Главная / Образовательные программы / Гербология (магистратура)
Гербология (магистратура)

Гербология (магистратура)

Білім беру саласының коды және классификациясы: 7M08 – «Ауыл шаруашылығы және биоресурстары»

Дайындау бағытының коды және классификациясы 7M081-  «Өсімдік шаруашылығы»

Берілетін дәреже: «Гербология» білім беру бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы магистрі

Оқу мерзімі: 1,0 жыл

Білім беру бағдарламасының мақсаты – магистранттарда кәсіби-тұлғалық қасиеттерді дамыту, сондай-ақ, жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратындай және «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша мамандарды дайындау талаптарына сәйкес жалпы мәдени және кәсіби компетенцияларды қалыптастыру.

  Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  1. Кәсіби және әлеуметтік қызмет шеңберінде тапсырмаларды шешу үшін академиялық, кәсіби, әлеуметтік – жекелей компетенцияларды үйлестіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-кәсіби компетенцияларды қалыптастыру мен дамыту; Қазақстан Республикасының халықтар достастығынын, өзге халықтар мәдениетін, салт дәстүрін силайтын, патриоттық рухта тәрбиелеу;
  2. Ауыл шаруашылығы саласында табиғатты қорғау және ресурстық мәселелерін дұрыс шешу мақсатында заманауи табиғатты қорғауды тұрақты дамыту құндылықтар жүйесі негізінде экологиялық ойлауды дамыту;
  3. Өсімдіктерді қорғау тәсілдері мен жадығаттары туралы білімді қалыптастыру, фитосанитарлық жағдайды тұрақтандыруда карантиннің маңызын түсіндіру, агрофитоценоздың тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде ауыл шаруашылығын жүргізуді үйрету.
  4. Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық әсерін есепке ала отырып қызметті қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жоспарлауды, тапсырмаларды айқындау мен шешуді, белсенді кәсіби қызметті қалыптастыру; 
  5. Ауылшаруашылығы тәжірибесінде, эксперименттік-зерттеу жұмыстарында ғылыми жетістіктерді қолдану дағдыларын қалыптастыру;
  6. Мамандық бойынша жұмысқа жылдам тұру үшін түлектердің бәсекелік қабілеттілігін қалыптастыру. Болашақ мамандарды үзіліссіз кәсіби қызметпен айналысуларына және өздерін жетілдірулеріне және дамуларына дайындау.

 

Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы

«Гербология» білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің өтініштері бойынша құрастырылып, жасалды. Себебі қазіргі таңда өсімдік қорғау саласы бойынша жалпы мәдени, кәсіби және профильдік компетенцияларға ие мамандарға деген сұраныс артып отыр.

7М081 – «Өсімдік шаруашылығы» дайындау бағытының «Гербология» білім беру бағдарламасы өсімдік қорғау және карантин қызметі бойынша біліктілік пен кәсіби стандарттың Ұлттық шеңбері бойынша құрастырылған (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 21 қаңтарындағы №20/58 бұйрығымен бекітілген), сондай-ақ, Еуропалық біліктілік шеңберінің Дублин дескрипторларымен келісілген.

НБілім беру бағдарламасы пәнді модульдік жүйе негізінде оқытуға құрастырылған және 3 модульден тұрады.  Барлығы 60 кредит қарастырылған, оның ішінде 25 кредит теориялық оқытуға, 10 кредит өндірістік тәжірибеге, 13 кредит ғылыми-зерттеу жұмыстарына, 12 кредит қорытынды аттестацияға бөлінген.

«Гербология» білім беру бағдарламасын меңгерген түлектер кәсіби қызмет жолдарын келесі орындарда жүргізе алады: мемлекеттік қызметте; ҚР АШМ қарасты ғылыми-зерттеу ұйымдарында;  өсімдік шаруашылығы бойынша барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында; фитосанитарлық диагностика мен болжамдар орталықтарында; карантин зертханаларында; таксикологиялық-бақылау зертханаларында; биологиялық әдістер зертханаларында, биофабрикаларда; шекаралық карантиндік бекеттерде; Өсімдік қорғау бойынша техникалар мен жадығаттарды жеткізетін, сататын фирмаларда; пестицидтерді шығаратын және шаруашылықтарға сататын фирмаларда; көгалдандыру мен ландшафттық дизайн фирмаларында, жалпы айтқанда еліміздің агроөндірістік кешенінің барлық салалары бойынша сұранысқа ие.

Кәсіби құзыреттілігі

Келесідей кәсіби дағдыларға ие болуы тиіс: ауылшаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларын бақылау мен есепке алуды; олардың таралу ареалын анықтауды; агротехникалық, селекциялық-тұқым шаруашылық іс-шараларды есепке ала отырып заманауи химиялық, биологиялық жадығаттарды тиімді қолдануды; өсімдік қорғау бойынша машиналар мен қондырғыларды басқаруды; карантинді ағзаларды анықтағанда фитосанитарлық сараптама тәсілдерін жасауды; ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды ағзаларын анықтаудың заманауй диагностикалық тәсілдерін қолдануды.