, дербес жұмыс істеуге қабілетті қаржы жүйесінің мекемелерінде, ақшалай, қаржылық қатынастар саласындағы экономикалық жағдайдың дамуын болжау, қаржылық және несиелік қатынастар мен олардың кәсіби қызметінің перспективалық даму жағдайы.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы:

Біздің түлектерге банк саласында, қор биржасында, сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорлар мен басқа да қаржы институттарында жұмыс істеу үшін кең мүмкіндіктер бар. Олар  қаржы талдаушылары, инвестициялық кеңесшілер, қаржы директорлары, экономистер, банк ісі, салық органдары, сақтандыру  агенттері мен брокерлер ретінде жұмыс істей алады.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

"Қаржы "мамандығы студенттерге әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бухгалтерлік есепті жоспарлау тәртібі, кәсіпорынның қолма-қол ақша ағынын ұйымдастыру және басқару, инвестициялық қызмет, кәсіпорындар мен ұйымдардың және қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Мамандығы бойынша біздің бағдарлама бәсекелестерінен біршама артықшылықтарға ие.

Біріншіден, оқу бағдарламасы мәселелі тақырыптар бойынша дәріс оқуға, өзекті мәселелерді талқылауға шақырылатын жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып дайындалған.

Екіншіден, кафедра оқытушылары жыл сайын және әлемнің озық елдерінің ЖОО-да кәсіби біліктіліктерін  жоғарылатып отырады, ол ПОҚ құрылымының біліктілік деңгейін жоғарылатуға  мүмкіндік береді.

Үшіншіден, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлкен тәжірибеге ие (банктерде, салық органдарында, қазынашылықта, кәсіпорында және т.б), ол қазіргі заманғы теорияның тәжірибе жүзінде қолдануын қарастыруға қарастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның  АРТА  рейтингінде алатын орны

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті құрамындағы 5B050900 - "Қаржы" мамандығы Қазақстан Республикасында аталған мамандық бойынша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет ететін жоғары оқу орындары арасында АРТА (акредитациялау мен рейтинглеудің тәуелсіз агенттігі) бойынша 14  орын алады.

Аға эдвайзердің Т.А.Ж:   Баймагамбетова Замзагуль Аймагамбетовна

Email: zamzagul968@mail.ru, Байланыс телефоны: +7 (7172) 395-807

----------------------------------------------------------------------------------------

Мамандық атауы6М050900- "Қаржы "

Квалификация: "Қаржы" мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі.

Оқу мерзімі: Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистрлерді дайындау 2жыл;

кәсіптік бағыт бойынша магистрлерді дайындау 1 жыл.

Оқу түрі: Күндізгі

Білімін қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

«Қаржы» мамандығы түлектерді қаржа саласында кешендік базалық біліммен, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, банк және сақтандыру ісі, ақша айналымы, қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығы, салық және салық салу сұрақтарымен қамтамасыз етеді .

Мамандықтың негізгі мақсаты қаржы бөлімдері, өндірістік және бизнес компанияларының қаржы бөлімдерінде, қаржы институттарында (коммерциялық және инвестициялық банктер, инвестициялық компаниялар, сақтандыру компаниялары), сондай-ақ, болашаққа ұлттық экономиканың (мемлекеттік және әкімшілік)  игілігіне жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар дайындау. Магистратураның түлектері ақшалай-несиелік қатынастар, кәсіпорындардың қаржысын басқару, банк және сақтандыру ісі, салық және салық салу саласында кәсіптік біліммен қамтамасыз етеді, шаруашылық  субъектілерінің қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруды, ұлттық және жалпы әлемдік қаржылық жүйе саласында жоспарлау және  ақпараттармен жұмыс істеуге үйретеді.

Дағдылардың  қысқаша сипаттамасы:           

«Қаржы» мамандығы бойынша түлектері банктер, салық комитеттері, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және басқа да қаржы институттарының басшылары мен мамандары, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қаржы директорлары мен талдаушылары ретінде жұмысқа істейді. Магистр келесі практикалық проблемаларды шешуге қабілетті болуы тиіс:• компанияның қаржылық жағдайын талдау• қаржылық менеджменттің мәселелерді шешу • инвестициялық жобаларды бағалау• басқару есебінде бағдар алу• салық салу және салықтардың негізгі принциптерін түсіну• банктік және сақтандыру саласында бағдар  алу• банктерді, инвестициялық компаниялар мен қорларды және т.б.  басқара білу,• жылжымайтын мүлікті бағалау, қауіпсіздікті бағалау, компанияны  бағалау• қаржылық модельдерді ұсыну т.б. 

