Главная / Образовательные программы / Фитосанитарлық қауіпсіздік- бакалавриат
Фитосанитарлық қауіпсіздік- бакалавриат

Фитосанитарлық қауіпсіздік- бакалавриат

Білім беру саласының коды және классификациясы: 6B08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстары»

Дайындау бағытының коды және классификациясы: 6B081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже:  «Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы бакалавры

Оқу мерзімі:  4 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты – білім алушының кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту, сонымен қатар «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша мамандарды дайындау талаптарына сәйкес кәсіби және жалпы мәдени құзыреттілігін қалыптастыру және жұмыс берушілердің талаптарын орындау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Әлеуметтік - кәсіби біліктілігін, академиялық үйлестіруге ерік беру, кәсіби, әлеуметтік-жеке құзыреттілік міндетін шешу үшін кәсіби және әлеуметтік қызмет саласында; патриоттық рухын көтеру, Қазақстан Республикасы халықтар достастығын, әртүрлі мәдениетті, салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыру және дамыту;
  2. Ауыл шаруашылығы саласында табиғатты қорғау және ресурс мәселелерін дұрыс шешу мақсатында заманауи тұрақты табиғатты қолдануды бағалау жүйесінің негізінде экологияны ойлауды бағдарлау;
  3. Ауыл шаруашылығын басқару заманауи жағдайда агрофитоценоздың қызметін тұрақты қамтамасыз ету үшін алған білімін тиімді қолдану, өсімдік карантинінің маңызын, фитосанитарлық жағдайын тұрақтандыру және оның адам тіршілігіне, салауатты өмір салтын құруға, өсімдік қорғау әдістері мен құралдары туралы білімін қалыптастыру;
  4. Белсенді кәсіби қызметкер, міндеттер қою, шешім қабылдау және шешу, мекемені қызметпен қамту және жоспарлау, оның әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салдарын ескере отырып қалыптастыру;
  5. Шетелдердегі және Қазақстандағы ғылыми мекемелердегі ғалымдардың ауыл шаруашылығы тәжірибесінде эксперименталды және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жалпылау, ғылыми жетістіктерін және ғылыми тәжірибенің нәтижелерін талдау және жинақтау;
  6. Бітіруші түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасуын жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін нарықтағы бәсекелестік қабілеттілігін арттыру, бітіруші түлектердің үздіксіз кәсіби дайындығын және өмірінде адамгершілікті жетілдіріп отыруын қалыптастыру.

 

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің сұранысы бойынша мамандыққа деген қажеттіліктің туындауының негізінде жасалды. Өсімдік қорғау саласында кәсіби және бейіндік құзыреттілік, жалпымәдени қабілетке ие болуы, нарықта мамандықтың сұраныста болуы және әлеуметтік желіге ықпалын білуі.  

«Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша дайындау бағыты: 6B081 – «Өсімдік шаруашылығы» Ұлттық біліктілікті көтеру шеңберінде және өсімдік қорғау және карантин бойынша кәсіби стандарт қызметіне (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің №20/58 бұйрығы 2014 жыл 21 қаңтар) сәйкес жасалған. Сонымен қатар Еуропалық біліктілікті көтеру шеңберінде Дублин дескрипторларымен келісілген.

Новый Білім беру бағдарламасы модульдік жүйе негізінде жоспарланған, 15 модульден және пәндерді оқытудан тұрады. Оқудың теориялық бөлімінде 240 кредитті игеруі қажет, оның ішінде кәсіби тәжірибеге 18 кредит, қорытынды аттестацияға 12 кредит бөлінген. 

«Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген түлектер өздерінің кәсіби қызметтерін мемлекеттік фитосанитарлық қауіпсіздік саласында, ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында, барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында өсімдік шаруашылығы бағытында, фитосанитарлық диагностика және болжау орталықтарында, карантиндік зертханаларда, интродукциялы-карантиндік көшетханаларда, токсикологиялық бақылау зертханаларында, биофабрикалар мен биологиялық әдіс зертханаларында, карантиндік шекара посттарында, өсімдік қорғау заттары мен техникаларды таратушы коммерциялық фирмаларда; пестицидтер өндіруші фирмаларда, ландшафт дизайны және көгалдандыру фирмаларында, аса қауіпті және карантиндік ағзаларды жоятын отрядтарда, сол сияқты еліміздің агроөнеркәсіптік сферасында жүзеге асырады.

