Главная / Образовательные программы / Фитосанитарлық оңтайландыру
Фитосанитарлық оңтайландыру

Фитосанитарлық оңтайландыру

Білім беру саласының коды және классификациясы: 7M08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстары»

Дайындау бағытының коды және классификациясы 7M081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Фитосанитарлық оңтайландыру» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы магистрі

Оқу мерзімі: 1,5 жыл

          Білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттарда кәсіби-тұлғалық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратындай және «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша мамандарды дайындау талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби компетенцияларды қалыптастыру. Агроном, өсімдік қорғау бойынша агроном, агрохимик, топырақтанушы біліктіліктілігі бар мамандардың әртүрлі агроэкологиялық жағдайларда ауылшаруашылығы дақылдарын қорғау саласында еңбек қызметін орындау үшін қажет кәсіби компетенцияларды жетілдіру.

          Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Кәсіби және әлеуметтік қызмет шеңберінде тапсырмаларды шешу үшін академиялық, кәсіби, әлеуметтік – жекелей компетенцияларды үйлестіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-кәсіби компетенцияларды қалыптастыру мен дамыту; Қазақстан Республикасының халықтар достастығынын, өзге халықтар мәдениетін, салт дәстүрін сыйлайтын, патриоттық рухта тәрбиелеу;
  2. Ауыл шаруашылығы саласында табиғатты қорғау және ресурстық мәселелерін дұрыс шешу мақсатында заманауи табиғатты қорғауды тұрақты дамыту құндылықтар жүйесі негізінде экологиялық ойлауды дамыту;
  3. Өсімдіктерді қорғау тәсілдері мен жадығаттары туралы білімді қалыптастыру, фитосанитарлық жағдайды тұрақтандыруда карантиннің маңызын түсіндіру, агрофитоценоздың тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде ауыл шаруашылығын жүргізуді үйрету.
  4. Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық әсерін есепке ала отырып қызметті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жоспарлауды, тапсырмаларды айқындау мен шешуді, белсенді кәсіби қызметті қалыптастыру; 
  5. Ауыл шаруашылығы тәжірибесінде, эксперименттік-зерттеу жұмыстарында ғылыми жетістіктерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
  6. Мамандық бойынша жұмысқа жылдам тұру үшін түлектердің бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру. Болашақ мамандарды үзіліссіз кәсіби қызметпен айналысуларына және өздерін жетілдірулеріне және дамуларына дайындау. 

  Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Фитосанитарлық оңтайландыру» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің өтініштері бойынша құрастырылып, жасалды. Себебі қазіргі таңда өсімдік қорғау саласы бойынша жалпы мәдени, кәсіби және профильдік компетенцияларға ие мамандарға деген сұраныс артып отыр.

  7М081 – «Өсімдік шаруашылығы» дайындау бағытының «Фитосанитарлық оңтайландыру» білім беру бағдарламасы өсімдік қорғау және карантин қызметі бойынша біліктілік пен кәсіби стандарттың Ұлттық шеңбері бойынша құрастырылған (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 21 қаңтарындағы №20/58 бұйрығымен бекітілген), сондай-ақ, Еуропалық біліктілік шеңберінің Дублин дескрипторларымен келісілген.

Кәсіптік әрекет ету аясы

 «Фитосанитарлық оңтайландыру» білім беру бағдарламасы магистратурасының түлектерінің кәсіби қызметтерінің объектілері болып  табылады: Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Мемлекеттік Инспекция Комитеті Республикалық «Фитосанитарлық диагностика мен болжамдардың Республикалық әдістемелік орталығының»  Мемлекеттік мекемесінің аудандық және облыстық бөлімшелері, «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Республикалық өсімдік карантині орталығының» Мемлекеттік мекемесінің облыстық және қалалық бөлімшелері, ауыл шаруашылығы департаментінің аудандық және облыстық бөлімшелері, ірі, орташа, ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдары, әр түрлі пестицидтерді, биоагенттерді шығарып, шаруашылықтарға сататын фирмалар; ғылыми-зерттеу институттары. 

Кәсіби құзыреттілігі

Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларын бақылау мен есепке алуды; олардың таралу ареалын анықтауды; агротехникалық, селекциялық-тұқымшаруашылық іс-шараларды есепке ала отырып заманауй химиялық, биологиялық жадығаттарды тиімді қолдануды; өсімдік қорғау бойынша машиналар мен қондырғыларды басқаруды; карантинді ағзаларды анықтағанда фитосанитарлық сараптама тәсілдерін жасауды; ауылшаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларын анықтаудың заманауи диагностикалық тәсілдерін қолдануды.