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

"Қаржы" мамандығы магистрларға әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бухгалтерлік есепті жоспарлау тәртібі, кәсіпорынның қолма-қол ақша ағынын ұйымдастыру және басқару, инвестициялық қызмет, кәсіпорындар мен ұйымдардың және қаржы ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Мамандығы бойынша біздің бағдарлама бәсекелестерінің артықшылығына ие:

Біріншіден, оқу бағдарламасы мәселелі тақырыптар бойынша дәріс оқуға, өзекті мәселелерді талқылауға шақырылатын жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып дайындалған.

Екіншіден, кафедра оқытушылары жыл сайын және әлемнің озық елдерінің ЖОО-да кәсіби біліктіліктерін  жоғарылатып отырады, ол ПОҚ құрылымының біліктілік деңгейін жоғарылатуға  мүмкіндік береді.

Үшіншіден, кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы үлкен тәжірибеге ие (банктерде, салық органдарында, қазынашылықта, кәсіпорында және т.б), ол қазіргі заманғы теорияның тәжірибе жүзінде қолдануын қарастыруға қарастыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның  АРТА  рейтингінде алатын орны

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті құрамындағы 6М050900- "Қаржы" мамандығы Қазақстан Республикасында аталған мамандық бойынша білім беру бағдарламасы бойынша қызмет ететін жоғары оқу орындары арасында АРТА (акредитациялау мен рейтинглеудің тәуелсіз агенттігі) бойынша 6 орын алады.

Аға эдвайзердің Т.А.Ж:   Баймагамбетова Замзагуль Аймагамбетовна, 

Email: zamzagul968@mail.ru, Байланыс телефоны: +7-7172-395-807

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Мамандықтың атауы: «Қаржы»

Біліктілігі: 6D050900-«Қаржы» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы

Оқу мерзімі: 3 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Білімін      қолдану саласының қысқаша сипаттамасы:

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ қазіргі таңда ел экономикасында басымдылыққа ие бағыттағы АӨК қажеттіліктер есебімен қаржыгерлер дайындауға бағытталған. «Қаржы» кафедрасының жоғары біліктілікті профессорлық-оқытушылар құрамы, оның дәрежелілігі, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базасы көпсатылы университеттік білім беру шарттарында бәсекеге қабілетті мамандар – 6D050900-«Қаржы» мамандығы бойынша (PhD) философия докторларын дайындауға мүмкіндік береді. «Қаржы» мамандығы бойынша (PhD) докторантурасы модульді білімдік бағдарлама болып табылады және МЖМБС (13.05.2016ж. №292 ҚР БҒМ Бұйрығы) негізінде өз қызметін жүзеге асыруда.

«Қаржы» мамандығы бойынша (PhD) философия докторлары өз алған білімдерін ғылыми, педагогикалық, кәсіби қызметшілігінде қолдана алады. Бітірушілердің қызмет ету аясы болып өнеркәсіп мекемелері мен сауда фирмалары, банктер, инвестициялық, трасттық және сақтандыру компаниялары, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар, брокерлік фирмалар мен биржалар болып табылады. Оқу бағдарламасын аяқтау кезінде бітірушілер мынадай жұмыстарға орналасу бойынша мүмкіндіктерге ие болады: қаржылық жоспарлау мен есеп беру, бизнестің қаржылық ағымдарын басқару бойынша жауапты қаржылық директорлар; кәсіпорынның қаржылық және инвестициялық қызметін талдау және сонымен қатар, олардың экономикалық тиімділігін жоспарлау және жоғарылату бойынша ұсыныстар өңдеуді жүргізетін қаржылық және инвестициялық сарапшылар; әртүрлі әдістемелер мен басқарудың барлық тәжірибелік шараларының, көрсетілген мерзімінде және бөлінген қаржыландыру аясында нақты іске асыруға дейінгі мол тәжірибесінің көмегімен жүргізуді қамтамасыз ететін әртүрлі жобалардың жетекшілері; кәсіпорынның қаржылық қызметі саласында болуы мүмкін шығындарды азайтуға бағытталған басқармалық шешімдер қабылдаушы тәуекел-менеджерлері; қаржылық қызметтер аясында көптеген сұрақтар бойынша жетекшілерге кеңес беру қызметін жүргізе алатын корпоративті тренерлер.