Кәсіптік әрекет ету аясы

«Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриатын бітірген түлектер кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, Қазақстан Республикасы территориясы, өсімдік қорғау және карантин саласы аясында ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөндірістік кешендегі қадағалау және мемлекеттік бақылау, Өсімдік қорғау және карантин бойынша аймақтық деңгейде (облыстық және аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары) ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша шаралар мен бағдарламалардың орындалуы бойынша міндеттерді орындау, мамандық бойынша орта білім беру мекемелеріндегі білім беру құзіреті, пестицидтер тарату, пестицидтерді өндіру, биоагенттерді көбейту және оларды тарату, фитосанитарлық мониторинг және өсімдік карантині саласында болжау жүргізу, зиянкестер мен ауруларға және арамшөптерге қарсы қорғау шараларын жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізе алады.

Кәсіби құзыреттілігі

Білу және түсіну: заңдар, ережелер, ҚР өсімдік қорғау және карантин бойынша қаулылар және нормативтік және құқықтық актілер, ауыл шаруашылығы алқаптарында және егістіктерінде (карантиндік нысандарды қоса есептегенде) аурулар мен зиянкестерге, арамшөптерге қарсы күресу шараларын жүзеге асыру үшін фитосанитарлық мониторинг жүргізу әдістемесін білуі, кәсіби білімі мен іс жүзіндегі тәжірибесі (кәсіби саласында теориялық және практикалық білімі кең ауқымда), бүріккіш техникалар мен құралдарды білуі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техника ережесін білуі,   Қазақстандағы өсімдік қорғау және карантин саласының болашағы мен заманауи жағдайын, аса қауіпті, зиянды ағзалар және карантиндік нысандардың фитосанитарлық мониторинг әдістерін, пестицидтердің ассортименті және оларды  қолдану технологиясын, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және ұйымдастыру ережелерін білуі.

Білу: ауыл шаруашылығы алқаптарында және егістіктерінде (карантиндік нысандарды қоса есептегенде) аурулар мен зиянкестердің, арамшөптердің таралу ошақтарын белгілеу,  Қазақстан Республикасы территориясында олардың таралу аймақтарын анықтау, фитосанитарлық есепке алу және есептеуге дағдылану, алқаптар мен егістіктерде фитосанитарлық жағдайына бағалау жүргізу және өсімдік карантині бойынша қорғау шараларын жүргізудің қажеттілігін анықтау, зиянды ағзалардың жаппай көбеюі мен таралуын болжау, сондай-ақ күресу мерзімін жариялау сигналдарын жіберу, аурулар мен зиянкестерге және арамшөптерге қарсы қорғау және карантиндік шараларды мақсатты жүргізу бойынша шешімдер шығару және  оны іске асыру,  карантинге жататын өнімдер экспертизасы мен карантиндік тексеріс жүргізу, пестицид қолданғаннан кейін құрылғылар мен аппараттарды, техникаларды, транспорттық құралдарды зарарсыздандыру, карантиндік нысандардан карантинге жатқызылған өнімдерді зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу.

Игеруі: Карантинге жатқызылған өнімдердің экспертизасы және карантиндік тексеріс жүргізудегі аурулар мен зиянкестерге және арамшөптерге қарсы қорғау шараларын жүргізуге дағдылану, өсімдік қорғау және карантин саласы бойынша заңнаманы қолдану, тұқымды себер алдында пестицидтермен өңдеу, қоймаларды және сақтайтын орындарды, химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, пестицидтермен жұмыс істеу үшін жеке қорғану құралын, арнайы киімдерді, материалдық-техникалық құралдарды, және пестицидтердің қажеттілігін анықтау, тиімді пайдаланумен қамтамасыз ету, дұрыс сақтау және бақылау жүргізу, қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмысшыларға заңнаманы сақтауын талап ету, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және сақтау, ауыл шаруашылығы дақылдарының (карантиндік нысандарды қоса есептегенде) аурулары мен зиянкестерге және арамшөптерге қарсы фитосанитарлық күресу шараларын жүргізу кескіні мен жоспарын жасау.