Главная / Образовательные программы / Фитосанитарлық мониторинг- магистратура
Фитосанитарлық мониторинг- магистратура

Фитосанитарлық мониторинг- магистратура

Білім беру саласының коды және классификациясы: 7M08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстары»

Дайындау бағытының коды және классификациясы 7M081 – «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Фитосанитарлық мониторинг» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі

Оқу мерзімі: 2 жыл

 Білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттарда кәсіби-тұлғалық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратындай және «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша мамандарды дайындау талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби компетенцияларды қалыптастыру.

  Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- магистранттардың дайындығын іске асыратын кафедра қызметімен байланысты ғылыми, педагогикалық және тәжірибелік жұмыстар;

- уақытылы ғылыми, тәжірибелік, білім беру мәселелерін құрастыра алатын және шешімін таба білетін, әр түрлі ауылшаруашылығы ұйымдарда ғылыми зерттеу мен басқару жұмыстарын жүргізе алатын,  ауыл шаруашылығы бағыты бойынша орта мамандықты, орта-техникалық оқу орындарында, ЖОО – да сабақ бере алатын кәсіби мәдениет деңгейі жоғары мамандарды дайындау;

- өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, одан әрі қарай докторантураға түсу үшін қажетті білімді беру; 

 - магистранттың өзін өзі кәсіби тұрғыдан жетілдіруіне, дамытуына, сондай - ақ, жаңа білімді меңгеруіне дағдылар мен қасиеттерді беру;

 - жоғары оқу орынының психология және педагогика бағыты бойынша қажет минимум білімді, ЖОО-да, орта – техникалық оқу орындарында сабақ беру тәжірибесін қалыптастыру.

  Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Фитосанитарлық мониторинг» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің өтініштері бойынша құрастырылып, жасалды. Себебі қазіргі таңда өсімдік қорғау саласы бойынша жалпымәдени, кәсіби және профильдік компетенцияларға ие мамандарға деген сұраныс артып отыр.

7М081 Өсімдік шаруашылығы дайындау бағытының «Фитосанитарлық мониторинг» білім беру бағдарламасы өсімдік қорғау және карантин қызметі бойынша біліктілік пен кәсіби стандарттың Ұлттық шеңбері бойынша құрастырылған (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 21 қаңтарындағы №20/58 бұйрығымен бекітілген), сондай-ақ, Еуропалық біліктілік шеңберінің Дублин дескрипторларымен келісілген.   

Новый Білім беру бағдарламасы пәнді модульдік жүйе негізінде оқытуға құрастырылған және 5 модульден тұрады.  Барлығы 120 кредит қарастырылған, оның ішінде 84 кредит теориялық оқытуға, 24 кредит ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибеге, 12 кредит қорытынды аттестацияға бөлінген.

Кәсіптік әрекет ету аясы

 «Фитосанитарлық мониторинг» білім беру бағдарламасы магистратурасының түлектерінің кәсіби қызметтерінің объектілері болып  табылады: Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Мемлекеттік Инспекция Комитеті «Фитосанитарлық диагностика мен болжамдардың Республикалық әдістемелік орталығының»  Республикалық Мемлекеттік Мекемесінің аудандық және облыстық бөлімшелері, «Фитосанитария» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны, «Республикалық өсімдік карантині орталығының» Мемлекеттік мекемесінің облыстық және қалалық бөлімшелері, ауыл шаруашылығы департаментінің аудандық және облыстық бөлімшелері, ірі, орташа, ұсақ ауыл шаруашылығы құрылымдары, әр түрлі пестицидтерді, биоагенттерді шығарып, шаруашылықтарға сататын фирмалар; аграрлық және биологиялық профильде мамандарды дайындайтын Жоғары Оқу Орындары, орта мамандықты кәсіби-техникалық білім беру орындары, сондай-ақ, ғылыми-зерттеу институттары.

Кәсіби құзыреттілігі

«Фитосанитарлық мониторинг» білім беру бағдарламасының магистрларына қойылатын базалық компетенциялар.  Ғылыми және педагогикалық даярлық барысында Қазақстанда өсімдік қорғау және карантин саласының жалпы жағдайын және оның дамуы болашағы туралы негізгі білімді; өсімдік қорғау және карантин саласы бойынша әлемде болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді; өсімдік қорғау және карантинде қолданылатын заманауи приборлар мен қондырғыларды; ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктеріне зиянды ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізуді; өсімдік қорғау және карантин мамандығы бойынша берілетін пәндерді білулері тиіс. Агроценоздың фитосанитарлық жағдайын басқарудың ғылыми әдістерін; өсімдік қорғау және карантинде тәжірибе ісінің әдістемесінің ғылыми негіздерін;  өсімдік қорғау және карантин бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі кезеңдерін жоспарлауды; карантинді қызметтің нормативті құқықтық базасын; өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік іс шаралар анықталып, орындалатын карантинді объектілер тізімін; Өсімдік қорғауда заманауи биотехнологиялық әдістерді оқып, біліп, меңгерулері тиіс. Оқыту нәтижесінде өсімдік қорғау және карантин бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізуді; зерттеулерде заманауи приборлар мен қондырғылармен жұмыс істеуді; зиянды ағзаларға қарсы фитосанитарлық мониторингті және фитосанитарлық іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді, сондай-ақ, аса қауіпті зиянды ағзалардың дамуы мен таралуын анықтауды; мемлекетке сырттан кіретін және шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне карантинді тексерулерді, зертханалық сараптамалар мен фитосанитарлық сертификациялауды жүргізіп, жасауды; өсімдік қорғау және карантин пәндері бойынша сабақ жүргізуді істей алулары тиіс.