Дағдылардың  қысқаша сипаттамасы:      

Докторанттар оқыту ЖОО педагогикасы мен психологиясы, ЖОО-да сабақ беру әдістемелері, ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу машықтарын, сонымен қатар, қаржы саласында кәсіби білімге ие жоғары білікті мамандар дайындауға бағытталған. PhD докторантурада оқу процесінде докторанттарда қалыптасатын машықтары – потенциалды мәмілелерді іздеу және таңдау, инвестициялық жобаларды кешенді талдау; экономиканың әртүрлі салалары мен секторларында жобалар портфелін басқару, мәмілелерді құрылымдау және рәсімдеу;  кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткіштеріне талдаулар жасау; нәтижелілігінің көрсеткіштерін жақсарту бойынша ұсыныстар жасау; инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде, болашақтағы табыстар мен шығындарды есептеу кезінде алда қолдану мақсатында қаржылық ақпараттарға талдаулар жүргізу; келісімшарттар жасау барысында мақсаттылығына талдаулар жасау; қаржылық зерттеулер мен қаржылық тәуекелдер деңгейіне бағалаулар жүргізу; қаржы салымдары мен сату-сатып алулар бойынша операциялардың нақты уақыттары туралы ұсыныстар дайындау; қаржылық есеп берулер мен рыноктың негізгі даму тенденцияларына бақылау жүргізу; рыноктық конъюнктура есебімен ұйымның даму перспективалары мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес қаржыларын басқару.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

«Қаржы» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқыту бағдарламасы «Экономикалық зерттеулер әдістемесі» сияқты міндетті бағдарламаны меңгеруді білдіреді. Бұл пән диссертация жазу барысында әртүрлі ақпарат көздерінен кәсіби ақпараттар алу жинау бойынша қажетті дағдыларды, ғылыми зерттеулердің әртүрлі кең спектрін қолдана отырып, алынған ақпараттарды талдау бойынша дағдыларды қалыптастырады. Таңдау бойынша пәндер, оқыту бағдарламасында қарастырылғандай – ислам банкингінің құралдарын қолдану тәжірибесін зерттеуді, капитал салымының әртүрлі нышандарымен байланысты қаржылық нарықта инвестициялық стратегияларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын табудың тәсілдерін зерттеу;  АӨК қаржылық механизмінің қызмет етуі және оны жетілдіру жолдарын өңдеудің теориалық аспектілерін зерттеу; трансұлттық компаниялардың қаржыларын ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттеу; банк жүйесінің тұрақтылығын қалыптастыру және салымшылар мен кредиторлардың мүддесін қорғау негіздерін меңгеру.

Оқыту сапасын жоғарылату және оқыту бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында қаржы және банк ісі саласында еңбек өтілі жоғары белгілі оқымыстылар мен тәжірибелік қызметкерлер шақыртылуда. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ еңбек нарығының, нақты жұмыс берушілердің сұраныстарына дереу жауап бере алады, оқыту бағасы қол жетімді, қашықтықтан оқыту технологиялары ендірілген, университет Астана қаласының ең мықты және бұрынғы университеті ретінде жағымды имидж қалыптастырған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін және білім алушыларға қажетті жағдайларды жасау үшін оның жұмысына ғылыми-өндірістік конференциялар, республикалық ғылыми тапсырмалар мен халықаралық бағдарламалар  жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысу, кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға ғылыми-өндірістік қызмет көрсетулер кіретін Аграрлық дамудың экономикалық мәселелерін зерттеу орталығы құрылған (ЦЕПАР).

Байланысу: 

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Женіс даңғылы, 62, басты корпус, Тел.: +7 (7172) 395-807, e-mail: zamzagul968@mail.ru