Главная / Образовательные программы / Ақпараттық жүйелер және АT салалар бойынша шешімдер
Ақпараттық жүйелер және АT салалар бойынша шешімдер

Ақпараттық жүйелер және АT салалар бойынша шешімдер

Білім беру саласының коды және жіктелуі:

7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дайындық бағыттарының коды мен жіктелуі:

7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуінің коды: 0610

Біліктілігі: магистр

Оқу мерзімі: 1,5; 1; 2 жыл

Оқу түрі: Күндізгі

Білімді қолдану саласының қысқаша сипаттамасы: Әр түрлі мақсаттағы бағдарламалық өнімдерді өнеркәсіптік әзірлеудің заманауи әдістерін, құралдары мен технологияларын меңгерген, инженерлік қызметті және бағдарламалық жүйелердің өмірлік циклінің процестерін басқаруға қабілетті АТ-мамандарын дайындау жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті міндеті болып табылады.

Білім беру бағдарламасы заманауи технологиялар негізінде ақпараттық жүйелерді жобалаудың жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу, Ақпараттық жүйелер мен технологияларды жобалау, енгізу және сүйемелдеу үдерістерін авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыру, ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында салаларда кәсіби қызмет объектілерінің теориялық және эксперименталдық модельдерін әзірлеу және зерттеуді жүргізу дағдылары мен іскерліктерін меңгеруге бағытталған Ақпараттық жүйелер мен технологияларды әзірлейтін кәсіпорындар үшін әртүрлі пікірлер жағдайында басқару шешімдерін қабылдау, стандартты емес міндеттерді шешу әдістерін және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып дәстүрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістерін әзірлеу.

Дағдылардың қысқаша сипаттамасы

Осы мамандық бойынша оқу барысында студенттер келесі дағдыларды алады:

- білім беру (педагогикалық, оқу-тәрбие) ;

- өндірістік-басқарушылық;

- ұйымдастыру-технологиялық;

- ғылыми-зерттеу;

- жобалау.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны

Білім беру бағдарламасының мақсаты: 2018-2022 жж. арналған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген экономиканың түрлі салаларында ақпараттық технологиялар мен жүйелерді зерттеу, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу бойынша мамандар даярлау және ақпараттық жүйелер саласында білім алушыларда оның кәсіби қызметін қамтамасыз ететін құзыреттерді қалыптастыру.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

барлық кезеңдерінде эксперимент жүргізу шеңберінде магистранттардың өзіндік ізденіс-зерттеу іс-әрекеті үшін алғышарттар жасау;

- ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жалпылау;

- білім алушыларда ақпараттық ресурстарды және ұйымдастыру жүйелерін басқару процестерін тиімді ұйымдастыру үшін ақпараттық жүйелерді жобалау және басқару принциптері туралы білімді қалыптастыру, сонымен қатар экономика салаларының нақты мәселелерін шешуге магистранттардың қатысуы.

Магистранттар алған ақпараттық жүйелер мен технологияларды әр түрлі пәндік салаларда әзірлеу дағдылары түлектерге экономиканың әр түрлі салаларында заманауи ақпараттық ағындарда динамикалық өзгеретін үрдістерге бейімделуге және бағдарлануға көмектеседі.

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ғылым мен тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделеді,тиісті білім саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді.

Бітіруші "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін докторантурада оқуын жалғастыра алады.

«Ақпараттық жүйелер және АT салалар бойынша шешімдер» білім беру бағдарламасы бойынша келесі оқытушылар жүргізеді:

Абдыгаликова Гульнар Ахмадиевна
Айдынов Зейн Пшенбаевич
Айтимова Улзада Жолдасбековна
Жаныс Арай Бошанқызы
Исмаилова Айсулу Абжаппаровна
Омаркулов Кубыла Агперлевич
Сатыбалдиева Айжан Жанабековна
Сулейменова Рая Занаддиновна


Аға эдвайзер: Мименбаева Айгуль Биляльевна, тел. +7(7172) 38-43-23, E-mail aigulka­79_79 @mail.ru